Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Физикалық география - Жер табиғаты жайындағы ғылым

12 мам 2016, Бейсенбі
Категориясы: География
Астана қаласы,
№76 мектеп - лицейінің
тарих және география пәні мұғалімі
Жаппарова Гулниса Сериковна

Физикалық география пәні. 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: §1. Физикалық география - Жер табиғаты жайындағы ғылым.
Сабақтың білімділік мақсаты: Өткен «Жаратылыстану» курсы бойынша тірі және өлі табиғат туралы оқушылардың білім қорына сүйене отырып, табиғат денелері мен заңдылықтарын оқып үйрену, табиғат компоненттерінің бір - бірімен байланыстылығын ашып беру. Жер туралы мәліметтердің жиналу тарихына шолу жасау, география ғылымының даму кезеңдеріне, ерте заманғы, қазіргі кездегі географиялық зерттеулерге тоқталу.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың қосымша әдебиеттермен жұмыс жасау дағдыларын дамыту және өз ойын емін - еркін жеткізуге үйрету.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Туған жерді сүюге, құрметтеуге үйрету, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, Венн диаграммасы, бес жолды өлең, бақытты сәт, сұрақ - жауап.
Құрал - жабдықтар: Жарты шарлардың, Қазақстанның физикалық және саяси картасы. Суреттер, кесте.
Пән аралық байланыс: әдебиет, тарих, жаратылыстану пәндері.
Кәсіптік бағдар: Жаратылыстану салалары.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. А). Оқушылармен амандасу, түгендеу, құрал - жабдықтарын тексеру. Ә). Оқушыларды психологиялық дайындау.
«Ой қозғау». Оқушылар «табиғат» туралы өз ойларын ортаға салады.
Суреттер көрсетіліп, табиғатпен ұштастырылады.
Дұрыс, табиғат дегеніміз – бізді қоршаған орта. Табиғатты бейнелеп көптеген ақын, жазушылар, күйші, композиторлар өз шығармаларына арқау еткен.

Табиғат!
Тіршіліксің тұнып тұрған...
Сен - Күнсің!
Көтерілген күліп қырдан.
Сен - көлсің, сен - ормансың
Сен - Бұлақсың,
Адамды сұлулыққа құнықтырған.

Әрине табиғатты тану әр адамды қызықтырады, сондай табиғатты зерттейтін ғылым салаларының бірі: география. Ендеше жаңа тақырыбымыз:
§1. Физикалық география – Жер табиғаты жайындағы ғылым.
Балалар «География» деген сөз қандай мағына береді деп ойлайсыңдар?

ХІХ ғ. География екі салаға бөлінді.
▪ Физикалық география
Табиғат денелерімен құбылыстарының жер бетінде таралу заңдылықтарын және олардың себептерін зерттейді.
▪ Экономикалық география
Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы тұрмысы, көліктің, халықтардың орналасу заңдылықтарын зерттейді.
▪ Жалпы физикалық география
Жер беті табиғатының бүкіл Жер шарына тән жалпы ерекшеліктерін зерттеумен айналысады.
▪ Аймақтық физикалық география
Жер беті табиғатын жеке бөліктерге (материктерге, материк бөліктеріне, елдерге) бөліп қарастырады.
География ғылымы бірнеше ғылыми тараулардан
Жаратылыстану география ғылымдары:
Физикалық география
Жердің географиялық қабықтарын тану ғылымы
Топырақтану
Климоталогия
Гляциология
Гидрология
Океоналогия
Полеография
Географиялық қабықтың ежелгісін тану.

▪ Қоғамдық географиялық ғылымдар:
Әлеуметтік экономикалық география
Тарихи география

▪ Екі топты біріктіріп оқытатын ғылым салалары:
Әскери география
Елтану
Өлке тану
Катография
Топонимика

Географияның ғылым ретіндегі даму тарихы.
Ежелгі заман: Б. з. б. ІІІғ. Грек ғалымы Эратосфен “География” еңбегін жазған. Жерді сипаттауға арналған ғылым.
Орта ғасыр: География жаңа жерлерді ашып, сипаттаумен айналысатын ғылым. Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Австралия және т. б. Жер бетінің табиғатын, халқын, оның шаруашылығын сипаттайтын біртұтас ғылым ретінде дамыды.
Жаңа заман: ХІХғ. басында ашылмаған белгісіз жер қалмағандықтан, география міндеті өзгерді.
Жер бетіндегі денелер мен құбылыстардың таралуын сипаттайтын, олардың себебін түсіндіретін ғылым.
Қазіргі заман: Адамдардың айнала қоршаған ортаға әсері ұлғаюына сәйкес, география ғылымының алдына табиғатты қорғау және тиімді пайдалану шараларын жүзеге асыру міндеті қойылған.

