Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Картография

04 қараша 2015, Сәрсенбі
Категориясы: География
География пәні мұғалімі Даумова Анар

Түсінік хат
Ерте заманнан қазіргі күнге дейін карталар жергілікті жердің бағдары мен теңіз және құрлық үсті маршрут - сызбаларын анықтауда қолданылып келсе, бүгінгі күнде карталар ғарыш пен әуе бассейніндегі навигациялық қызметті атқаруда. Карталарды Жер мен қоғам туралы білімді беруде, инженерлік құрылысты жобалау құжаттарында, өнеркәсіп, ауылшаруашылық нысандары мен қалалар және басқа да елді - мекендерді орналастыруды жоспарлауда кеңінен қолданылады. Картография – табиғат пен қоғамның құбылыстарын географиялық карта мен басқа да картографиялық өнімдерді кескіндеу және оларды құрастыру, пайдалану әдістерін зерттейтін ғылым. Әрбір географиялық картаның өзіндік атқаратын қызметі болады. Оны білім мен өндірістің белгілі бір салаларындағы мамандар, туристік - танымдық жорық жетекшілері, оқушылар білім мен маңызды ақпарат көзі ретінде қолданады. Картаны құрастырушылар кескіндейтін аумақты терең зерттеп, оқып үйренген сайын сол аумақта орналасқан нысандар мен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындап, ашып көрсетеді. Картография құрылымы жағынан күрделі пәндер жүйесін құрайды, оның маңызды құрамды бөліктеріне – картатану, картографиялық ақпараттану, математикалық картография мен картометрия, сондай - ақ картаны жобалау мен құрастыру, безендіру, жасау және пайдалану әдістемесі кіреді. Карталардың көмегімен ғылыми - зерттеу жұмыстарын, қоршаған ортаны қорғау мен қалпына келтіру іс - шараларын, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды жобалайды. Карта әскери өмірде де қолданылады, әрі ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуде де маңызға ие. Картографиялау үдерісінің өзінде де карталар жаңа өнім жасаудың негізі мен бастауы болып табылады. Картографияның міндеті ретінде осыған дейін тек картаны құрастыру қарастырылып келсе, ХХ ғасырдың ортасынан бастап, оны пайдалану маңыздылыққа ие болып отыр. Мемлекеттік стандарттар мен энциклопедиялық басылымдарда, оқулықтар мен сөздіктерде «Картография – карта жасау мен пайдаланудың өндірісі мен ғылыми саласы»,- деген ұғыммен түсіндіріледі. Ғылым мен тәжірибеде картографиялық зерттеу әдістері алуан түрлі. Ол көптеген теориялық ізденістердің ажырамас бөлігі. Тіпті карталар Жер мен қоғам туралы ілімдердің тірек негізіне айналып үлгерді. Картографиялық әдістер физикалық география, геология, геофизика, әлеуметтану, экономика және тарих ғылымдарында кеңінен қолданыс табуда.

Карталарды таным құралы ретінде пайдалану жаңа экология, медициналық география, салыстырмалы ғаламтану (планетология) тәрізді ғылым салаларының дамуына мүмкіндік берді. Картографиялық әдістер халық шаруашылығының нысандарын жобалау - жоспарлау жұмыстарына қатысты маңызды шешім шығаруда, аумақтық - өндірістік кешенді дамытуда, табиғатты қорғауда қызмет етуде. Картографиялық зерттеу әдістерін қолданушы маман картограф картаны еркін «оқуға», құрастыру ұстанымдары мен бейнелеу және әзірлеу технологияларының тәсілдерін білуге міндетті. Сонымен қатар, ол модель түрінде карта бетіндегі бар дүниені ұсына білуі әрі осы туралы ақпарат бере білуі тиіс. Ең маңыздысы, картограф өнімін тұтынушының картаны пайдалана отырып, картографиялық бейнені өңдеуде қолданған амалдардан адаспай, жақсы бағдар алуы, оның мүмкіншіліктері мен шектерін айыра білуі, картадан алынған мәліметтердің сенімділігіне қатысты түсінігінің болуы тиіс.

