Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстанның физикалық географиялық сипаттамасы

24 желтоқсан 2012, Дүйсенбі
Категориясы: География
Павлодар қаласы,
Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған
облыстық қазақ гимназия-интернатының география пәні мұғалімі
Жунусбаева Марал Тұрмысовна

І бөлім. Қазақстанның физикалық географиялық сипаттамасы бөлімінің оқу модулі.
Тақырыптар: Қазақстанның географиялық орны мен шекаралары.
Қазақстан аумағындағы уақыт айырмасы. Сағаттық белдеулер.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстанның географиялық орны, аумағы, шекарасы жайлы түсінік беру, Республика аумағында уақыт айырмасының болуы еліміздің аумағының көлемді екендігіне байланысты екендігін анықта, сағаттық белдеулердің есептеу жүйесін үйрету.
Дамытушылық: Ақпаратпен, қосымша материалмен жұмыс жасау қабілетін қалыптастыра отырып, ойлау белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың ата мекенге, табиғатқа, халқына деген сүйіспеншілік сезімін ояту.
Оқытудың құрал–жабдықтары. Қазақстанның физикалық картасы, Дүниежүзінің физикалық картасы, глобус, интербелсенді тақта.

Модулдің құрылымы Сағат саны
Сабақтың мазмұны мен түрлері
Сабақ барысындағы уақыт
Кіріспе бөлімі
1-сабақ Ұйымдастыру кезеңі. Тақырыпқа шығу, мақсат қою.
Әр оқушының алдына қойылатын мақсат-міндеттермен таныстыру. Мұғалім сызба-нұсқа арқылы тақырыпты түсіндіруі.Оқу модулімен таныстыру-10 мин
«Сұрақтар мен жауаптар» ойыны арқылы жұптық жұмыс жүргізу.25 мин

Рефлексия - 10 мин
2-сабақ Сарамандық жұмысты орындау. Жеке топтық жұмыс түрі.20 мин
№1 Қазақстанның географиялық орны
№2 Жергілікті және белдеулік уақытты анықтау. 15 мин
Рефлексия 10 мин
Қорытынды бөлім
3- сабақ. Қазақстанды физикалық географиялық тұрғыдан сипаттауға арналған бақылау жұмысы 30 мин
Үйге тапсырма
Рефлексия 10 мин
1 сабақ
Тақырыбы: Қазақстанның географиялық орны мен шекаралары. Қазақстан аумағындағы уақыт айырмасы. Сағаттық белдеулер
Құрал-жабдықтар: кестелер, нөмір белгіленген жетондар , стол үстіндегі көрсеткіштер, жалпы бағалау парағы

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру барысы
ІІ. Ой қозғау.
- Дүние жүзінің саяси картасы бойынша мемлекеттердің жер көлемін салыстыру арқылы Қазақстанның жер көлемі жайлы не айта аласыңдар?
- Қазақстанның географиялық орнын нақты анықтай аламыз ба?

ІІІ. Тақырыпты ашу және мақсат қою.
Сонымен бүгін қандай тақырыппен танысамыз? /оқушылардың жауабы, мұғалім толықтыру енгізеді /
- Қазақстанның географиялық орнын анықтау үшін қандай мақсат қоямыз? /оқушылар жауабы/
IY. Модуль бойынша сабақтың ең басты мәліметтерін сызба бойынша түсіндіру /сызба/

Y. «Сұрақтар мен жауаптар» ойыны арқылы тақырыпты меңгеріп, бекіту.
Ойынның шарты: Жұптық жұмыс.
Мұғалім әр жұпқа тақырып бойынша сұрақтары бар кестелер таратады. 20 мин ішінде әр жұп оқулықтардан жауап алумен айналысады. Жауапты алып болғаннан соң бір-біріне сұрақтар қойып, алған білімдерін бекітеді. Бірін-бірі бағалайды. Қорытындысын тақтаға шығарады.

Жұптарға берілетін тапсырмалар.
1.Республикамыздың шеткі төрт нүктесін анықтаңдар.
2. Қазақстанның географиялық орнының саяси және шаруашылық маңызына сипаттама беріңдер
3.Белдеулік, декреттік, жергілікті, жазғы уақыт ұғымдарына анықтама беріп, Қазақстанның сағаттық белдеуін анықтаңдар?
4. Сағаттық белдеулер неше белдеуден тұрады және әр белдеу неше градустан тұрады?

YІ. Рефлексия.
Қазақстанның аумағының үлкендігіне қандай дәлелдеулер айта аласыңдар?

2- сабақ Сарамандық жұмыстар
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сарамандық жұмысты орындау. Жеке топтық жұмыс түрі.

Сарамандық жұмыс №1
Тақырыбы: Қазақстанның географиялық орны.

