Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Түсті металлургия. Павлодар облысының металлургия кешені

26 қыркүйек 2016, Дүйсенбі
Категориясы: География
Күнделікті сабақ жоспары, география 9 сынып
Тақырыптар:
21 - сабақ. Түсті металлургия. Павлодар облысының металлургия кешені
22 - сабақ. №4 сарамандық жұмыс
23 - сабақ. Химия өнеркәсібі кешені. Химия өнеркәсібінің салалары, құрылыс материалдары және орман шаруашылығының кешендері
24 - сабақ. Павлодар облысының химия өнеркәсібі кешені
25 - сабақ. «Өнеркәсіп салалары» бойынша қайталау


Тақырыбы: Түсті металлургия. Павлодар облысының металлургия кешені

Білімділік. Түсті металлургияның маңызын, құрамын, Қазақстанның түсті металл түрлері бойынша дүние жүзіндегі орнын анықтау. Ауыр металдар өндірісінің географиясы, жеңіл металдар металлургиясын бағалы және сирек кездесетін металдардың және Қазақстанның металлургиялық базаларының географиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Металлургияның қоршаған ортаға келтіретін зияны туралы көзқарастарын қалыптастыру. Павлодар облысының қара металлургия кәсіпорындарының орналасу факторларын, түсті металлургиясы қандай топтарға бөлінетінін, түсті металдардың қайда қолданылатынын, оның кәсіпорындарының орналасу принциптерін анықтау.
Дамытушылық. Қазақстанның қара металлургия орталықтарын, өнеркәсіпті қорғасын - мырыш, алюминий, титан - магний кәсіпорындарын атап және картадан көрсету арқылы картамен жұмыс істеу икемділіктерін одан әрі дамыту.
Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін арттыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс - тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал - жабдықтар: Қазақстанның саяси - әлеуметтік картасы, Павлодар облысының кешенді картасы, Атлас
Негізгі ұғымдар: ауыр, жеңіл, бағалы, қиын балқитын, сирек кездесетін металдар, дюраалюминий, полиметалл, кен - металлургиялық комбинаттар
Номенклатура: мыс – Орталық, Шығыс Қазақстан, қорғасын - мырыш – Оңтүстік, Шығыс Қазақстан, полиметалл – Зырян, Риддер, Өскемен, титан – Сәтбаев, Обуов, Шоқаш, боксит – Павлодар, Қызыл Октябрь, Амангелді, алтын – Комаров, Ақбеит, Бозшакөл, Бестөбе, Бақыршық

Сабақтың құрылымы: І ұйымдастыру кезеңі
ІІ үй тапсырмасын тексеру
ІІІ жаңа тақырыпқа көшу кезеңі
ІV жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі
V жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
VІ сабақты қорытындылау кезеңі
VІІ – бағалау кезеңі
VІІІ үйге тапсырма беру
Сабақтың барысы:

І Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ Ең алдымен дәптерлеріндегі тапсырмаларын тексереді. Кейін мәтін соңындағы ақпараттар бойынша сұрақтар қояды:
1) Қазақстанның темір кенінің құрамындағы металдың үлесі қанша?
2) Ақсу ферроқорытпа зауыты мен АҚШ ферроқорытпа зауыттарын салыстырыңдар.
3) Қарағанды металлургия комбинаты қай шетелдік компанияның басқаруына және қашан берілді?

ІІІ Кіріспе сұрақтар:
1) машина жасау кешенін еске түсіреміз: автокөлік 200 мыңнан астам бөлшектен тұрады. Олар қандай салалармен тығыз байланыстылығын көрсетеді?
2) машина өндірісіндегі технологиялық кезеңдерде бөлшектерді дайындау үшін қандай материалдар қолданылады?
3) осы екі мысалда қандай саланың қажеттілігі көп байқалады?

ІV Жаңа тақырыпты меңгеру жоспары:
1. Түсті металлургия: кешен ішіндегі кешен.
2. Ауыр металдар өндірісінің географиясы: шикізат көздеріне бағытталуы
3. Жеңіл металдар металлургиясы: қуат көздеріне бағытталуы
4. Бағалы және сирек кездесетін металдар
5. Қазақстанның металлургиялық базалары
6. Металлургия және қоршаған орта
7. Павлодар облысының қара металлургиясы
8. Павлодар облысының түсті металлургиясы

