Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Австралияның табиғат зоналары

23 қаңтар 2016, Сенбі
Категориясы: География
Павлодар облысы, Лебяжі ауданы,
Потанин жалпы орта білім беретін мектебі.
Тарих және география пәнінің мұғалімі
Елеусизова Нуркамал Мухтархановна

7 сынып. Материктер мен мұхиттар географиясы
Сабақтың тақырыбы: §55. Австралияның табиғат зоналары
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға материктің тіршілік дүниесінің өзіндік ерекшелігін және оның себебін, сондай - ақ табиғат зоналарының орналасу заңдылықтары туралы түсінік беру;
ә) Оқушылар өздігінен мәтінмен, картамен, қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді пайдалана отырып Австралияның өсімдігі мен жануарларының алуан түрлілігін талдай, саралай білуге дағдыландыру;
б) Материктің эндемик жануарлар мен өсімдіктерінің сақталу дәрежесі мысалында оқушыларға экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың оқу жабдығы:
Австралияның табиғат зоналар картасы, интерактивті тақта, слайдтар, кроссвордтар.
Сабақ түрі: аралас
Пән аралық байланыс: биология пәні

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру ( психалогиялық дайындық, оқушыларды топқа бөлу, топ жетекшілерін тағайындау, топтың атын анықтау)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Логикалық сызбадағы бос орынды толтыр
2. Австралия климат белдеулерінің әр қайсысына сәйкес келетін ерекшеліктерін ірікте
Субэкваторлық ----- Тропиктік шөл ----- Субтропиктік ----- Тропиктік ылғалды
1) жауын - шашын аз жауады; 2) жауын - шашын көп жауады; 3) жыл бойы пассаттар соғып тұрады; 4) жыл мезгілдеріне қарай желдер өзгеріп отырады;
5) жазда экваторлық, ал қыста тропиктик ауа массалары басым болады; 6) жыл бойына ылғалды және ыстық; 7) жазда тропиктік, ал қыста қоңыржай ауа массалары басым болады; 8) материктің солтүстігінде орналасқан; 9) температурасы мен жауын - шашын мөлшерінде маусымдарға қарай елеулі айырмашылықтар болады; 10) криктердің пайда болуына ықпал етеді; 11) материктің басым көпшілігін алып жатыр; 12) материктің оңтүстік батысында орналасқан;

3) Уақытша кеуіп қалатын өзен арналары –
4) Австралияда өзендер мен көлдердің аздығы неліктен деп ойлайсың?

ІІІ. Қызығушылықты ояту:
Қызықты деректерге көңіл аударайық.
Киви жемісі - Кеден инспекторы Жаңа Зеландиядан келген жәшік ішінде қоңыр - жасыл түсті түсініксіз конструкциядағы жүздеген гранат корпустары күңгірт жылтырайды. Әп - сәтте босап қалған қойманы полиция қоршап алып, әбігерге түседі. Терроризммен күрес мамандары келіп жәшіктегі гранат емес кәдімгі киви екендігін дәлелдейді.
Киви – жемісін жинау бүкілхалықтық мереке Жаңа Зеландияда, Те - Пуке - кивидің астанасы, 0ْْ С температура жағдайында киви дәмді және хош иісті күйінде жарты жыл, ал уйдегі тоңазытқышта бір неше апта бойы сақталады, ол 30 елге тасымалданады.

Толық нұсқасын жүктеу
2 955
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнделікті сабақ жоспары. Табиғат зоналары
Күнделікті сабақ жоспары. Табиғат зоналары
Еуразия материгінің табиғат зоналарымен таныстыру, олардың ерекшеліктері мен маңыздыларына тоқталу.
Аустралияның табиғат зоналары
Аустралияның табиғат зоналары
Оқушылардың өз бетінше білім алуына жағдай туғызу арқылы Аустралияның табиғат зоналары туралы білімдерін кеңейту және іздемпаздықпен жұмыс істеу қабілеттері мен өзара пікір алмасу дағдыларын дамыту, топпен жұмыс істеуге, сыйластыққа тәрбиелеу
Еуразияның табиғат зоналары
Еуразияның табиғат зоналары
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №11 орта мектептің география пәні мұғалімі Толегенова Жазира
Аустралияның жер бедері мен пайдалы қазбалары
Аустралияның жер бедері мен пайдалы қазбалары
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Австралия материгінің географиялық орны, жер бедері мен пайдалы қазбалары туралы түсінік беру;
Орманды дала зонасы
Орманды дала зонасы
Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Ғ. Малдыбав атындағы Жаңажол орта мектебінің география пәні мұғалімі Шекенова Гулай Сайлауовна
Материк жағалауындағы мұхиттар. Ашылуы және зерттелу тарихы
Материк жағалауындағы мұхиттар. Ашылуы және зерттелу тарихы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің география пәні мұғалімі Ысқақ Есенкелді
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×