Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Солтүстік Еуропа елдері

18 қазан 2018, Бейсенбі
Категориясы: География
География 11 сынып
Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Еуропа елдері
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушыларды Солтүстік және Батыс Еуропа елдерімен таныстыра отырып, олардың ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.
2. Дамытушылық: Оқушылардың сөз қорын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын және тез ойлауға, өз пікірін айтуға дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды басқа мемлекеттердің табиғатымен қоса өз елі, жерінің табиғатын сүюге, құрметтеуге, бірін - бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Оқыту әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндірмелі.
Сабақтың әдістемелік жабдықталуы: Атлас карталар, оқулық, кескін карталар, каточкалар, суреттер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандыру, өзіме назар аударту.

Жаңа сабақ:
Солтүстік Еуропа елдері. Еуропаның бұл бөлігін атына сәйкес, солтүстіктегі Скандинавия түбегінде орналасқан Норвегия, Швеция, Финляндия және аралдық Исландия мен Дания елдері құрайды.
Географтар Скандинавия түбегін Финляндиямен қоса Фенноскандия деп атайды. Бұл елдердің барлығы атлант мұхиты мен оның теңіздерінің жағалауында орналасқан. Сондықтан аймақтың табиғаты, халқының шаруашылық әрекеті мен тұрмыс - тіршілігі теңізбен тығыз байланысты дамыған.
Солтүстік Атлант жылы ағысының әсерінен батыстағы жағалық теңіз сулары қыста да қатпайды. Скандинавия түбегінің жағалауы өте күшті тілімденген, мұнда мұз басу әсерінен қалыптасқан тік жағалы, терең, тар шығанақтар – фьордтар көп кездеседі. Жағалауда жартасты шағын аралдар көп. Мұнда герман тобына жататын исландиялықтар, норвегтер мен шведтер, шығысында финдтер тұрады. Олар ежелден бұғы шаруашылығымен, аң және балық аулаумен айналысқан. Норвегтердің тұрмысы теңізбен тығыз байланысты, олар ежелден - ақ ержүрек теңізшілерімен әйгілі.
Дания жерінде климат қолайлы болғандықтан халық тығыз қоныстанған, жері анағұрлым жақсы игерілген.
Солтүстік теңіз қайраңынан мұнай өндірумен, ағаш өндірумен айналысады. Швецияның «Вольво», «Скания» машина жасау, «Эрикссон» байланыс құралдарын жасайтын концеріндері, Финляндияның «Нокия» кәсіпорны әлемге әйгілі. Ал Дания дүниенің түкпір – түкпіріне сүт өнімдерін жөнелтеді. Солтүстік Еуропа елдерінде халықтың тұрмысы өте жоғары дәрежеде. Басқа елдермен салыстырғанда аймақтың табиғаты да біршама жақсы сақталған.
Батыс Еуропа айамғына Еуропаның батыс бөлігіндегі Ұлыбритания, Ирландия, Франция, Германия, Швейцария, Бельгия, Нидерланд, Аустрия және бірнеше ұсақ елдер кіреді. Ұлыбритания мен Ирландия материктегі елдерден Ла - Манш бұғазы арқылы бөлініп жатыр.
Батыс Еуропа елдерінің табиғат жағдайына Атлант мұхитының тигізетін ықпалы өте зор. Блритан аралдарының оңтүтігі мен материктеге елдердің солтүстігін жазық жерлер алып жатыр.
Батыс Еуропа – дүние жүзіндегі ең жоғары дамыған елдердің шоғырланған аймағы. Аймақта халық тығыз қоныстанған, олардың басым көпшілігі қалаларда тұрады. Халықтың ұлттық құрамы да күрделі. Қазіргі кезде бұл елдерде шығарылатын реактивті ұшақтар, автомобильдер («Мерседес», «Рено», «Ауди», «Пежо»), күрделі электрондық техника (компьютерлер, есептегіш құралдар) дүние жүзіне әйгілі. Швейцарияда жасалатын сағаттар өте дәлдігімен, сапалылығымен аса жоғары бағаланады.
Батыс Еуроп елдерінің табиғи және тарихи - мәдени ескерткіштерін көріп, тамашалау үшін, жанға жайлы табиғатының аясында емделіп, демалу үшін бұл аймаққа жыл сайын әлемнің көптеген елдерінен миллиондаған туристер мен демалушылар ағылады.
Ұлыбритания; Ирландия; Франция; Германия; Швейцария; Бельгия; Нидерланды; Австрия;
Көп нүктенің орнына керектісін жаз:
v Еуропаның жалпы жер көлемі -............ мың км².
v Еуропа халқының жалпы саны -............. млн адам.
v Батыс Еуропаның ойпаттарының теңіз деңгейінен биіктігі............. м - ден аспайды.

Қорытынды: Бүгінгі сабақта Солтүстік және Батыс елдерімен таныстырдым. Меңгергенін тақырыпқа қатысты қызықты географиялық тапсырмалар арқылы тексердім.
Үйге тапсырма: § 24 – оқу. Кескін картаға Солтүстік пен Батыс Еуропа елдерін түсіру, тест құрау.
Солтүстік Еуропа елдері. жүктеу
3 318
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Солтүстік Еуропа елдері. Орта Еуропа елдері. Нидерланд
Солтүстік Еуропа елдері. Орта Еуропа елдері. Нидерланд
Солтүстік Еуропа елдерінің басты ерекшеліктері, айырмашылықтары туралы білім беру.
Оңтүстік Еуропа елдері. Испания
Оңтүстік Еуропа елдері. Испания
Оңтүстік Еуропаның жетекші елдерінің бірі – Испания туралы білім беру.
Күнделікті сабақ жоспары. Табиғат зоналары
Күнделікті сабақ жоспары. Табиғат зоналары
Еуразия материгінің табиғат зоналарымен таныстыру, олардың ерекшеліктері мен маңыздыларына тоқталу.
Ұлыбритания, Франция, Германия
Ұлыбритания, Франция, Германия
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, "Қаракөл орта мектеп - бақшасы" КММ география пәні мұғалімі Темербаев Ерлан
Солтүстік және Батыс Европа елдері
Солтүстік және Батыс Европа елдері
Ақтөбе облысы, Шалқар аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскері Елғондина Гүлжанат Базарбайқызы
Солтүстік Еуропа елдері
Солтүстік Еуропа елдері
Шынғалиева Света Қамызағалиқызы Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×