Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Географиялық нысандар мен құбылыстарды номинациялау ерекшеліктері

11 қыркүйек 2023, Дүйсенбі
Категориясы: География
Бөлім:
Мектеп: 
Күні: 
Мұғалімнің
аты - жөні: 

Сынып: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбыГеографиялық нысандар мен құбылыстарды номинациялау ерекшеліктері
Сабақта іске асатын оқу мақсаты (оқу бағдараламасынан сілтеме)9. 1. 1. 3 географиялық нысандар мен құбылыстарды номинациялау ерекшеліктерін анықтайды
Сабақтың мақсатыОқушылардың барлығы мынаны орындай алады:
географиялық нысандар мен құбылыстарды номинациялау ерекшеліктерін анықтайды
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады географиялық зерттеу әдістерінің мәнін түсіндіріп, қолданады;
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Жетістік критерийі
  • Қосымша ақпарат көзінен алған мәліметтерді түсінеді;
  • географиялық нысандар мен құбылыстарды номинациялау ерекшеліктерін анықтайды
  • Географиялық білім көздерін біледі, карта, атлас, оқулық, әдебиеттермен қалай жұмыс істеу керек екенін түсінеді және барлық білім көздерін өз қажетіне қолданады.
Тілдік мақсаттарГеографиялық білім көздері болып табылатын оқулық, географиялық атластармен екі томдық «Қазақ КСР атласы», 3 томдық ұлттық атластар мен тақырыптық карталар географиялық карталардың білім алуда маңызы зор екенін білу
ҚұндылықтарҚұрмет, ынтымақстастық, өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік, ашықтық, жыл сайын,
Жаһандық азаматтыққа тәрбиелеуАдами құндылықтарды дәріптеу
АКТ дағдысын қолдануОсы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады.
Өмірмен байланысКлиматтық өзгерістерді талқылау 
Пәнаралық байланысБиология мен тарих, физика
Алдыңғы білім8. О2. Тарсырманың ерекшеліктерді анықтау
Сабақ барысы
Жоспарланған кезеңдеріЖоспарланған іс - әрекеттер
Дереккөздер
Сабақтың басы
5 мин
Ұйымдастыру кезеңі
«Бес қадам» стратегиясы. Сыныптан 4 оқушы шығады, бес қадам аттап жылдам жауап береді.
Сыни тұрғыдан ойлауға «Түрткі, сынақтан өткізу, қайта бағыттау» сұрақтары
1. Географиялық білім не үшін қажет?
2. Неліктен?
3. Географиялық білімдерді алған жағдайда қандай мамандықтарға қол жеткізуге болады?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру
Слайд
Сабақтың ортасы
15 минут
Мағынаны тану кезеңі
Географиялық нысан — жердің беткі қабатының белгілі бір қалыптағы айтарлықтай тұрақты тұтас элементі. Географиялық нысандар бір - бірінен шартты географиялық шек арқылы бөлініп ажыратылады. Географиялық нысандардың шығу тегі әртүрлі болуы мүмкін: табиғи (материктер, мұхиттар, өзен - көлдер, таулар, шалғындар, ормандар және т. б.) және антропогенді (қала мен ауылдар, ғимараттар, егістіктер мен саябақтар, зауыт - фабрикалар, көлік жолдары және т. б.).
Қасиеттері — бұл географиялық нысанның өзіне ғана тән белгілері. Қасиеттер бізге бір нысанды екіншісінен айыруға немесе осындай өзге нысандармен ұқсастығын анықтауға мүмкіндік береді. Географиялық нысан анықтамасына қарап - ақ, оның мынадай негізгі қасиеттері барын анықтауға болады:
  • тұтастық — нысан элементтерінің ішкі бірлігі, яғни нысан белгілі бір тәртіппен орналасңан өзара байланысты және өзара тәуелді элементтерден тұрады.
  • тұрақтылық — сыртқы жағдайдың әсеріне қарамастан географиялық нысанның ағымдағы жағдайын сақтап қалу қабілеті.
