Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Су – тіршілік көзі

03 мам 2016, Сейсенбі
Категориясы: География
Астана қаласы №76 мектеп - лицей
Жаратылыстану пәнінің мұғалімі
Калиева Сагила Умиркуловна

Сабақтың тақырыбы: Су – тіршілік көзі

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өзіндік ізденісі негізінде судың тіршілік көзі екендігін тану.
Сабақтың міндеті:
1. Білімділік міндеті: су тақырыбы бойынша оқушыларды сөйлесу әрекетіне, салауатты өмір салтын ұстануға, табиғатты қорғауға бейімдеу;
2. Дамытушылық міндеті: оқушылардың өз пікірін айту, өз бетімен жұмыс істеу, ойлау қабілетін дамыту;
3. Тәрбиелік міндеті: судың қасиеті туралы толығырақ айтып, балаларды табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыс істеуді қалыптастыру, өзін - өзі басқаруға жетелеу.
Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі: болжау, сұрақ - жауап.

Сабақ барысы:
Мұғалім: Оқушыларды түгендеп болып, топқа бөледі. Балқаш көлі, Каспий көлі, Арал деп жазылған қима қағаздар (пазлы) құрастыру арқылы үш топқа бөлінеді. Өз топ атауларыңыз туралы не білесіздер, соны ортаға салыңыздар.
Оқушылар: Қима қағаздарды құрастыру арқылы өз топтарын табады және топтың атауына байланысты өз ойларында бар мәліметтерін айтады.
Музыка қойылады: «Орман - релакс»
Сұрақ: 1. Бұл әуенде қандай дыбыстарды байқадыңыздар?
2. Ненің дыбысы басым?
3. Су туралы біз не білеміз?
Мұғалім: 1. Негізгі деректерді келтірілген тақтаға жазып, түртіп отырады.

2. Дәптерлеріне жазғызу.
Сіздер көп мәлімет біледі екенсіздер. Енді біз топтық жұмыс жасаймыз. Ол үшін сіздер бірінші қазақ тілі пәні әлеміне ой жүгіртеміз. Мына сұраққа жауап беріңіздерші.
Сұрақ: Мақал - мәтел дегеніміз не?
Топтық жұмыс. Мен сіздерге мақал - мәтел айтамын, сіздер сол мақал - мәтелдің мағынасын ашып айтсаңыздар.

І топ

Көлдің көркі — құрақ,
Таудың көркі — бұлақ.

Су анасы — бұлақ,
Сөз анасы — құлақ

ІІ топ

Судың да сұрауы бар.

Арық бар жерде су бар,
Су бар жерде ну бар.

ІІІ топ

Бұлақ көрсең көзін аш.

Сумен ойнама — батарсың,
Отпен ойнама — жанарсың.

Оқушылар: Мақал - мәтелдердің мағынасын ашады.
Сұрақ. Бұл мақал мәтелдердің ортақ тақырыбы не? /Су/
Екі атқарылған жұмыстан ұққан негізгі ұғымымыз қандай сөз? /Су/ Біз осындай жұмыс барысында бүгінгі тақырыбымызды бірлесе ашамыз. Себебі бүгінгі өтетін тақырыбымыз бізге құпия.
Бір сөзді таптық «Су». Мұғалім тақтаға жазады.
Мұғалім: Суреттер таратады. Сол суреттердегі суретке қарап оқушылар өз ойларын айтады.
Қандай қорытынды жасауға болады?

Топтық жұмыс. Әр топқа 3 суреттен беріледі. Сол сурет негізінде, өз ойларын ортаға салады.
Тәжірибе: Суда тамыры шыққан бөлме өсімдігін топыраққа отырғызады.
І – топ топырақ салады, ІІ – топ гүлді топыраққа отырғызады, ІІ – топ отырғызылған гүлге су құяды.
Бұдан шығатын қорытынды не?
Нәтиже: Суда тамырын жайған өсімдік топыраққа енсе де, сусыз өспейтіні дәлелденді.
Осы тәжірибелік жұмыстардан біз нені ұқтық?
Су тіршілік көзі екендігін анықтадық. Бүгінгі тақырыбымыз «Су тіршілік көзі», толық тақырыпты жазып алайық.

