Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шөл және тундра

19 қаңтар 2016, Сейсенбі
Категориясы: География
География пәні мұғалімі
Тенизбаева Сандугаш Сериковна

Тақырып: Шөл және тундра
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу, психологиялық дайындық,
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау
§52. Саванналар және далалар
1. оқушылардан түсінгендерін сұрау
2. саванналар мен далаларда мекен ететін жануарлар мен өсімдіктер туралы іздеп келген мәліметтерін оқыту
3. жеке балаларға үлестірмелі қағазбен жұмыс істеу

ІІІ Үй тапсырмасын бекіту
Балама тест алу (ия немесе жоқ)
1. Саванналар Африканың немесе материктің 90%- ға жуық аумағын алып жатыр. (жоқ)
2. Бұл баобаб ағашы ма? (жоқ)
3. Баобаб үлкен ағаш, оның кең қуысында шаяндар, жыландар, өрмекшілер мекендейді. (ия)
4. Есейген пілдің күнделікті қорегі 50кг - ға жетеді. (жоқ)
5. ХХ ғ. басында пілдерді аулауға тыйым салған. (ия)
6. Керік - акация ағашымен қоректенеді және оны шебер бағбан деп атайды.(ия)
7. Саванна халқы түйе, жылқы мал шаруашылығымен айналысады. (жоқ)
8. Дала зонасы - Антарктидадан басқа барлық материкте таралған. (ия)
9. ХХ ғ. басында бизондар жойылып кете жаздады. (жоқ)
10. Еуразия материгінің далалары қоңыржай белдеуде жатыр. (ия)

ІV Жаңа сабақты түсіндіру
«Ой қозғау» әдісі
Оқушыларға саванна, дала, шөл және тундра зоналарының слайд арқылы суретін көрсету. Оқушылар әр көрсеткен зонаның атын табу және мақсат қою кезеңінде сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпқа көшу.
1. Бүгін біз қандай тақырыпты меңгереміз?
2. Не үйренеміз?
Жер шарында шөлдер құрлықтың, Антарктиданы қоспағанда, едәуір аймағын, яғни 20%- ға жуық жерін алып жатыр. Шөлдер – бұл аса құрғақ климатымен ерекшеленетін ұлан-ғайыр аумақ, шөлдегі жауын-шашынның мөлшері жылына 50 см - ден аспайды. Жер бетінің шамамен 1/5 бөлігін шөлді аймақтар басып жатыр. Күндізгі және түнгі температураның айырмашылығы да тап осы шөлдерде кездеседі. Күндізгі адам төзгісіз ыстықтың орнын түнгі суық басады. Жер бетіндегі ең үлкен ыстық шөл – Сахара шөлі. Ол 9, 1 млн. км² аумақты алып жатыр. Сахараның халқы 2 млн адамға жетпейді. Сахарада тоқсаннан астам оазис бар, адамдардың көбі сонда тұрады. Мұнда өсімдіктері мен жануарлары құрғақ және ыстық климатқа бейімделген. Мысалға, алып кактустар кездеседі, бұлардың бойында жүздеген литр су болады. Сахара шөлінің ең ірі жануары – аддакс. Бұл жануар сусыз өмір сүре алады, ал өмірге қажетті сұйықты ағаш жапырақтары мен шөптерден алады.

Намиб шөлі Намибия елінің бүкіл жағалауын басып орналасқан. Намиб шөлі – Жер бетінің ең құрғақ аймақтарының бірі болып табылады. Мұнда велвичия өсімдігі кездеседі, «шықты сіміреді» дегендей тікелей аудағы суды сіңіре алады. Түйелерді шөл кемесі деп атайды, өйткені оларды бағзы заманнан бері ең сенімді жүк артатын көлік ретінде пайдаланып келеді. Бұл тұрақты ірі жануарлардың өмір сүретін ортасы – Азия мен Солтүстік Американың шөлді жерлері. Түйелер бірнеше апта бойы сусыз өмір сүре алады. Түйенің арқасында май жиналатын өркеші болады, сондықтан олар ұзақ уақыт бойы қорексіз әрі сусыз өмір сүре алады. Түйелер шөл далада апталар бойы сусыз жүре береді.

