Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғат – ауа

03 мам 2016, Сейсенбі
Категориясы: География
Астана қаласы №76 мектеп - лицей
Жаратылыстану пәнінің мұғалімі
Калиева Сагила Умиркуловна

Сабақтың тақырыбы: Табиғат – ауа.

Сабақтың мақсаты: Тәжірибелік жұмыстар негізінде ауаның бар екендігін дәлелдеу
Сабақтың міндеті:
1. Білімділік міндеті: ауа тақырыбы бойынша оқушыларды сөйлесу әрекетіне, салауатты өмір салтын ұстануға, табиғатты қорғауға бейімдеу;
2. Дамытушылық міндеті: оқушылардың өз пікірін айту, өз бетімен жұмыс істеу, ойлау қабілетін дамыту;
3. Тәрбиелік міндеті: ауаның қасиеті туралы толығырақ айтып, балаларды табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыс істеуді қалыптастыру, өзін - өзі басқаруға жетелеу.
Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі: болжау, сұрақ - жауап.

Сабақ барысы:
Табиғат туралы видео.
Мұғалім:
Ауа туралы не білесіңдер?
Ол туралы не білгілерің келеді?
Ауа көзге көрінбейді. Біз оны көрмейміз. Бірақ айналамызда екенін білеміз. Біз сабын көпіршіктерін ұшырғанда немесе желпуішті желпігенде ауаның қозғалысын байқай аламыз. Ауа - физикалық дене. Физикалық дене - заттардан тұрады. Ауа - газдардың қоспасы. Оның иісі де, түсі де болмайды. Ол газдардың ішінде оттегі мен көмірқышқыл газы сендерге таныс. Ағзалар тыныс алғанда оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын шығарып отырады.

1 - тәжірибе: Оқушылар қане бәріміз тұрған жерімізде терең тыныс алайық. Біз не істедік?
- Біз дем алдық, ауа жұттық.
Егер табиғатта ауа болмаса не істер едің? Тірі ағза 3 мин. артық ауасыз өмір сүре алмайды, соның дәлелі ретінде бір тәжірибе жасайық: Мұрнымызды қолымызбен қысайық неше минут шыдайды екенсіздер?
Тірі ағза ауасыз өмір сүре алмайды.

2 - тәжірибе: Ал енді ауаны қолымызбен ұстайық. Қане ұстай аламыз ба?
- жоқ
Дәптерлеріңді көтеріңдер, ар жағындағыны көресіңдер ме?
- Жоқ.
Ар жағындағы көрші сыныпты көре аламыз ба?
- жоқ.
- Ал сыныптағы заттарды көре аламыз ба?
- Иә.
- Бұл ауаның қандай қасиетін көрсетеді?
- Ауа мөлдір. Бұған айналамыздағы заттарды көзге көре алатынымыз дәлел.
Мұғалім тақтаға жазады, Оқушылар дәптерлерін ашып ауаның бірінші қасиеті – мөлдір деп жазады

3 - тәжірибе: Ауаға иіссу себеміз де ондағы иістің тез ыдырауын көрсетеміз. Таза ауаның иісі жоқ. Ауа иіссіз. Мұғалім тақтаға жазады, Оқушылар дәптерлерін ашып ауаның екінші қасиеті – иіссіз деп жазады

Сергіту сәті: Клипте көрсетілген қимылдарды балалар жасайды.

4 - тәжірибе: Қолдарымызға шар алып үрлеңдер де, біртіндеп қысып тұрып ауасын шығарыңдар. Осы кезде біз ауаны көрмесек те оның дыбысын естиміз. Ал енді үрленген шарды аузын бекітіп қысып көрсек ауа сығылады. Демек, ауаның көлемі жоқ. Сонда ауа деген газ, дәлірек газдардың қоспасы. 2 ғасыр бұрын ғана ғалымдар ауаның көптеген газдардың қоспасынан тұратынын дәлелдеген. Ауа қоспасындағы ең көп газ – яғни 78 ℅, оттегі - 21℅, 1 ℅ - көмірқышқыл газы.

5 - тәжірибе: Екі шырағданды алып, жағып, біреуін стаканмен жауып, екіншісін ашық қалдырамыз. Қай шырағдан бұрын сөнеді?
Енді салыстырамыз, дәлелдейміз. Нәтижесінде ашық шырағдан жана береді. Стаканмен жабылғаны ауа жоқтықтан сөніп қалады.
6 - тәжірибе: Қалай ойлайсыңдар алдарыңдағы стаканда бір нәрсе бар ма?
Қазір біз оны тексереміз. Стаканды тік ұстап суға баяу түсіреміз. Не болды? Неге су стаканға кірмейді? Суға кіруге не бөгет жасайды? Себебі стаканда ауа бар, сол ауа суды жібермейді. Ал енді стаканды қиғаш ұстап, суға түсіреміз. Не болды? Стаканға су кірді, суда көпіршіктер пайда болды. Қайдан? (Ауа стаканнан шығады, оның орнын су алады).
Сонымен оқушылар ауаның бар екендігіне көзімізді жеткіздік, иә? Онда шағын тест сұрақтарына жауап берейік.

1. Жердің ауа қабатын не деп атайды?
А) гидросфера
Б) атмосфера
С) литосфера
2. Атмосфера қандай қабаттардан тұрады?
А) тропосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера
Б) мезосфера, литосфера, термосфера
С) кайносфера, гидросфера, термосфера, тропосфера
3. Ауа - райын зерттейтін ғылым?
А) Зоология
Б) Биология
С) метеорология

Бейнетаспа қойылады. Бейнетаспада не көрдіңіздер? Әр оқушы ауаның ластануын дәптерлеріне суреттеп салады.
3 766
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ауаның құрамы. Ауа қабығы. Ауа райын болжау
Ауаның құрамы. Ауа қабығы. Ауа райын болжау
Ауаның құрамы, қабығы туралы түсінік беру. Ауаның сезінуге болатындығын дәлелдей отырып, жер бетін ауа қоршағанын, тірі табиғат үшін пайдасын ашу, тәжірибе жасау арқылы көз жеткізу.
Ауа – Жердің қорғаны. Ауаны қорғау
Ауа – Жердің қорғаны. Ауаны қорғау
Ауа туралы түсінік қалыптастыру. Оқушыларды ауаның құрамы және қасиеттерімен таныстыру. Табиғат пен адам үшін ауа қандай рөл атқаратынын таныстыру.
Су – тіршілік көзі
Су – тіршілік көзі
Жер ғарыштан көгілдір мұхиттар планетасы сияқты болып көрінеді. Оның етінің 70% астамын су, 30% құрлық алып жатыр. Мұхит, өзен, көл, жер асты, батпақ сулар және мұздықтар мен атмосферадағы су булары жердің су қабығы - гидросфераны құрайды. (гидро -
Ауаның ылғалдылығын анықтау
Ауаның ылғалдылығын анықтау
Ақтөбе қаласы, Благодар орта мектебінің Физика пәні мұғалім Қоянбаева Асылгүл Жайылханқызы
Ауа. Ауаның қасиеті. Ауаның маңызы
Ауа. Ауаның қасиеті. Ауаның маңызы
Сабақтың тақырыбы: Ауа. Ауаның қасиеті. Ауаның маңызы
Су. Судың қасиеті
Су. Судың қасиеті
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Әбішеева Құрманкүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×