  • географиялық орналасу — Жер бетіндегі нысанға, осы нысанға тікелей немесе қосалқы ықпал етуші кез келген нысандарға қатысты географиялық координаттар жүйесінде өз орнының болуы.
  • шығу тегі — табиғатта немесе адам қызметі саласында (антропогенді) туындау.
Әрбір нысанның ортақ және айырым қасиеттері болуы мүмкін. Ортақ қасиеттер нысандарды топтарға біріктіруге көмектеседі. Айырым қасиеттер бір нысанды екіншісінен ажыратуға көмектеседі. Барлық орман үшін ортақ қасиет — белгілі бір жерде ағаштардың көп болуы. Ал ағаштардың түрлері бойынша ормандар бір - бірінен ерекшеленуі мүмкін. Атап айтқанда, жалпақжапырақты, қылқанжапырақты және аралас ормандар.
Географиялық нысанның әрбір қасиетін сапалық әрі сандық тұрғыдан көрсетуге болады. Жезқазғанның географиялық орналасуын сапалық тұрғыдан, мәселен, мынадай сөздермен білдіруге болады: «Қала Орталық Қазақстанда орналасқан». Бұл мәліметті сандық тұрғыдан беру үшін Жезқазғанның координатын — барынша нақты мекенжайын көрсететін географиялық координаттар жүйесінде (ендік және бойлық градустарда) айқындалатын жердің беткі қабатындағы Жезқазғанның орналасуын көрсету керек. Қала координаттары — 47°47’00» с. е., 67°42’00″ш. б. Қызылорданың ауа райы туралы да сапалық және сандық тұрғыдан сипаттауға болады. Мәселен: «Жазда Қызылордада өте ыстық, өйткені температура 40°С - қа жетеді».
Жоғарыда біз физикалық қасиеттерге қатысты мысалдар қарастырдық. Географиялық нысандар қасиеттерінің сапалық және сандық сипаттамалары әлеуметтік, қоғамдық құбылыстарға да тән.
Географиялық нысандардың әрқайсысында өлшем шамасы бар. Физикалық шама — географиялық нысан қасиеттерінің бірі. Сапалық тұрғыдан ол көптеген ұқсас географиялық нысандар үшін ортақ, ал сандық тұрғыдан олардың әрқайсысы үшін ерекше. Даралықты сандық тұрғыдан былайша түсінуге болады: қасиет бір нысан үшін басқасына қарағанда белгілі бір мөлшерге артық немесе кем болуы мүмкін.
Мәселен, сапалық жағынан көптеген елдер аумағы бойынша үлкен болуы мүмкін. Үлкен көлем — барлық ірі елдер үшін ортақ қасиет. Үлкен елдер 1 000 000 км2 астам аумақты алып жатады. Бірақ олар басқа елдерден үлкен немесе кіші болуы мүмкін. Қазақстан Республикасы Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия, Үндістан, Аргентина сияқты аумағы үлкен елдер тізімінде тоғызыншы орында тұр. Қазақстанның аумағы — 2 724 902 км2, Канада аумағы - 9 984 670 км2.
ВЕН ДИАГРАММАСЫ Тарих мен география
Топтық жұмыс «Жигсо»
4 топқа «Географиялық білім көздеріне» нелер жататының анықтап, қорғау Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушы - ларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді. Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы, жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Жұптық жұмыс
1 - тапсырма. Асты сызылған сөздерге түсініктеме беріңіз.
2 - тапсырма: Мәтінге сүйене отыра, 3 сұрақ құрастырыңыз.
Оқытуды ң мақсаты бойынша.
Бағалау кртитериіДескриптор
Кез келген тапсырмаларды орындау және тақырыпты кез келген тәсілдерімен түсіндіру пайдаланады Қосымша ақпарат көздерін пайдалана отырып тексереді
Орындалған тапсырмалардың дұрыстығын бақылайды
Тапсырмалардың нәтижесін тексеру
Орындалған жүмыстардың жақсы үлгілерін көрсетеді