Жаңа тақырыпты меңгеру үшін оқулық мәтіндері мен тақырыптық карталарды пайдаланады.
Жаңа тақырыпты оқушылар өздігінен меңгеру үшін нұсқаулар береді: 1. Түсті металдардың маңызы мен қолданылуын анықтаңдар.
2. Түсті металлургияның құрамын білу үшін 84 - суретті талдау.
3. Мұғалім өзі металдар топтарына қысқаша сипаттама беріп кетеді: ауыр металды кендердің құрамы өте көп. Сондықтан оларды тиімді пайдалану үшін шикізатты кешенді өңдейтін комбинаттар құрылған. Шымкентте қорғасыннан басқа 14 түрлі өнім алынады. Ауыр металдардың тағы бір ерекшелігі – құрамында пайдалы компоненттердің аз болуы. Сондықтан балқыту зауыттары шикізат көзіне таяу орналасады. Осы себептен мұнда көп кезеңді флотация қолданылады. Біздің елімізде ауыр түсті металдарды мыс және қорғасын - мырыш (полиметалл) өндірісі салалары шығарады. Мыс қоры Қазақстанның барлық аудандарында бар, ең үлкендері Орталық пен Шығыс Қазақстанда шоғырланған. Еліміздегі полиметалл өндірісінің басты ауданы – Кенді Алтай. Мұнда үш ірі орталық бар – Зырян, Риддер, Өскемен. Осы жерде оқушыларға тапсырма береді: Шығыс және Оңтүстік қорғасын - мырыш өнеркәсіптерін салыстырыңдар. Ауыр металдарға қарағанда жеңіл металдар кендерінде пайдалы компоненттерінде көп болады. Бірақ оны өңдеуге көп электр қуаты қажет.

Біздің елімізде жеңіл металдарды алюминий және титан - магний өнеркәсіптері өндіреді. Оқушыларға тапсырма: жеңіл металдардың ерекшеліктерін анықтау.
Алюминийді құрамында алюминий тотығы бар бокситтен алады. Алюминий алу 2 кезеңнен тұрады: 1) бокситтен алюминий оксидін алу, 2) алюминий оксидінен алюминий алу. Осы жерде оқушыларға сұрақ қойылады: Павлодар облысында қандай зауыттар бар? Олар қандай факторларға байланысты салынған?
Бағалы және сирек кездесетін металдардың ішінен елімізде алтын Батыстан басқа барлық аудандарда өндіріледі. Оқушыларға тапсырма: бағалы және сирек кездесетін металдар қайда өңделеді?
Осы барлық металдардың таралуы мен аудандардың мамандануына байланысты Қазақстанда 3 металлургиялық база қалыптасқан: Шығысы, Орталық, Солтүстік. Металлургиялық база – ортақ шикізат немесе отын қорларын пайдаланатын зауыттар тобы. Ең ежелгісі – Шығыс, ол «өндірістің жоғарғы қабаттарын» қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Орталық металлургиялық базаның мамандануы кеңейіп келеді. Солтүстік металлургиялық база ең жас болып табылады.
Тақырыпты бекіту үшін 157 - беттегі 1 - 5 тапсырмаларды береді. Кейін сұрақтар қояды: 1) Түсті металдардың қандай топтары бар? 2) Неліктен түсті металлургияда шикізатты кешенді өңдейтін комбинаттар салу тиімді? 3) Жеңіл түсті металл кендерінің қандай қасиеттері оларды орналастырудағы негізгі принциптерімен байланыстырады? 4) Мыс және алюминий өнеркәсібінің негізгі орталықтарын атаңдар. 5) Қазақстандағы негізгі металлургиялық базаларды картадан көрсетіңдер.
Сабақты оқушылармен бірігіп қорытындылайды: Сонымен, түсті металлургияның маңызы мен Қазақстандағы даму жағдайы қандай екен?
Оқушыларды сабақта көрсеткен белсенділігіне байланысты бағалайды.
Үй тапсырмасына §13, 6 - тапсырма, тест сұрақтары.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
4 909
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Машина жасау кешені
Машина жасау кешені
Оқушыларға Қазақстанның машина жасау кешені, салалары, кен орындары жөнінде түсіндіру. Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Павлодар облысының отын - энергетикалық кешені (күнделікті сабақ жоспары)
Павлодар облысының отын - энергетикалық кешені (күнделікті сабақ жоспары)
Отын өнеркәсібі – облыстың басты энергиясының көзі. Павлодар облысында көмірді шығаратын 8 орын бар. Ең ірілері – Екібастұз бен Майкүбі бассейндері. Екібастұз көмір алаңы – Қазақстандағы ең ірі алаңның бірі. Оның жалпы қоры – 1208 млрд. т.
География пәнінен 9 сыныптарға арналған емтихан билеттері
География пәнінен 9 сыныптарға арналған емтихан билеттері
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №11 жалпы білім беретін орта мектептің география пәні мұғалімі Толегенова Жазира Кенжекуловна
Металлургиялық кешен. Қара металлургия
Металлургиялық кешен. Қара металлургия
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Алғабас ауылы, Алғабас орта жалпы білім беретін мектебі тарих және география пәні мұғалімі Дисалиев Радик Каберович
Жеңіл түсті металдар металлургиясы, металлургия және қоршаған орта
Жеңіл түсті металдар металлургиясы, металлургия және қоршаған орта
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №55 С. Қожанов атындағы орта мектептің география пәні мұғалімі Г. Кемелбекова
Химия кешені
Химия кешені
Нұртас Оңдасынов атындағы Түркістан аймақтық «Дарын» мектеп-интернатының география пәні мұғалімі Сержанов Фархад
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×