«Картография» курсы аптасына 1 сағатқа 10 сынып оқушыларына негізделіп жасалған. Курсты оқыту барысында оқушылар тақырыптық, топографиялық, жалпы географиялық, атлас, кескін карталармен жұмыс, практикалық, номенклатурамен, қосымша әдебиеттермен де жұмыстар қарастырылған.
Бағдарламаның мақсаты: Оқушылардың күнделікті өмірге қажетті, жиі қолданылатын карталардың түрлерімен және басқа да заманауи технологиялар GPS, навигация туралы ақпарат беру.

Бағдарламаның міндеттері:
1. Оқушылардың географияға, оның ішінде картография саласына деген қызығушылығын арттыра отырып, өз бетінше картамен жұмыстана алуға дағдылау;
2. Оқушылардың картаны шапшаң, әрі сауатты оқуға үйрету.
3. Оқушылардың ғылыми ізденісін қалыптастырып, ой - өрісін дамыту.
Мамандыққа бағдар беру: Картография көптеген техникалық және экономикалық - әлеуметтік ғылым салаларымен тығыз байланысты. Оның ішінде автоматика, электроника, прибор жасау, полиграфия, дизайн, әлеуметтану, демография, тарих, этнография және т. б. Осы курсты пайдалана отырып, сұраныс туғызатын кез келген мамандықта алған білімдерін қолданысқа енгізе алу керек.
Курсты жүзеге асыру формалары: Әр түрлі географиялық әдістер мен тәсілдерді, номенклатурамен жұмыс, кескін картамен практикалық жұмыс жасау арқылы берілген мәліметті меңгеру;

Күтілетін нәтиже: Масштабты, бұрыштың көлемі және оны өлшеуді, компаспен жұмыс істеу, көкжиек тұстарын анықтау, орташа көрсеткіштерді және амплитуданы есептеуде, жазықтықтағы координаттарды есептеу, параллельдік және перпендикулярлық тура сызықтар жайлы, қаржылық сауаттылықты дамыту, есептеуге арналған практикалық жұмыстарды орындау, карталармен, сызбалармен, кестелермен, графиктермен, диаграммалармен жұмыс істеуді үйренеді. Бағдарламада берілген барлық практикалық іс - әрекеттер тәжірибелік дағдыларды дамытушы және қалыптастырушы болып табылады

Мазмұны
Кіріспе. Картографияның қалыптасу кезеңдері.
1. Тақырып. Географиялық карталардың маңызы. Географиялық карталар дегеніміз не? Географиялық карталардың қолданылудың басты бағыттары
2. Тақырып. Географиялық картаның басты қасиеттері. Картаның түрлері. Шартты белгілер. Картографиялық кескіндемелер.
3. Тақырып. Картография және оның бөлімдері.
4. Картографияның басқа ғылым салаларымен байланысы, оның қолданылу аясы.
5. Картографиялық компьютерлік бағдарламалар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 980
0
  • 40
2 дауыс


Жаңалықтар
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР география 7 сынып
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР география 7 сынып
Әдістемелік ұсыныстар «География» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР география 8 сынып
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР география 8 сынып
Әдістемелік ұсыныстар 8-сынып «География» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
География пәнінен олимпиадаға дайындау жоспары
География пәнінен олимпиадаға дайындау жоспары
География пәнінен олимпиадаға дайындау жоспары
Географиялық карталар және картография туралы жалпы мәліметтер
Географиялық карталар және картография туралы жалпы мәліметтер
Географиялық карталар және картография туралы жалпы мәліметтер Географиялық карта - математикалық жолмен анықталып, кішірейтілген және жинақталған жер бетінің пішінінің көрінісі
География тақырыптық - күнтізбелік жоспар 6 - сынып
География тақырыптық - күнтізбелік жоспар 6 - сынып
География тақырыптық - күнтізбелік жоспар 6 - сынып (барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағаттан)
География пәнінен тест сұрақтары (6 сынып)
География пәнінен тест сұрақтары (6 сынып)
География пәнінен тест сұрақтары (6 сынып)
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×