 Жұптық бағалау.
Дискрипторлар: жоғарғы балл - 5 балл.
  • Басы +
  • Ортасы +
  • Қорытынды +
Слайд
флипчарт
https://kk. wikipedia. org/wiki/
Сабақтың соңы
5 минут
Сабақты бекіту:
1. Географиялық білім көздеріне нелер жатады?
2. Жергілікті жерді танып білу үшін қандай құралдарды қолданамыз?
3. Жергілікті жердің табиғатын білу қаншалықты маңызды деп ойлайсың?
Қаншалықты түсінгенін, түсінбеген жерін, жіберген қателіктерін күнделікке толтыру. (5мин) 
Не үйрендім?Не қиын болды?Түсінбеген жерім



Бақылаушының бағалау парағы
Рефлексия
Оқушы мен мұғалім кері байланысы.
Өз - өзін бағалау ауызша жүзеге асады.
Оқушылар мына сұрақтарға жауап бере отырып, сабақта туындаған ойларын тізбектейді:
  • Алдымен біз былай деп ойладық.....
  • Одан кейін біз мына проблемаға тап болдық.............
  • Проблеманы шешу үшін...... жасадық.
  • Бұдан біз.................. көрдік.
  • Демек, бұл мынаны білдіреді.................
Сонымен біз................. деген шешімге келдік
Бағалау
Жетістік критерийлері бойынша
Үй жұмысы
Жаңа сөздерді жаттау

Сабақта саралау тапсырмалары болды ма? Қалайша қолдау көрсете аламын? Қабілетті оқушыларды оқытуда алдыма қандай міндеттер қоямын? Оқушылардың материалды қаншалықты игергенін қалай бағалаймын? Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын сақтау



Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ/ оқыту мақсаттары шыншыл ма?
Барлық оқушылар ОМ жетті ме?
Егер жоқ болса, неге?
Сабақтағы саралау дұрыс өтті ме?
Сабақтағы кезеңдер сақталды ма? Жоспардан тыс не жасалды? Неге?

Жалпы бағалау
Қандай екі аспект жақсы өтті? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз)
1:
2:
Сабақты жақсартуға не себеп болатын еді? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз)
1:
2:
Сабақ барысында сыныптың жетістігі туралы не ойладым/ жеке оқушылардың қиындығы, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет? 

Сабақтың толық нұсқасын жүктеу​​​
16 078
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 2. 1. 1. 1 - тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру
Шығармашылық жұмыс. Көркем еңбек
Шығармашылық жұмыс. Көркем еңбек
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 5. 1. 5. 2 - Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау 5. 1. 6. 4 - Таңдаған тәсілдерінің қасиеттерін ескере отырып, көркемөнер материалдарын, техникаларын пайдалану және эксперимент жүргізу
Пейзаж. Табиғатпен үйлесім. Әуе перспективасы
Пейзаж. Табиғатпен үйлесім. Әуе перспективасы
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 5. 1. 1. 1 - Қоршаған ортаның ассоциативті мағынасы мен визуалды сипаттамасын зерделеу және анықтау (композиция, түс, пішін, фактура, тепе - теңдік) 5. 2. 1. 1 - Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның
Ұлттық сәндік натюрморт
Ұлттық сәндік натюрморт
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 5. 1. 6. 4 - Таңдаған тәсілдерінің қасиеттерін ескере отырып, көркемөнер материалдарын, техникаларын пайдалану және эксперимент жүргізу 5. 2. 3. 3 - Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар дайындау үдерісінде қазақтың
Натюрморт өнері
Натюрморт өнері
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 5. 1. 5. 2 - Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау
Бейнелеу өнеріндегі көркем құралдары. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары
Бейнелеу өнеріндегі көркем құралдары. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: 5. 1. 2. 1 - Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және зерделеу 5. 1. 3. 1 - Шығармашылық идеяларды зерттеу мен дамыту үшін ақпарат көздерімен жұмыс
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×