Арктикалық «шөл» - құлазыған мұзаймақ. Жер шарындағы табиғи зоналардың ішіндегі солтүстікке ең таяу жатқаны. Мұздықтың молдығына қарай оны мұз зонасы деп жиі атайды және бұл Арктиканың жоғарғы ендігіндегі құрлық кеңістігін қамтиды. Жердің солтүстік полярлық өңірі – Арктика болып аталуы, ежелгі грек сөзі – солтүстік деген сөзбен байланысты. Оңтүстік, Арктикаға қарама - қарсы жатқан өңірі – Антарктика деп аталған. Антарктида 1820 ж. 28 қаңтарда ашылған. Бұл алтыншы материкті орыс саяхатшылары Ф. Ф. Беллинсгаузен мен М. П. Лазарев ашқан. 1911ж. 14 желтоқсанда Антарктидадағы Оңтүстік полюсте бірінші рет болған – норвегиялық саяхатшы Руаль Амундсен. Одан кейін, бір айдан соң Оңтүстік полюсте ағылшын саяхатшысы Роберт Скотт болды, бірақ ол саяхат дайындық жабдықтарын дұрыс ойластырмағандықтың салдарынан қайтар жолында серіктерімен бірге қаза тапты. Антарктика мұзаймағының байырғы тұрғындары – император пингвині. Олар ұша алмайды, жақсы жүзеді. Пингвиндер өздерінің жауы түлендерден қашқанда тереңге сүңгіп, ұзақ жерге жүзіп кетеді. Гренландия аралы, Арктикалық Канада архипелагы аралдары, Солтүстік Мұзды мұхит және ондағы аралдар Арктика аумағына кіреді. Ақ аю осы жердің қожасы болып есептеледі.

Арктиканы белгілі зерттеушілерінің бірі – норвегиялық саяхатшысы Фритьоф Нансен. Ол өзінің бірінші саяхатын 21 жасында түлен аулауға шыққан «Викинг» кемесімен бірге өткізді. Келесі сапары Гренландия болды. Сол кезде Нансенде Солтүстік полюске экспедиция жіберу жоспары өмірге келді. «Фрам» атты арнайы жабдықталған кеме жасалып, командасы құрылды. 1893ж. 9 қыркүйекте «Фрам» Кар теңізінен өтіп, мұзда тұрып қалды. Оның мұзбен бірге ығуы басталды. 1894 ж. 14 наурызда ит жегілген шанамен Нансен және команда мүшесі Юхансен полюске қарай бет алды, бірақ Жердің нақ солтүстік нүктесіне жете алмады. Солтүстік полюске тек 1909 ж. Роберт Пири жетіп, америка туын қадады.

Тундра – (саами тілінде tunturі – ормансыз, жалаң тау басы) – солтүстігінде арктикалық шөлмен, оңтүстігінде орманмен шектесетін арктикалық облыстарға тән белдемдік ландшафт типі. Вегетациялық кезең қысқа болуына байланысты көп жылдық өсімдіктер: мүкті - қыналы және бұталы өсімдіктер негізгі орын алады. Жылу жеткіліксіз, ылғал мол болғандықтан өсімдіктер ауаның жер бетіне таяу қабатындағы жылуды пайдалану үшін төселіп немесе жастық тәріздес ұйлығып өседі.

Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз бір дем алайық.

