Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жердің пішіні мен көлемі

31 қазан 2013, Бейсенбі
Категориясы: География
Тақырыбы: "Жердің пішіні мен көлемі"

Сабақтың оқыту мақсаты: Оқушыларға Жердің пішіні мен мөлшері, Жердің өз білігінен айналуы оның мәні, жыл мезгілдерінің ауысуы жөнінде мәлімет беру.
Сабақтың дамыту мақсаты: Күн мен түннің ауысуы Жердің өз білігінен айналуына байланысты екенін және оның маңызын түсіндіру, экватор, жарты шарлар, полюстерді таба білу
Сабақтың оқу жабдығы: 5 с. атласы, ЖШ картасы

Сабақтың барысы:
1. Амандасу, түгендеу
2. Оқулық, атлас, дәптер, күнделік, бояу карандаштарын түгендеу.
3. Кезекшіге бүгінгі күнді жазғызу.
4. сабақ барысы:
Өткенді қайталау:
1. кестені тексеру
2. Аристотель, Цезарь, Леонардо да Винчи
3. Ұлықбек

Жаңа сабақ
Жер шамамен 4, 5 - 5млрд. жыл бұрын пайда болған. Алғашқы кезде улы газдармен қайнап - жанып тұрған тау жыныстарынан құралған аспан денесі болатын. Миллиондаған жылдар бойы Жер біртіндеп суынғанда бетінде гранитті қабат пайда болады. Қызғын кезде су булары нөсер жаңбырларға айналған, толассыз Жер бетіне жауып тұрды. Жер бетінің жалпы ауданы 510 млн. км кв., оның 71%су, қалған 29% құрлық алып жатыр Жер пішіні – эллипсоид. Планетамыз полюстері жағынан сәл қысыңқы келеді.. Жердің полюстік радиусы экваторлық радиусынан шамамен 21км қысқа болып шықты. Жердің экваторлық радиусы 6378км, ал полярлық радиусы 6357км. Бұл айырма бүкіл Жер өлшемімен салыстырғанда тым мардымсыз. Сондықтан Жер радиусы – 6371км болатын шар деп есептелді.

Жердің ең енді жерін экватор сызығы алып жатыр. Экватордың ұзындығы – 40 000км. Меридианның ұз - 40000км. жердің сыртқы қабатының ұзындығын ежелгі грек оқымыстысы Эратосфен сол кездін озінде нақты өлшеген. Экватор(лат. теңестіргіш) жер шарын екі жарты шарға бөледі. Оның жоғарғы бөлігін солтүстік жарты шар, төменгі бөлігін оңтүстік жарты шар деп атаймыз.

Жер пішіні шар тәріздес болғандықтан оның бетіне күн сәулесі де әркелкі таралады. Экватор жағына тік түседі де, полюстерге қарай барған сайын колбей береді.
Жер өз орбитасымен Күнді айналады, сонымен қоса өз білігінен айналады. Егер Жер шарының солтүстік полюс жақтағы үстінен қарасақ, оның батыстан шығысқа қарай айналып тұрғанын көрер едік. Күн мен түннің ауысуы нақ осы жердің өз білігінен айналудың әсерінен болады.
Глобусты қолдарына алып, батыстан шығысқа қарай айналдырып, күн неге шығыстан шығып, батысқа бататынын ойлаңдар.

Жер өз білігін бір тәулікте, яғни 24 сағатта бір айналып шығады. Жердің өз білігін тәулік ішінде бір айналып шығуы нәтижесінде күн мен түн ауысып қана қоймады, жылу мен ылғал да бүкіл жер бетіне бөліне таралып отырады.

Бекіту: Жер өз білігінен қанша уақытта 1 рет айналып шығады
Бағалау
Үйге тапсырма: 7 & соңындағы сұрақтар
Біздің Жер
1. Жер қай уақытта пайда болған? (шамамен 4, 6 млрд жыл бұрын)
2. Жердің салмағы қанша? (шамамен 6 сексиллион тонна. (6 - ның соңында 21 нөл бар))
3. Жер бетінің жалпы ауданы 510 млн. км кв., оның 71%су, қалған 29% құрлық алып жатыр
4. Жердің Күннен ара қашықтығы (шамамен 150 000 000км)
5. Жер Күнді қандай жылдамдықпен айналады? 30км/сек
6. Экватор дегеніміз не? (Жердің ортасындағы екі полюстен бірдей қашықтықта ойша сызылған жерді екі жарты жарты шарға бөліп жатқан сызық. Экватордың ұзындығы (40075, 7км)
7. Жер пішіні – эллипсоид. Жердің экваторлық радиусы 6378км, ал полярлық радиусы 6357км.
8. Жердің моделі глобусты ең бірінші кім ойлап шығарды? (ежелгі грек географы Кратес)
9. Ең бірінші дүние жүзін кемемен қай елдің теңізшісі айналып шықты? (1519 - 1522ж. Португал теңізшісі Фернандо Магеллан мен Хуан Себастьян Эль Кано)
10. Жер шарындағы ең биік шың Джомолунгма - Эверест
36 911
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жердің пішіні мен өлшемі
Жердің пішіні мен өлшемі
Оқушыларға Жер ғаламшары және оның пішіні мен өлшемі туралы түсіндіру.
Жердің өз білігінен айналуы. Күн мен түннің ауысуы және оның себептері
Жердің өз білігінен айналуы. Күн мен түннің ауысуы және оның себептері
жердің өз білігінің айналуы арқылы күн мен түннің ауысатыны туралы түсінік беру бақылау, байқампаздық сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.
Жер ғаламшарының көрінісі
Жер ғаламшарының көрінісі
Жердің пішінін, шар тәрізді екенін, глобус Жердің кішірейтілген үлгісі екенін біледі. Жердің өздігінен айналатынын түсінеді.
Ай - жердің серігі
Ай - жердің серігі
Оқушылардың ойланту, қиялдату, дүниетанымдық көзқарастарын кеңейту. Отанын сүюге, табиғатын аялай білуге тәрбиелеу.
Жердің пішіні және өлшемі
Жердің пішіні және өлшемі
Жердің пішіні және өлшемі» тақырыбын 5 - сыныпта өткенімде оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақ.
Жердің пайда болуы, пішіні, өлшемі, қозғалысы
Жердің пайда болуы, пішіні, өлшемі, қозғалысы
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жаңатаң ауылы География пәні мұғалімі Бекмағанбетова Айдана
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×