Физикалық география оқулығы мазмұны:
Жер табиғатының бүкіл планетаға тән жалпылама заңдылықтарын қарастырады.
 Жердің Күн жүйесіндегі орны.
 Планеталар пішіні, өлшемдері.
 Жер бетінің план мен картада бейнеленуі.
 Жер қабықтары және олардың өзара әрекеттестігі.

Қазіргі кезде география – жер бетінің алуан түрлілігін, ауа райы мен климаттың қалыптасуын, адам - қоғам - табиғат арасындағы байланысты қарастыратын жүйелі ғылым саласы. Сондықтан да физикалық географияның бастапқы курсы, біз осы білім саласын жақсы, толық меңгерсек география ғылымының мәнін ұғамыз. Енді осы алған мәліметтерімізді тиянақтап, тексерейін. Сұрақ - жауап. Топқа сұрақ қойылады.

1. География нені зерттейді?
2. Ауыл табиғатын сипаттаңдар
3. Физикалық географияны қалай түсінесіңдер?
География - Жер беті табиғатын, халқын және оның шаруашылығын сипаттайтын және қоршаған ортаны қорғау мен өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын тиімді пайдалану
жолдарын қарастырады.

«Бақытты сәт» ойыны.
1. Гр. Гео - қандай мағына береді?
2. Графо - дегеніміз қандай мағына береді?
3. География атасы кім?
4. Эратосфен қай ғасырда өмір сүрген?
5. Эратосфен еңбегін ата.
6. Физикалық география нені зерттейді?
7. Адамның табиғатқа зиян әсерлеріне мысал келтір.
8. География атауын ең алғаш қолданған ел.

«Бес жолды өлең».
1 - тақырып. Табиғатты аялайық. 2 - тақырып. География ғылымы.
1. Тақырып. /зат есім/
2. Суреттеу. / сын есім/
3. Қимыл. /3 есістік/
4. Сезіну. / сөз тіркесі, сөйлем/
5. Мәтін қайта айту. /синоним/
Жерігілікті жерді бағдарлау құралдарымен жұмыс жасауға бағыт - бағдар беру.
Жаңа сабақты қортындылау: «Біз не үйрендік». Оқушылар өз ойын сабақта не жасағанымызды, не білгенімізді ортаға салады.
Үй тапсырмасы: 1). §1. Оқып келу.
2). Ауыл табиғатының суретін салыңдар.
3). Сипаттап жазыңдар.

Толық нұсқасын жүктеу
15 166
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР география 7 сынып
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР география 7 сынып
Әдістемелік ұсыныстар «География» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР география 8 сынып
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР география 8 сынып
Әдістемелік ұсыныстар 8-сынып «География» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Географиядан күнделікті сабақ жоспары. Кіріспе. Физикалық география – Жер табиғаты жайындағы ғылым. Жер туралы мәліметтер қалай жинақталды?
Географиядан күнделікті сабақ жоспары. Кіріспе. Физикалық география – Жер табиғаты жайындағы ғылым. Жер туралы мәліметтер қалай жинақталды?
«География» терминін енгізу. География пәнінің мақсатын түсіндіру. Жердің зерттелуі, жалпы географиялық мәліметтердің жинақталу тарихын меңгерту. Күн жүйесіндегі Жердің орны, пішіні мен өлшемдерін түсіндіру.
Жергілікті жерді бағдарлау
Жергілікті жерді бағдарлау
Азимут (арабша ас - сумут - жол) белгілі бір затқа қарай жүргізілген бағыт пен солтүстік бағыттың арасындағы бұрыш.
География пәнінен тест сұрақтары (6 сынып)
География пәнінен тест сұрақтары (6 сынып)
География пәнінен тест сұрақтары (6 сынып)
Табиғат
Табиғат
Сабақ № 1 Күні: 02.09.2011 ж Сыныбы: жетінші Пәні: физика және астрономия Тақырыбы: Табиғат және адам. Физика табиғат туралы ғылым. Астрономия – аспан денелері туралы ғылым Мақсаты: 1.Білімділік: Оқушыға табиғат пен адам арасындағы байланыс,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×