Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Топырақтар

01 ақпан 2018, Бейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Сабақтың тақырыбы: §32, 35. Топырақтар (8 сынып)
Мақсаты: Топырақтың маңызын оқып үйрену
Күтілетін нәтижелер: А) Топырақ түзетін факторларды біледі;
В) Топырақтың құрылымын жіктей алады;
С) Топырақтың тірі ағзалар үшін маңызына мысал келтіріп, тұжырымдай алады;
Керекті жабдықтар: Оқулық, Қазақстанның физикалық картасы, визуалды айғақтар, слайд, атлас, бағалау парақтары
Қолданылатын әдіс - тәсілдер Топтық, «Сен білесің бе?», «Стоп кадр», «Екі жұлдыз, бір ұсыныс», «Есте сақта!», визуаландыру, «Алақан».

Кіріспе (5 мин)
- Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін оқушылармен амандасамын;
- Сынып оқушыларын түстер арқылы топқа бөлемін. (қара, қоңыр, сұр)
- Оқушыларға бағалау парақтарын таратамын.
- Үй тапсырмасын «Сен білесің бе?» әдісі арқылы сұраймын.
Қазақстандағы ең үлкен өзен?
Қазақстандағы жалғыз ағынды көл?
Қазақстандағы су қоймаларын ата, картадан көрсет.
Қазақстандағы ең лай өзен?
Қазақстанның қалдық көлдері?

Тұсаукесер (5 мин)
Жаңа сабағыма кірісу мақсатында оқушыларға «Стоп кадр» әдісін қолданамын. Берілген суреттерге «Бұл кім?», «Жүзі таныс па?», «Бұл не?», «Суреттер арасында қандай байланыс бар?»
Жауап берген оқушыларды ынталандырып отырамын.
Негізгі бөлім (25)
Жаңа сабақтың тақырыбын анықтап алған соң оқушыларға тапсырмалар топтамасын беремін.
Тапсырма№1. (l2 мин) Мәтінмен танысу. Берілген тақырыптарды «SWOT» әдісімен талдау
І топ: Топырақ түзуші факторлар;
ІІ топ: Топырақ түзудегі климаттың маңызы
ІІІ топ: Топырақтың маңызы;
Тапсырма: №2. (l2 мин) Сыни ойлануға тапсырма
І топ: Топырақтың жануарлар үшін маңызы?
ІІ топ: Топырақта шіріндіні қалай көбейтуге болады?
ІІІ топ: Топырақпен қатысы жоқ шаруашылық бар ма?
Оқушылардың алған білімін одан әрі нақтылау үшін оқушыларға Қазақстанның топырақ жамылғысы тақырыбы бойынша бейнеролик көрсетемін. (l мин)

Орал қаласы,
М. Б. Ықсанов атындағы №36 орта жалпы білім беретін мектебі.
Пән мұғалімі: Уйсимбаева Шугыла Кузембаевна

Топырақтар. жүктеу
Қазақстанның топырақ түрлері. слайдын жүктеу
2 135
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Топырақтану туралы ұғым. Топырақ өңдеу. Тыңайтқыштар. (теория)
Топырақтану туралы ұғым. Топырақ өңдеу. Тыңайтқыштар. (теория)
Топырақты қорғау жұмыстарымен адамдардың шаруашылық қызметін топырақтың құнарсыздануы, одан сақтау жолдары мен өңдеу шаралары туралы түсіндіру.
Тамақ өнеркәсібі
Тамақ өнеркәсібі
Тамақ өнеркәсібінің салалары, оларды тұтынудың орташа көрсеткіші туралы оқып үйрену
Қазақстанның топырақ жамылғысы (географиядан күнделікті сабақ жоспары)
Қазақстанның топырақ жамылғысы (географиядан күнделікті сабақ жоспары)
Геохронологиялық кесте бойынша эралар мен дәуірледі еске түсіріп жердің геологиялық тарихында алдымен пайда болған топырақ екенін айтады. Алғашқы жұқа топырақ қабаты 500 млн жыл бұрын кембрий дәуірінде пайда болғанын баяндайды. Топырақты зерттеген
Қазақстандағы топырақ типтері
Қазақстандағы топырақ типтері
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, № 5 орта мектебінің география пәні мұғалімі Кенжебаева Қаламқас
Қазақстандағы топырақ жамылғысының типтері
Қазақстандағы топырақ жамылғысының типтері
Құмаш Табысбек №1 Теректі орта мектебінің география пәні мұғалімі
Қазақстандағы топырақ типтері
Қазақстандағы топырақ типтері
География пәні мұғалімі: Бердіғали Шынар Ибадуллақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×