Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Биік таулы өлкелер

22 қыркүйек 2016, Бейсенбі
Категориясы: География
Күнделікті сабақ жоспары, география 8 сынып
Тақырыптар:
16 - сабақ. Биік таулы өлкелер
17 - сабақ. Қазақстанның пайдалы қазбалары. Жанатын пайдалы қазбалар.
18 - сабақ. Рудалы және рудасыз пайдалы қазбалар
19 - сабақ. №3 сарамандық жұмыс.
20 - сабақ. Қайталау сабағы


Сынып: 8
Тақырыбы: Биік таулы өлкелер
Білімділік. Қазақстан биік таулы өлкелері туралы, биіктік белдеулер және табиғат ресурстары туралы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық. Әртүрлі тақырыптық карталармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруды дамыту. Карта бойынша тауларға сипаттама беру дағдыларын қалыптастыруды одан әрі жалғастыру.
Тәрбиелік. Отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиетін арттыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап
Құрал - жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тектоникалық және геологиялық карталар.
Негізгі ұғымдар: биіктік белдеулік, биік таулар, тау шыңы, мұздықтар, қазаншұңқыр, жаңа тектоникалық қозғалыстар.
Номенклатура: Солтүстік Тянь - Шань жотасы, Жоңғар Алатауы, Сауыр, Тарбағатай, Алтай, Шу, Іле, Зайсан қазаншұңқырлары, Іле Алатауы, Қырғыз Алатауы, Талас Алатауы, Кетмен жотасы, Күнгей Алатауы, Теріскей Алатауы.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. (10+1 - 2 мин)
Дәптерлерінен кестелерін тексереді. Кескін карталарын тексереді. Өткен тақырып бойынша келесі сұрақтарды қояды:
1. Қазақстанның батысында қандай ойпат, қыраттар бар?
2. Аласа таулы өлкелерге қай таулар жатады?
3. Жаңа тақырыпқа көшу кезеңі
Кіріспе сұрақтар қойылады:
1. Қазақстанның қанша аумағын биік таулар алып жатыр?
2. Биік тауларға биіктігі қанша метр болатын таулар жатады?
3. Олар Қазақстанның қай бөлігін алып жатыр? (карта бойынша анықтау)
4. Тектоникалық картадан биік таулардың қай кезеңдерде пайда болғанын анықтаңдар.

3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі. Аласа таулар мен биік тауларды салыстырады. Бұл жерде негізгі мәселе таулардың қай кезеңде қалыптасқанын салыстыра отырып, жер бедерінің дамуында тектоникалық қозғалыстар мен геологиялық уақыттың ролін ашып көрсету. Қазақстан аумағындағы биік таулардың ерекшелігін анықтау үшін мынадай тапсырмалар береді:
1. Бұл таулардың барлығы дерлік палеозой қатпарлықтарында қалыптасқанына қарамастан биік болып келу себебін қалай түсіндіруге болады?
2. Биік таулы аймақтардың бүгінгі күнге дейін қалыптасып, дамып жатқандығын қалай дәлелдеуге болады?
Кейін мұғалім биік таулы аймақтарға сипаттама беруді бастайды. Сипаттама беруде жеке тау жүйелеріне олардың географиялық орны мен бұл тау, тау жүйесіне жататын тау жоталарына және ең биік нүктелеріне тоқталады.

4. Жаңа тақырыпты бекіту
Оқулық мәтінін және физикалық картаны пайдалана отырып тау жүйелеріне сипаттама беру тапсырмасын береді: 1) қандай тау жоталарынан тұрады; 2) ең биік нүктелері
5. Сабақты қорытындылау
1. Қазақстан аумағында қандай биік таулар бар?
2. Олар еліміздің қай бөлігінде орналасқан екен?
6. Бағалау кезеңі
Сабақ барысында белсенді қатысып отырған және картамен жұмыс істеген оқушылар бағаланады.
7. Үйге тапсырма беру Кескін картаға Қазақстанның биік тауларын түсіру. Тапсырмаларын аяқтамаған жағдайда оларды соңына дейін аяқтау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 022
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
География пәні бойынша 8 сыныптарға күнделікті сабақ жоспары
География пәні бойынша 8 сыныптарға күнделікті сабақ жоспары
География пәнінен 8 сыныптарға күнделікті сабақ жоспары
Геологиялық жыл санау және геохронологиялық кесте
Геологиялық жыл санау және геохронологиялық кесте
Жердің даму кезеңдері, тау жыныстарының жасын анықтау туралы білім беру. Геохронологиялық кестемен таныстыру.
Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады? Қазақстанның және Батыс Қазақстан облысының географиялық орны мен шекаралары
Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады? Қазақстанның және Батыс Қазақстан облысының географиялық орны мен шекаралары
Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы туралы баяндау. Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады? Географиялық білім көздеріне сипаттама беру. Қазақстанның және Батыс Қазақстан облысының шекараларын, аумағын, географиялық координаталарын, географиялық
Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы
Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №17 жалпы орта білім беретін мектептің тарих - география пәні мұғалімі Кылышпекова Карлыгаш Толеубековна
Кембридж бағдарламасы бойынша географиядан сабақ жоспарлары
Кембридж бағдарламасы бойынша географиядан сабақ жоспарлары
Орал қаласы, №41 жаратылыстану - математика бағытындағы мектеп - лицейінің география пәні мұғалімі Адиева Лаура Самиголлиевна
Сарыарқа
Сарыарқа
Мақсаты: 1. Сарыарқа өлкесінің географиялық орны, геологиялық құрылысын, пайдалы қазбалары туралы түсіндіру. 2. Географиялық талдау жасай отырып, сабақ моделі арқылы оқушылардың алған білімдерін одан әрі дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×