Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шығыс Еуропа жазығы

11 наурыз 2018, Жексенбі
Категориясы: География
8 сынып
Тақырыбы: Шығыс Еуропа жазығы
Мақсаты:
Білімділік: Шығыс Еуропа жазығының Қазақстанға енетін бөлігінің географиялық орны, ежелгі платформа екендігі, ондағы пайдалы қазбалардың орналасу заңдылықтары, жер бедерінің қалыптасуына әсер етуші күштер, климатының ерекшеліктері, ішкі суы табиғат зоналары, оны қорғау жөнінде білім беру.
Тәрбиелік: Шығыс Еуропа жазығының қазіргі экологиялық жағдайына тоқталып, оларға мән беруге тәрбиелеу. Өз отаны туралы білімдерін тереңдету арқылы отансүйгіштік қасиетін арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Құрал - жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, атлас, слайд, кескін карта, әр түсті маркерлер, А3 форматтар, тесттер, стикерлер.

Сабақтың барысы
Кезеңдер
Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушылардың іс - әрекеті
1. Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2. Үй жұмысын тексеру:
1 - тапсырма. Оқушыларға үй тапсырмасы бойынша сөйлем оқылады. Дұрыс болса ақ түсті, қате болса жасыл түсті көтереді.
1. Шөл зонасының жалпы көлемі 120 млн. км га, республикамыздың 44 пайызын алып жатыр.
2. Шөлейт зонасының топырағы құнарлы қара топырақтан тұрады.
3. Ойыл, Торғай, Сарысу, Аягөз, Жем орман зонасының өзендері.
4. Орманды дала зонасының байлығы шоқ қайыңдар мен шоқ қарағайлар.
5. Орманды дала зонасының солтүстігіндегі қара топырақтың қалыңдығы 75 см - ге дейін жүреді.
6. Қазақстан жеріне орманды дала зонасының тек оңтүстік шеті сүйірленіп кіреді.
7. Орманды дала зонасында 1 мыңнан астам көл бар.
8. Шөл зонасының ауа райы қолайлы, жауын - шашын көп мөлшерде түседі. Топырағы құнарлы.
9. Құмды шөлдер Қызылқұм, Мойынқұм, Қарақұм, Сарыесік Атырау.
10. Ең ірі сазды шөл - Үстірт, Бетбақдала, Сырдария өзенінің оңтүстік жағалары.
11. Қазақстанның ең жақсы игерілген табиғат зонасының бірі дала зонасы.
12. Дала зонасының топырағы қара және қызыл қоңыр топырақ.

2 - тапсырма. Картамен жұмыс. Табиғат зоналарын картаға түсіріп, көрсету белгілеу
Топқа бөлу. Оқушылар мұғалімнің алдындағы кемелер арқылы топқа бөлінеді
1 - топ Географтар
2 - топ Химиктер
3 - топ Биологтар
Жаңа сабақ жұмбақ арқылы ашылады
Мен жатырмын бөлігінде батыстың
Мұнай менен газым бар
Каспий маңы, Жалпы сырт, Орал алды
Ойпат пен үстірттерім және бар
Ойлап көрші қай жазықпын табыңдар?
Шығыс Еуропа жазығы

Шығыс Еуропа жазығы — Жер шарындағы аса ірі жазықтардың бірі. Қазақстанға оңтүстік - шығыс бөлігі енеді. Жазықтың казақстандық бөлігі Мұғалжар және Үстіртпен, оңтүстігінде Маңғыстаумен шектеседі. Республика аумағындағы Жалпы Сыртқыраты, Каспий маңы ойпаты және Орал алды (Жем) үстірті осы аймақтың құрамына енеді. Бұл аймақ геологиялық дамуы мен тектоникалық құрылымы жөнінен ежелгі Шығыс Еуропа платформасының оңтүстік - шығыс бөлігі болып табылады. Платформа фундаменті архей мен протерозойда қалыптасып, кристалды қатты жыныстарынан қалыптаскан. Оның бетін кейінгі эралардың (палеозой, мезозой, кайнозой) шөгінді жыныстары жапқан. Шығыс Еуропа платформасының қазақстандық бөлігі ұзақ уакыт су астында жатып, біртіндеп көтерілу нәтижесінде қазіргі қалпына келген. Каспий маңындағы бөлігі майысуға көп ұшыраған. Сондықтан мұнда әр түрлі жастағы шөгінді жыныстардың өте қалың кабаты таралған. Ұзақ геологиялық даму кезеңінде әрбір табиғи ауданның өзіне тән жер бедері, топырағы және өсімдік жамылғысы қалыптасқан. Жем үстірті жоғарғы бор дәуірінде, Жалпы Сырт палеогендік теңіздің тартылуынан кейін шегінуінен, ал Каспий маңы ойпаты антропогенде, соңғы мұз басу кезеңінен кейін ғана қазіргі жер бедері қалыптасқан. Бұл аймақтың географиялық орнының, жер бедерінің ерекшеліктері, ауа массаларының алмасуы жағдайының ұқсастықтары жалпы солтүстіктен оңтүстікке қарай ылғалдың азая беруі құрғақ континентті климаттың қалыптасуына себепші болған. Қазақстан аумағындағы Шығыс Еуропа жазығының ірі өзендері - Жайық, Ойыл, Жем. Жайық өзені Орал тауының оңтүстік беткейінен басталып, Каспий маңы ойпатына ағып шыққан соң, кең арналы өзенге айналады. Ені 300 - 500 м шамасында. Көктемде су тасыған кезде ондаған км - ге жайылып, кең жайылымдар мен ұсақ көлдер пайда болады. Өзен бойында тоғайлар, жайылмасында шабындық өседі. Өзен суын каналдар арқылы егістік пен жайылымдарды суландыруға пайдаланады.

