Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жердің пішіні мен өлшемі

01 маусым 2019, Сенбі
Категориясы: География
Сабақтың тақырыбы: Жердің пішіні мен өлшемі
Ортақ мақсат: Оқушыларға Жер ғаламшары және оның пішіні мен өлшемі туралы түсіндіру.
Негізгі идея: Оқушылардың білімге, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Модульдер:
Табыс критерийі: Жердің пішіні мен өлшемін білді
Әдістер: Сын тұрғысынан ойлау. Көшбасшылық. АКТ. Оқыту үшін және оқу үшін бағалау

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушыларды түгелдеу
ә) Оқу құралдарын тексеру
б) Топқа бөлу ( сурет қималарын құрастыру арқылы)
в) Үй тапсырмасын сұрау
г) Жаңа сабақ түсіндіру
Миға шабуыл

Жаңа сабаққа сілтеме
Жер – Күн жүйесіндегі, Күннен есептесек үшінші ғалашар. Шамамен 4, 5 - 4, 6 млрд жыл бұрын пайда болған. Алғашқы кезде улы газдармен қайнап - жанып тұрған тау жыныстарынан құралған аспан денесі болатын. Миллиондаған жылдар бойы. Жер біртіндеп суына бастайды. Жердің бетінде бұрынғы жалындап жанып - қызып жатқан массаның үстіне жұқа граниті қабат пайда болып, қызған кездегі су булары нөсер жаңбырларға айналып, толассыз Жер бетіне тұрды. Жаңбыр сулары Жер бетіндегі ойыстарды, төмен жатқан жерлерді суға толтырды. Бірақ уақыт өте келе су керек қайтып бұрынғы деңгейінен төмен түсті. Соның өзінде де Жер бетінің 2/3 бөлігі судан тұрады. Жер бетінің жалпы ауданы 510 млн км2, оның 71% су, қалған 29% құрлық алып жатыр.
Сіздер Жердің шар тәрізді екенін білесіздер. Ежелгі гректер сол кездің өзінде - ақ Күннің тұтылуына қарай отырып, оның Айдың бетіне дөңгеленіп түскен көлеңкесінен анықтаған. Бірақ біздің ғаламшарымыз дәл шар сияқты емес, бүйірлері аздап шығыңқы болып келеді. Жер шарының кішірейтілген моделін глобус деп атаймыз. Ол өзінің осі арқылы айналысқа түседі. Осы дегеніміз глобустың ортасынан жоғарыдан төмен қарай өткізілген сым темір Жер де өзінің өсінен айналады, бірақ глобустағы ось ойша, яғни сіздерге түсінікті болсын деп алынған. Осьтің екі шетін полюстер деп атаймыз. Жердің ең енді жерін экватор сызығы алып жатыр. Экватор (лат. теңестіргіш) - ол жер шарын екі жарты шарға бөледі.
Жердің пішіні мен өлшемі. жүктеу
2 723
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жер ғаламшарының көрінісі
Жер ғаламшарының көрінісі
Жердің пішінін, шар тәрізді екенін, глобус Жердің кішірейтілген үлгісі екенін біледі. Жердің өздігінен айналатынын түсінеді.
Ай - жердің серігі
Ай - жердің серігі
Оқушылардың ойланту, қиялдату, дүниетанымдық көзқарастарын кеңейту. Отанын сүюге, табиғатын аялай білуге тәрбиелеу.
Жердің пішіні және өлшемі
Жердің пішіні және өлшемі
Жердің пішіні және өлшемі» тақырыбын 5 - сыныпта өткенімде оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақ.
Жер беті бейнесінің түрлері
Жер беті бейнесінің түрлері
Жердің Күн жүйесіндегі орны, пішіні мен мөлшері туралы біледі. Жердің пішіні туралы, оның Күн жүйесіндегі орны туралы түсінді.
Жердің пайда болуы, пішіні, өлшемі, қозғалысы
Жердің пайда болуы, пішіні, өлшемі, қозғалысы
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жаңатаң ауылы География пәні мұғалімі Бекмағанбетова Айдана
Жердің пішіні мен көлемі
Жердің пішіні мен көлемі
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, № 1орта мектебінің география пәні мұғалімі Абильдаева Жанаргул
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×