Мақсаты: Қазақстанның географиялық орнының табиғат жағдайларына, саяси және шаруашылық маңызына баға беру.

1. Географиялық атласты және оқулық мәтінін пайдаланып кескін картаға:
- Қазақстанның шекарасын белгілеңдер.
- Қазақстанға көршілес елдердің аттарын жазыңдар.
- Қазақстанның астанасын, облыс орталықтарын, өздерің тұратын елді мекенді белгілеңдер.
2. шеткі нүктелердің географиялық координаталарын тауып, картаға түсіріңдер.
3. Физикалық – географиялық жағдайына сипаттама беріңдер.

Сарамандық жұмыс №2.
Тақырыбы: Жергілікті және белдеулік уақытты анықтау.

Мақсаты: Жергілікті және белдеулік уақытты анықтауға арналған есептерді шығара отырып, іскерліктерін қалыптастыру.

1. 77 ш.б орналасқан Алматы қаласында 16 сағат болғанда, 74 б.б. орналасқан Нью-Йоркте сағат неше болады?
2. Өздерің тұратын жердің бойлығын анықтап, жергілікті уақытты есептеп шығарыңдар.

Рефлексия.
- Қазақстанның географиялық орнына саяси және физикалық тұрғыдан нендей жағдайлар әсер етеді?
- Әрбір белдеудегі уақыт көршілес белдеудегі уақыттан нендей айырмашылық жасайды

3 сабақ Бақылау жұмысы
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Бақылау жұмысы.
Мақсаты: Алған білімдерін қолдану барысында оқушылардың білім, білік - дағдыларын тексеру.

№1 нұсқа
1. ҚР- ның дүние жүзіндегі орны, жер көлемін, шекараларын анықтап беріңдер.
2. Қазақстан аумағы Солтүстік жарты шардың қай аймағында орналасқанын дәлелдеңдер.
3. Қазақстан орналасқан сағаттық белдеулерді атап беріңдер.
4. Астана қандай сағаттық белдеуде жатыр?
5. Жергілікті уақыт дегенді қалай түсінесіңдер?
№2 нұсқа
1. Шекаралас елдері жайлы сипаттама беріп көр.
2. Қазақстан аумағындағы уақыт айырмашылықтары не себепті деп ойлайсың?
3. Қазақстан географиясының табиғи және экономикалық проблемаларды шешудегі рөлі қандай?
4. Мәскеуде, Атырауда жаңа жылды неге Алматыдан кейін қарсы алады?
5. Декреттік және жазғы уақыт не үшін енгізілген?

ІІІ. Рефлексия
1. Уақыт айырмашылықтары қажет пе?
21 992
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
География пәні бойынша 8 сыныптарға күнделікті сабақ жоспары
География пәні бойынша 8 сыныптарға күнделікті сабақ жоспары
География пәнінен 8 сыныптарға күнделікті сабақ жоспары
ХVІ - ХІХ ғасырлардағы географиялық зерттеулер. Қазақтың ғұлама ғалымы Ш. Ш. Уалиханов зерттеулері (күнделікті сабақ жоспары)
ХVІ - ХІХ ғасырлардағы географиялық зерттеулер. Қазақтың ғұлама ғалымы Ш. Ш. Уалиханов зерттеулері (күнделікті сабақ жоспары)
ХVІ - ХІХ ғасырлардағы географиялық зерттеулер. Қазақтың ғұлама ғалымы Ш. Ш. Уалиханов зерттеулері Оқушылардың Қазақстан аумағының физикалық географиялық тұрғыдан зерттелуінің басты мақсаты, оған еңбек сіңірген ғалымдар, зерттелудің қазақ елінің
Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады? Қазақстанның және Батыс Қазақстан облысының географиялық орны мен шекаралары
Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады? Қазақстанның және Батыс Қазақстан облысының географиялық орны мен шекаралары
Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы туралы баяндау. Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады? Географиялық білім көздеріне сипаттама беру. Қазақстанның және Батыс Қазақстан облысының шекараларын, аумағын, географиялық координаталарын, географиялық
Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы
Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №17 жалпы орта білім беретін мектептің тарих - география пәні мұғалімі Кылышпекова Карлыгаш Толеубековна
Географиядан сабақ жоспары
Географиядан сабақ жоспары
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, С. Сейфуллин атындағы №165 мектептің география пәнінің мұғалімі Жабагиева Гульсара Жұбаназарқызы, Махсутова Жаркынгул
Сарыарқа
Сарыарқа
Мақсаты: 1. Сарыарқа өлкесінің географиялық орны, геологиялық құрылысын, пайдалы қазбалары туралы түсіндіру. 2. Географиялық талдау жасай отырып, сабақ моделі арқылы оқушылардың алған білімдерін одан әрі дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×