V Жаңа сабақты бекіту
1. Венн диаграммасы арқылы тропиктік шөлдер мен арктикалық «шөл» - мұзаймақ арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты салыстыру
Тропиктік шөл ұқсастығы Арктикалық «шөл»


2. «Қатені тап!» ойыны. Шарты: сөйлемнің дұрыс не қате екенін дәлелдеу
1. Түйе адамның шөлде таптырмайтын көмекшісі, оның шөлге төзімділігінің құпиясы өркешінде.
2. Шөл зонасында жауын - шашын өте аз түседі.
3. Африкадағы Сахара шөл зонасында орналасқан.
4. Антарктида шөлін белгілі зерттеушілердің бірі – норвегиялық саяхатшысы Фритьоф Нансен зерттеп, ашқан.
5. Антарктида 1820 жылы 28 ақпанда ашылған.
6. Шөл – солтүстік бұғысының мекені.
7. Тундрада өсімдіктердің өсіп жетілуі өте баяу мысалы, бұғылар таптаған жайылымдарда тек 15 - 20 жылда қалыптасып отырады.
8. Тундра зонасы Еуразия мен Солтүстік Американың полярлық белдеуінде таралған, ақ аю осы жердің қожасы болып есептеледі.
9. Сахара шөлінің байырғы тұрғындары – император пингвиндері.
10. Жер шарында шөлдер құрлықтың, Антарктиданы қоспағанда, едәуір аймағын, яғни 20%- ға жуық жерін алып жатыр.

VІ Жаңа сабақты қорытындылау
«Таза тақта» ойыны арқылы жаңа сабақты қорыту. Тақтаға сабақта өтілген термин сөздер мен жануарлар, өсімдіктердің аты жазылады. Осы сөздердің анықтамасы оқылған уақытта, оқушылар жауабын тауып тақтадан алып тастайды, ойынның соңында тақта таза болып қалады.

VІІ Үйге тапсырма беру
1.§ 53. Шөл және тундра тақырыбын оқып түсінік айту
2. Шөл зонасын зерттеген Ф. Ф. Беллинсгаузен, М. П. Лазарев, Р. Амундсен, Р. Скотт және Р. Пири туралы мәлімет ізденіп жазып келу
3. Табиғат зоналарын кескін картаға түсіріп келу

VІІІ Оқушылардың білімдерін бағалау
4 803
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат зоналары (күнделікті сабақ жоспары)
Табиғат зоналары (күнделікті сабақ жоспары)
Оңтүстік Америка жерінде мынадай табиғат зоналары ажыратылады: ылғалды экваторлық ормандар (гилея), ауыспалы ылғалды (муссонды) ормандар, субтропиктік қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар, жалпақ жапырақты ормандар, субтропиктік дала
Күнделікті сабақ жоспары. Табиғат зоналары
Күнделікті сабақ жоспары. Табиғат зоналары
Еуразия материгінің табиғат зоналарымен таныстыру, олардың ерекшеліктері мен маңыздыларына тоқталу.
Аустралияның табиғат зоналары
Аустралияның табиғат зоналары
Оқушылардың өз бетінше білім алуына жағдай туғызу арқылы Аустралияның табиғат зоналары туралы білімдерін кеңейту және іздемпаздықпен жұмыс істеу қабілеттері мен өзара пікір алмасу дағдыларын дамыту, топпен жұмыс істеуге, сыйластыққа тәрбиелеу
Аустралияның жер бедері мен пайдалы қазбалары
Аустралияның жер бедері мен пайдалы қазбалары
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Австралия материгінің географиялық орны, жер бедері мен пайдалы қазбалары туралы түсінік беру;
Аустралия Одағы
Аустралия Одағы
Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік: Аустралия Одағы туралы жалпы мәлімет алу және елдің шаруашылығының ерекшеліктерімен танысу; 2) Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген танымдық қызығушылығын арттыру, берілген тақырып бойынша оқушылардың жан-жақтылығын
Африканың табиғат зоналары
Африканың табиғат зоналары
Сабақтың тақырыбы: Африканың табиғат зоналары Мақсаты: Білімділігі: Африканың географиялық орнының ерекшеліктерін түсіну, материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздерді картадан таба білу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×