Ойыл (ұзындығы 800 км) - Жайық өзенінің бір саласы. Ол да Орал тауынан басталып, Жайыққа құйған. Кейінгі жылдары шаруашылыққа суын көбірек пайдаланудан жазда арнасы құрғап, Жайыққа жетпей қалып жүр. Негізінен, қар суымен қоректенеді. Суы егістікке, жайылымға пайдаланылады.
Жем өзені (ұзындығы 712 м) - Мұғалжар тауының батыс беткейінен бастау алады. Каспий теңізіне құяды. Соңғы жылдары ол да теңізге 50 - 60 км жетпей тартылып қалады. Қар суымен қоректенеді.
Көлдердің ең үлкені - Каспий теңізі. Ол аумағының үлкендігіне байланысты теңіз деп аталады. Жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Қазақстанға көлдің солтүстігі мен солтүстік - шығыс бөлігі кіреді. Негізінен өзендер суымен қоректенеді. Қыста қатады. Бағалы балыққа бай.
Шығыс Еуропа жазығының климаты, жоғарыда айтылғандай, құрғақ, континентті. Оған бұл ауданның мұхиттар мен теңіздерден алыс жатуы себеп болады. Қысы суық, қаңтардың орташа температурасы солтүстігінде - 15°С, оңтүстігінде - 8°С. Сібір мен Арктикадан суық ауа енген кезде температура - 40°С - қа дейін төмендейді. Көктемде, күзде үсік жүріп тұрады. Жазы ыстық, қапырық, шілденің орташа температурасы 22°- 24°С. Аңызақ желдер жиі соғады. Жауын - шашынның орташа мөлшері солтүстікте 350 мм, оңтүстікте 140 мм.
Каспий маңы ойпатының негізгі байлығы - мұнай мен газ. Олар жер қабаттарындағы тұзды күмбездердің көтерілуіне байланысты пайда болған жарықшақтарға жиналған. Пермь, триас, юра, бор және палеоген қабаттарында сақталған. Қазір бұл ауданда Теңіз, Қарашығанақ, Жаңажол сияқты мұнай мен газ кен орындары жұмыс істейді. Пайдалы қазбалардан ас тұзы, бор, құрылыс материалдары (құм, саз балшық және т. б.) өндіріледі.

1 - тапсырма. Ойлан - жұптас - бөліс әдісі (постер құрау, қорғау)
Галереяға саяхат(оқушылар тақтаға жабыстырылған стикерлерге саяхат жасау арқылы, Шығыс Еуропа жазығына жатпайтын өзен көл, жануар, өсімдік аттарын алып тастау)
1 - топ Жануарлар мен өсімдіктер
2 - топ Өзендер мен көлдер
3 - топ Пайдалы қазбалары
2 - тапсырма. Кестемен жұмыс
Табиғат жағдайына қолайлы және қолайсыз жақтары
Табиғат жағдайының қолайсыздығы Табиғат жағдайының қолайлылығы

3 - тапсырма. Миға шабуыл
1. Шығыс Еуропа платформасының фундаменті қандай жыныстардан қалыптасқан?
2. Каспий теңізі теңіз деңгейінен неше метр төмен?
3. Алғаш мұнай фонтаны атқылаған жыл
4. Жем өзені қандай сумен қоректенеді.?
5. Ойыл өзені қай өзеннің саласы?
6. Шығыс Еуропа жазығында бэр төбешіктер қайда кездеседі?
7. Құм, саз, балшық, ұлутас бұлар
8. Шығыс Еуропа жазығының жаздағы температурасы
9. Теңізде қандай балықтар бар?
10. Каспий маңы ойпатының жер бедері неліктен жазық болып келеді?
11. Табиғат эрозиясының қандай түрі басым?
12. Шығыс Еуропа жазығындағы қазіргі экологиялық проблемалары

4 - тапсырма. Кескін картамен жұмыс
Қазақстанның физикалық - географиялық аумақтарын түсіру
Рефлексия. Табыс баспалдағы
Үй тапсырмасы: Шығыс Еуропа жазығы оқу, мазмұндау
17 138
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
География пәнінен 9 сыныптарға арналған емтихан билеттері
География пәнінен 9 сыныптарға арналған емтихан билеттері
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №11 жалпы білім беретін орта мектептің география пәні мұғалімі Толегенова Жазира Кенжекуловна
Қазақстан аумағын физикалық - географиялық аудандастыру
Қазақстан аумағын физикалық - географиялық аудандастыру
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, «№1мектеп - гимназиясы» КММ география пәні мұғалімі Досниязова Жанар Дүйсенбекқызы
Шығыс Еуропа елдері
Шығыс Еуропа елдері
Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Ә. Боранбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің география пәні мұғалімі Абишева Гулдана Манарбековна
Сарыарқа
Сарыарқа
ШҚО, Аягө ауданы, «№6 жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернатпен» КММ Курмангалиева М. А.
Шығыс Еуропа елдері
Шығыс Еуропа елдері
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының география пәнінің мұғалімі Амантаева Гүлсім Омарқызы
Сарыарқа
Сарыарқа
Атырау облысы, Исатай ауданы, Х. Наубетов атындағы орта мектептің география пәнінің мұғалімі Жанғалиева Айнагүл[/right]
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×