Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


ЭКСПО дүниежүзілік көрмесі және Қазақстан

12 тамыз 2015, Сәрсенбі
Категориясы: География
Алматы облысы,
Панфилов ауданы, Кішішыған ауылы.
География пән мұғалімі: Гүлнар Джанаева

Тақырыбы: "ЭКСПО дүниежүзілік көрмесі және Қазақстан"
Мақсаты:
Білімділік: 1851 жылдан бастау алып келе жатқан дүниежүзілік көрмелер тарихымен таныстыра отырып, 2017 жылы Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесінің біздің еліміз үшін қажеттілігі мен маңыздылығы туралы білім қалыптастыру.
Дамытушылық: Отанымызда ЭКСПО - 2017 көрмесін өткізу үшін жүргізіліп жатқан шараларға өз ой - пікірін білдіру қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Отанымыз жетістіктеріне мақтаныш сезімін ояту.
Сабақтың әдісі: жарыс сабақ
Сабақтың түрі: топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, оқулық

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Барысы: 1."Тәуелсіздік және ЭКСПО" Сабақтың эпиграфы: «Бұл Қазақстан үшін үлкен құрмет және қуанышты оқиға. Астанада «ЭКСПО - 2017» көрмесін тұрғызамыз, өз экспозициямызды заманауи технологиямен қамтамасыз етеміз. Бұл әдемі нысан жаңа Елордамыздың ең үздік бренді болады» Н. Ә. Назарбаев.

Жаңа сабақ:
Дамыған елдер соңғы бір жарым ғасырдан бері бір - біріне жетістіктерімен мақтанып, табыстарын таразылап қою үшін өзара бас қосып, барын базарлап отыруды дәстүрге айналдырып келеді. Бұл дәстүр ел арасында халықаралық көрме немесе ЭКСПО деп аталады. ЭКСПО атауы өзінің аты айтып тұрған,"экспонат" деген сөзден шыққан, қазақшасы - жәдігер. Дүние жүзі халықтарының өмірдің түрлі саласында қол жеткізген жетістіктерін, жәдігерлерін көрсететін алаң. Бүгінде бұл көрмеге дүниежүзінің 161 мемлекеті мүше болып отыр. Оның жұмысын ұйымдастыру үшін арнайы Халықаралық Көрмелер Бюросы (ХКБ) құрылған. Штаб пәтері Парижде орналасқан. Қазақстан ХКБ - ға 1997 жылы мүше болып кірді. Жалпы, ЭКСПО көрмесінің екі түрі бар. Оның бірі - халықаралық әмбебап көрме. Ол бес жылда бір рет өткізіледі. Келушілер көрмеге қойылған экспонаттарды алты ай бойы тамашалай алады. Екіншісі - халықаралық мамандандырылған көрме. Ол белгілі бір тақырыпқа арналып, 2 - 2, 5 жылда бір рет өткізіледі. Мерзімі – үш ай. Қазақстанның әлем елдері үшін өткізетіні байқауы да – соңғысы. Мамандандырылған халықаралық көрменің өтетін уақыты 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегінің аралығы деп белгіленді.

Оқушылар 2 топқа бөлінеді: 1 - топ: «Жел энергетикасы»
2 - топ:«Күн энергетикасы»
Сайыс төрт кезеңнен тұрады:
1 - кезең: Дүниежүзілік көрменің тарихы
2 - кезең: Баламалы энергия көздерін қолдану және пайдалану
3 - кезең: Баламалы энергетиканың жүзеге асырылуы
4 - кезең: ЭКСПО - 2017 жобалары
Кезең бойынша әр топ тақырыпқа талдау жасайды.
Жобаның түпкі ойы
Ауа райы өзгеруімен және көмірқышқыл газының шығарылуымен күресу
Балама қуат көздерін пайдалануға ынталандыруға бағытталған, оның ішінде қалпына келтірілетін қуат көздерін пайдалану және энерготиімділік жөніндегі бағдарламаларды енгізу.
Энергиямен қамту сенімділігін қамтамасыз ету

ҚОРЫТЫНДЫ:
ЭКСПО көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасы әлемнің түкпір - түкпірінен келген түрлі мәдениеттер үніне толады. Көрменің аумағында күн сайын концерттер, шоу, ұлттық күндер, және өзге де ойын - сауық іс - шаралары өтетін болады.
ЭКСПО бүкіләлемдік бірегей көрмесі – маңызы жағынан дүниежүзілік экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы бойынша ең танымал әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстармен салыстыруға тұрарлық жаһандық ауқымдағы оқиға.
Мемлекетімізде ЭКСПО өткеннен кейін «Жасыл технологиялар» бүкіл Қазақстандағы өндіруге қызмет ететін зертханалар мен ғылыми парктерге айналады.

Үйге тапсырма: «ЭКСПО 2017» тақырыбында эссе жазу
Сабақты бекіту.
Бағалау.
7 199
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Эссе. Жазғы демалысымды қалай өткіздім
Эссе. Жазғы демалысымды қалай өткіздім
Жазғы демалысымды қалай өткіздім Әр баланың асыға да, сағына күтетін бақытты сәті жазғы демалыс кезі. Тоғыз айлық оқуды аяқтаған соң балалар жазғы демалысқа шығады. Биылғы жылдың демалысы мен үшін өте қызықты да, көңілді өтті.
Астана EXPO – 2017: болашаққа қадам
Астана EXPO – 2017: болашаққа қадам
Оқушыларды қоғам жаңалықтарынан және өзгерістерінен тыс қалмауға баулу. Отанымыз жетістіктеріне мақтаныш сезімін ояту. Шығармашылық қабілеттері нығайып, тарихи зерделілік қасиеттері дамиды.
Қазіргі Қазақстан
Қазіргі Қазақстан
География пәні мұғалімі Акжигитов Ерхан Камбарович
ЭКСПО көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
ЭКСПО көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Т. Аубакиров жалпы орта мектебі тарих пәні мұғалімі Алибекова Тәрбие Қантұрғанқызы
Арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың формулаларын пайдаланып, есептер шығару
Арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың формулаларын пайдаланып, есептер шығару
Қызылорда облысы, Арал ауданы, №19 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Құттымұратова Гүлнар Әмитқызы
Жазбаша бөлу тәсілдері
Жазбаша бөлу тәсілдері
ШҚО, Аягөз қалалық № 3 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Сейсекенова Гульнар Смагуловна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×