Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Агроөнеркәсіптік кешен. АӨК - тің құрамы мен маңызы. Өсімдік шаруашылығы

26 қыркүйек 2016, Дүйсенбі
Категориясы: География
Күнделікті сабақ жоспары, география 9 сынып
Тақырыптар:
26 - сабақ. Агроөнеркәсіптік кешен. АӨК - тің құрамы мен маңызы. Өсімдік шаруашылығы.
27 - сабақ. Мал шаруашылығы. Тамақ және жеңіл өнеркәсіптері.
28 - сабақ. Павлодар облысының АӨК - І
29 - сабақ. №6 сарамандық жұмыс. Агроөнеркәсіптік кешен
30 - сабақ. Көлік кешені. Әлеуметтік инфрақұрылым кешені.


Тақырыбы: Агроөнеркәсіптік кешен. АӨК - тің құрамы мен маңызы. Өсімдік шаруашылығы.
Білімділік. Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кешеннің құрамы мен маңызы туралы оқушылардың көзқарастарын қалыптастыру. Кешеннің буындары туралы, ерекшеліктері мен салаларының даму факторларын анықтау. Өсімдік шаруашылығының салаларын қарастырып, ерекшелігін анықтау.
Дамытушылық. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін физикалық карта бойынша сипаттау арқылы және оны кескін картаға түсіру арқылы картамен жұмыс істеу икемділіктерін одан әрі дамыту.
Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін арттыру, қоршаған ортаны қорғау қасиеттерін арттыру, географиялық мәдениетке баулу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс - тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал - жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тақырыптық карталар
Негізгі ұғымдар: ауыл шаруашылығы, тыңайған жерлер, жайылымдар, кешенді мелиорация, өсімдік шаруашылығы, агро климаттық карталар, дәнді дақылдар, техникалық дақылдар, бақша дақылдары

Сабақтың құрылымы:
І ұйымдастыру кезеңі
ІІ жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі
ІІІ жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
ІV сабақты қорытындылау кезеңі
V бағалау кезеңі
VІ үйге тапсырма беру
Сабақтың барысы:

І Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ Ең алдымен кіріспе сұрақтар қояды:
1. Адамдар жерді не үшін пайдаланады?
2. Қазақстанның ауыл шаруашылығында қандай мәдени өсімдік түрлері өсіріледі?
Кейін жаңа тақырыпты келесі жоспар бойынша меңгереді:
1) АӨК - нің құрамы мен құрылымы. Ауыл шаруашылық өнімдері бұзылып кетпеу үшін оларды уақытында өңдеп, халыққа жеткізу керек. Осының негізінде АӨК - ә құрылады. Бұл кешен аса ірі салааралық кешен – жұмыскерлер саны 2, 4 млн адам. Жалпы ішкі өнімнің 1/10 береді.
2) АӨК - нің І буыны. Бұл АӨК - ке ауыл шаруашылық машиналарын, құрал - жабдықтар жеткізе отырып, оның интенсификациясының жалпы деңгейін анықтайды. АӨК - і ескі техника пайдаланады. Өндірілген өнімнің аз ғана үлесі өңделеді.
3) Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы – АӨК - тің орталық тізбегі болып табылады, ел экономикасының дәстүрлі саласы. Қазақстанның барлық аумағы – 272 млн га. Ең көп аумақты жайылымдық жерлер алып жатыр. Ауыл шаруашылығына қолайсыз факторлар – құрғақшылық, жел және су эрозиясы, топырақтың тұздануы мен батпақтануы.
4) Өсімдік шаруашылығы. Өсімдік шаруашылығы егін шаруашылығы, бақша шаруашылығы, жүзім өсіруден тұрады. Егін шаруашылығына табиғи факторлар – жылу, жарық, ылғал қатты әсер етеді. Елімізде егіншіліктің басты саласы – дәнді дақылдар – бидай, арпа, жүгері, күріш, сұлы, қарақұмық, тары, қарабидай өсіру.
тақырыпты меңгеру үшін оқулық мәтіні мен тақырыптық карталар пайдаланылады.

ІІІ Тақырыпты бекіту үшін 183 беттегі 1 - тапсырма, 184 беттегі 2 - 5 тапсырмаларды және 185 беттегі тестерді береді.
ІV Сабақты оқушылармен біріге отырып қорытындылайды.
V Оқушылар сабақ барысында белсенділік танытуына және тапсырмаларды орындауына қарай бағаланады.
VІ 181 - 182 беттегі ақпараттарды оқу; тақырыпты қайталау. Тапсырмаларды орындап үлгермеген жағдайда аяқтау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
4 614
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ауыл шаруашылығы және көлік географиясы
Ауыл шаруашылығы және көлік географиясы
Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі: Ресейдің ауыл шаруашылығы мен көлік географиясының дамыған басты салалары туралы білу. Өсімдік және мал шаруашылығының таралу ерекшеліктерін түсіну.
Павлодар облысының отын - энергетикалық кешені (күнделікті сабақ жоспары)
Павлодар облысының отын - энергетикалық кешені (күнделікті сабақ жоспары)
Отын өнеркәсібі – облыстың басты энергиясының көзі. Павлодар облысында көмірді шығаратын 8 орын бар. Ең ірілері – Екібастұз бен Майкүбі бассейндері. Екібастұз көмір алаңы – Қазақстандағы ең ірі алаңның бірі. Оның жалпы қоры – 1208 млрд. т.
Шаруашылықтың құрамы мен құрылымы (күнделікті сабақ жоспары)
Шаруашылықтың құрамы мен құрылымы (күнделікті сабақ жоспары)
Шаруашылық ұғымына анықтама беру. Жоспарлы, нарықтық және аралас экономика ұғымдары туралы түсініктерін қалыптастыру. Қазақстанның шаруашылығына – кәсіпорындары - салалары - салааралық кешендерді сипаттау.
География пәнінен 9 сыныптарға арналған емтихан билеттері
География пәнінен 9 сыныптарға арналған емтихан билеттері
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №11 жалпы білім беретін орта мектептің география пәні мұғалімі Толегенова Жазира Кенжекуловна
Географиядан сабақ топтамасы (9 сынып)
Географиядан сабақ топтамасы (9 сынып)
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №55 С. Қожанов атындағы орта мектептің география пәні мұғалімі Кемелбекова Г.
Ауыл шаруашылығы технологиясы
Ауыл шаруашылығы технологиясы
Ауыл шаруашылығы технологиясы Егіншілік шаруашылығы, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×