Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстанның топырақ жамылғысы (географиядан күнделікті сабақ жоспары)

23 қыркүйек 2016, Жұма
Категориясы: География
Күнделікті сабақ жоспары, география 8 сынып
Тақырыптар:
31 - сабақ. Қазақстанның топырақ жамылғысы.
32 - сабақ. Қазақстандағы топырақ жамылғысының типтері.
33 - сабақ. №6 сарамандық жұмыс
34 - сабақ. Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесі
35 - сабақ. №7 сарамандық жұмыс


Тақырыбы: Қазақстанның топырақ жамылғысы.
Білімділік: Топырақ және оның пайда болуы. Оқушыларға топырақ қабаттарының түзілу себептерін түсіндіру. Топырақ түзуші факторларға сипаттама беру. Топырақтың механикалық құрамына тоқталу.
Дамытушылық: Қазақстанның физикалық картасы бойынша топырақ түрлерінің таралуын сипаттау арқылы тақырыптық карталармен жұмыс істей білу дағдысын одан әрі қалыптастыру. Икемділіктері мен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Топырақтың маңызы туралы көзқарастарын кеңейту арқылы, қоршаған ортаны қорғауға баулу, өз отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс - тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал - жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тақырыптық карталар

Сабақтың кезеңдері: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
3. Тақырыпты меңгеру кезеңі
4. Тақырыпты бекіту кезеңі
5. Сабақты қорытындылау кезеңі
6. Бағалау кезеңі
7. Үй тапсырмасын беру кезеңі

1. Сабақтың барысы: (1 мин)
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
2. (8 мин) Ең алдымен кескін карталарын тексереді. Кейін өткен тақырып бойынша бірнеше сұрақтар қояды:
1. Қазақстан аумағында қанша мұздық бар? Олар қанша ауданды алып жатыр?
2. Қазақстандағы ең үлкен мұздықта ата. Ол қайда орналасқан?
3. Мұздықтардың қандай тип топтары болады?

3. (10 мин) Жаңа тақырыпты бастар алдында кіріспе әңгіме жүргізеді:
1. Топырақ дегеніміз не? Ол неден және қалай түзіледі?
2. Материктер мен мұхиттар географиясынан қандай топырақ түрлерін білдіңдер?
3. Дүние жүзі топырақтары неге әр түрлі, не себептен?
Кейін мұғалім топырақ тақырыбы бойынша қысқаша шолу жасайды:
Геохронологиялық кесте бойынша эралар мен дәуірледі еске түсіріп жердің геологиялық тарихында алдымен пайда болған топырақ екенін айтады. Алғашқы жұқа топырақ қабаты 500 млн жыл бұрын кембрий дәуірінде пайда болғанын баяндайды. Топырақты зерттеген ғалым – В. В. Докучаев. Топырақтың түзілуіне, оның қасиетіне түрлі факторлар әсер ететінін айтады. Олар: тау жынысы, өсімдік және жануарлар дүниесі, жер бедері, уақыт, адамның шаруашылық әрекеті. Кейін олардың әрбіреуіне жеке - жеке тоқталып кетеді.
Топырақтың механикалық құрамына тоқталады: құрылымды және құрылымсыз топырақ түрлерін сипаттайды. Өсімдіктерді өсіруге бұл топырақтардың қайсысы қолайлырақ деген проблемалық сұрақ қояды.

4. (20 мин) Тақырыпты бекіту үшін келесі сұрақтарды қояды:
1) Топырақ дегеніміз не?
2) Топырақ құрушы факторларды атаңдар.
3) Топырақтың қара шірігі қалай пайда болады?
4) Топырақтың механикалық құрамына нелер жатады?
5) Құрылымды топырақ қандай топырақ?
6) Өз өлкеңнің топырағы туралы не білесің?

5. (2 мин) Сабақты қорытындылау үшін оқушыларға келесі сұрақтарды қояды: 1) Бүгінгі сабақта не білдіңдер? Сабақ несімен қызықты болды?
6. (2 мин) Оқушыларды сабақтағы белсенділігіне қарай бағалайды. Күнделіктеріне бағаларын қояды.
7. (2 мин) Үйге §35 қайталау, §36 қарастыру.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
5 290
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Топырақтану туралы ұғым. Топырақ өңдеу. Тыңайтқыштар. (теория)
Топырақтану туралы ұғым. Топырақ өңдеу. Тыңайтқыштар. (теория)
Топырақты қорғау жұмыстарымен адамдардың шаруашылық қызметін топырақтың құнарсыздануы, одан сақтау жолдары мен өңдеу шаралары туралы түсіндіру.
Топырақтар
Топырақтар
Топырақтың құрылымын жіктей алады; Топырақтың тірі ағзалар үшін маңызына мысал келтіріп, тұжырымдай алады;
Топырақ. Топырақты қорғау
Топырақ. Топырақты қорғау
Оқушыларға топырақ туралы түсінік беру Топырақтың табиғат пен адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру.
Қазақстандағы топырақ типтері
Қазақстандағы топырақ типтері
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, № 5 орта мектебінің география пәні мұғалімі Кенжебаева Қаламқас
Қазақстандағы топырақ жамылғысының типтері
Қазақстандағы топырақ жамылғысының типтері
Құмаш Табысбек №1 Теректі орта мектебінің география пәні мұғалімі
Қазақстандағы топырақ типтері
Қазақстандағы топырақ типтері
География пәні мұғалімі: Бердіғали Шынар Ибадуллақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×