Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еуразияның зерттелу тарихы

03 наурыз 2018, Сенбі
Категориясы: География
Сабақтың тақырыбы: Еуразияның зерттелу тарихы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ежелгі материктер туралы оқушылардың білімдерін жүйелей отырып, Еуразия материгі, қоныстануы және зерттелу тарихы туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Материктің географиялық орнын ерекшелігін көрсету арқылы білімдерін, картамен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың ұлтжандылық және интернационалдық сезімдерін қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері:
1. Сыни тұрғыда ойлау арқылы оқушылардың білімді іс - тәжірибеде көрсету дағдысын қалыптастыру
2. Өз бетімен тақырыпты меңгеруге үйрету
3. Топтық жұмыста оқушы белсенділігін жетілдіру.
Күтілетін нәтиже:
• Сыни тұрғыдан ойлау дағдылары қалыптасып, пікірін дәлелдей алады
• Сыни тұрғыдан материктің географиялық орнын көрсете алады:
• Картамен жұмыс істейді, пәнге қызығушылығы артады
• Топтық жұмыста іс - әрекет істей алады
• Оқушылар тақырыпты өз бетімен меңгереді.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың әдіс - тәсілдері:
• Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқытуда АКТ - ны пайдалану.
Сабақтың көрнекілігі:
• Интерактивті тақта, Еуразияның физикалық картасы, кескін карта, Жарты шарлардың физикалық картасы; әртүрлі суреттер; т. б.
Нәтижені бағалау: Оқушылардың еңбегін әрбір кезең бойынша бағалау парағы арқылы көрсету.
Пән аралық байланыс: тарих, дүниетану

Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушыларды түгендеу
Сабақ алдындағы көңіл күйлерін тексеру.
2. Сыныпты түгелдеу
3. Топтарға бөлу.
І топ. Еуропа
ІІ топ. Азия
Үй тапсырмасын сұрау.
І«Ой қозғау» стратегиясы.
1) Ескі, ежелгі материкті атаңдар.
2) Солтүстік жарты шарға қай материктер кіреді?

ІІ Географиялық диктант. «Ең. Ең......»
1. Дүние жүзіндегі ең биік тау..... (Гималай)
2. Дүниежүзіндегі ең биік шың.... ) Дожомулунгма)
3. Жер шарындағы теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жер....(Өлі теңіз).
4. Жер шарындағы ең терең көл.....(Байкал)
5. Жер шарындағы ең үлкен көл.....(Каспий)
6. Жер шарындағы ең көп жауын - шашын түсетін аудан....(Черапунджа).
7. Жер шарындағы ең үлкен түбек... (Арабия)
8. Солтүстік жарты шардың ең суық полюсі....(Омякон)
9. Альпі.... ең биік тауы. (Еуропаның)
10. Ключи Шоқысы ең биік......(жанартау)

ІІІ Шеткі нүктелері:
Солтүстігі - Челюскин мүйісі (77°43‘с. е. 104°18‘ш. б.)
Оңтүстігі - Пиай мүйісі (1°16‘с. е. 103°30‘ш. б.)
Батысы – Рока мүйісі (38°47‘с. е. 9°34‘б. б.)
Шығысы - Дежнев мүйісі (66°05‘с. е. 169°40‘ш. б.)

Жаңа сабақ
(7 - кластың электронды оқулықпен жұмыс)
Интерактивті тақтаға оқушылардың назарын аудару.

Қоныстануы. Адамдардың Еуразия жерін қоныстануы Жерорта теңізінен басталған. Осы жағалауда тұңғыш географиялық түсініктер қалыптасып, алғашқы географиялық ұғымдар жиналған. Географиялық ұғымдардың ауқымының кезеңіне біздің заманымызға дейінгі 2500 жылдарды Крит аралын мекендеген ежелгі минхай халқы негіз салған. Минайлар Египет және Кипер, Сицилия аралдары мен қазіргі Балқан түбегіндегі елдермен сауда қарым – қатынасын жүргізген. Финикиялықтар батыстағы жерлерді «Әреб», ал шығыстағы бөлікті «асу» деп атады.

Еуразияның зерттелу тарихы. жүктеу
2 493
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Еуразия. Географиялық орны. Қоныстану және зерттелу тарихы.
Еуразия. Географиялық орны. Қоныстану және зерттелу тарихы.
Еуразия мемлекеттерімен таныстыру, олардың ерекшеліктеріне, экологиялық маңыздылығын түсіндіру. Пәнге деген қызығушылықтарын ояту, картамен жұмысты дамыта отырып, оқушуларды шығармашылық жұмыс істеуге дағдыландыру.
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту және сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдістерінің байланысын меңгерту, әріптестердің коучинг барысында диалогтік оқытудың модулін терең зерттеп, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
Африканың физикалық-географиялық орны, мұхиттары, зерттелу тарихы
Африканың физикалық-географиялық орны, мұхиттары, зерттелу тарихы
Африканың физикалық - географиялық орны, мұхиттары, зерттелу тарихы
Антарктида. Материктің географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы
Антарктида. Материктің географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жарқамыс орта мектебінің география пәні мұғалімі Қарашолақова Набат
Қазақ жерінің ерте кездегі географиялық зерттелуі
Қазақ жерінің ерте кездегі географиялық зерттелуі
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, "№3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені " КММ география пәні мұғалімі Кенжебаева Жанна Онгарбековна
Материк жағалауындағы мұхиттар. Ашылуы және зерттелу тарихы
Материк жағалауындағы мұхиттар. Ашылуы және зерттелу тарихы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің география пәні мұғалімі Ысқақ Есенкелді
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×