Мәтінмен жұмыс:
І топ.
Жер ғарыштан көгілдір мұхиттар планетасы сияқты болып көрінеді. Оның етінің 70% астамын су, 30% құрлық алып жатыр.
Мұхит, өзен, көл, жер асты, батпақ сулар және мұздықтар мен атмосферадағы су булары жердің су қабығы - гидросфераны құрайды. (гидро - су, грекше)
Судың шамамен 97% мұхиттарда жиналған. Дүниежүзілік мұхит құрлықтар арқылы 4 - ке бөлінеді. Тынық мұхиты 50 %, Атлант мұхиты 25%, Үнді мұхиты 21% және Солтүстік мұзды мұхиты 4% алып жатыр.
Мұхит теңіз суларында тұздың көп болуынан су кермек дәм тартып, ішуге жарамайды. 1 литр теңіз суының құрамында 35 грамм тұз болады.
Су – түссіз, мөлдір, иісі - дәмі жоқ. Ұдайы тоқтаусыз ағып жатады.
Тапсырма: Қандай жаңа мәліметтер алдыңыздар?
Мәтін негізінде диаграмма құрыңыздар.

ІІ топ.
Кейбір сулардың емдік қасиеті болады. Олардың құрамында әр түрлі минералды тұздар болғандықтан, ауруды емдеуге немесе алдын алуға пайдасы бар. Емдік сулардың шығып жатқан жерін арасан деп атайды. Арасан сулардың жер бетіне шығып жатқан жерінде Қазақстанның емдік санаторийлі кешендері орналасқан. Сарыағаш, Алмаарасын, Қапаларасан, Барлықарасан, Жаркентарасан және т. б. Судың тірі ағзалардың өмір сүруінде алатын орны зор. Адам, өсімдік, жануар су болмаса тіршілік ете алмайды. Су электр стансалары, фабрикалар, зауыттар да жұмыс істемейді. Су болмаса жаңбыр да болмас еді.
Тапсырма: Қандай жаңа мәліметтер алдыңыздар?
Судың пайдасы туралы қосымша мәлімет беріңіздер.

ІІІ топ.
Адам өмірінде су тек қана ішу үшін ғана емес, тамақ пісіруге, жуынып шайынуға, әр түрлі тұрмыстық заттарды тазалауға керек. Суда кеме, қайық арқылы серуендеуге, жағалауда шомылуға, кемемен жүк тасымалдауға болады.
1 тонна бидайды өсіру үшін 1500 тонна су қажет екен. Көптеген бау - бақша өсімдіктері суармалы жағдайда ғана өнім береді. (қызанақ, қауын, қарбыз, картоп және т. б.) Сол себепті де әрбір тірі ағза үшін су белгілі бір мөлшерде қажет. Егер оған қажетті су жетіспесе немесе артып кетсе де тірі ағзаның өліп қалуы әбден мүмкін.
Табиғаттағы су, құм, көмір, күйдірген топырақ тәрізді кеуек заттар арқылы сүзіліп тазартылады. Ауыз суын бактериядан тазарту үшін, суды хлорлау әдісі қолданылады. Ол үшін 1 тонна суға 0, 72 грамм хлор қосады.

Тапсырма: Қандай жаңа мәліметтер алдыңыздар?
Мәтін мазмұнын көрсететін сурет салыңыздар.
Клип көрсетіледі. Талқылаймыз.
Су тіршілік көзі екенін түсіндік мына бейнетаспада суға байланысты қандай проблема көрсетілген?
Кері байланыс: Суды үнемдеудің қандай жолдарын білесіңдер?
13 488
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Су. Судың күйі, қасиеті
Су. Судың күйі, қасиеті
Оқу мен оқытудың тиімді тәсілдерін қолдану, тәжірибе жасауда су қасиеттерін дәлелдеу; су туралы оқушылардың білімдерін тиянақтау, сөздік қорын, тіл байлығын, логикалық ойлауын, жүйелі баяндауын, есте сақтау қабілетін дамыту. Табиғатты сүюге, оны
Табиғат – ауа
Табиғат – ауа
Ауа көзге көрінбейді. Біз оны көрмейміз. Бірақ айналамызда екенін білеміз. Біз сабын көпіршіктерін ұшырғанда немесе желпуішті желпігенде ауаның қозғалысын байқай аламыз. Ауа - физикалық дене. Физикалық дене - заттардан тұрады.
Су. Судың қасиеті
Су. Судың қасиеті
Оқушыларды судың қандай болатынымен таныстыру, практикалық жұмыс барысында бақылау, талдау. Оқушылардың ой - өрісін, сөйлеу тілін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Табиғатты қорғауға оны сүйе білуге баулу. Туған жердің экологиясын қорғауға үлес
Суды қорғау
Суды қорғау
Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы, О. А. Жаутыков атындағы №1 қазақ орта мектебі КММ - ның бастауыш сынып мұғалімі Омарова Карлыга Борисовна
Суды тиімді пайдалану
Суды тиімді пайдалану
Хромтау қаласы, №5 мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі: Укубаева Ырсалды Зийнолевна
Су. Судың қасиеті
Су. Судың қасиеті
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Әбішеева Құрманкүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×