Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстанның табиғат зоналарын қорытындылау

25 ақпан 2013, Дүйсенбі
Категориясы: География
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның табиғат зоналары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың табиғат зоналары туралы алған білімдерін қорыта бекіту
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, картамен, оқулықпен жұмыс жасай білу, білім - білік дағдыларын жетілдіру, география пәніне қызығушылық қабілетін дамыту; жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды еңбексүйгіштікке, табиғатты қорғай білуге, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жинақтап қайталау сабағы
Сабақтың әдістері: Сұрақ - жауап, кестемен жұмыс, кескін картаменн жұмыс, тест, сөзжұмбақ шешу
Сабақтың көрнекіліктері: Қазақстанның физикалық картасы, Атлас, оқулық, жануарлардың суреттері, үлестірмелі материалдар, электрондық тақта

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Бой сергіту
ІІІ. Табиғат зоналарына сипаттама
ІҮ. Адасқан жануарлар
Ү. Ой қозғау
ҮІ. Сен маған - мен саған
ҮІІ. Көп оқысаң көп білесің
ҮІІІ. Сөзжұмбақ шешу
ІХ. Бекіту

Сабақтың барысы
І. Кезең. Бой сергіту І топтың сұрақтары:
1. Батыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырт қыратының аз ғана бөлігін алып жатқан табиғат зонасы?
2. Орманды даланың ірі өзендері?
3. Шөлдің климаты?
4. Шөлдің өсімдіктері?
5. Дала зонасының топырағы?
6. Шөлейт зонасының жауын - шашын мөлшері?
7. Шөл зонасының құмдарының пайда болу себебі?
8. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген шөлдің өсімдігі?
9. Орманды дала мен дала зонасында қандай жанурлар мекендейді?
10. Шөл зонасының өзендері?

ІІ топтың сұрақтары:
1. Тастақ немесе тасты шөлдер еліміздің қай жерінде кездеседі?
2. Тоғай дегеніміз не?
3. Шөлде құстардың қандай түрлері бар?
4. Шөлейттің климаты?
5. Орманды даланың жер бедері?
6. Батыс Сібір жазығының ормандары?
7. Каспий теңізінен Тарбағатай тауына дейінгі зона?
8. Еліміздің 44% алып жатқан зона?
9. Жалпы Сырт қыратының ормандары?
10. Шөлейт зонасындағы шаруашылықтың түрі?

ІІ кезең: Табиғат зоналарына сипаттама
Мына сипаттама бойынша қандай табиғат зона екенін тап
1 топқа:
Арқаның Бетпақ деген даласы бар,
Бетпақ шөл, ойлы - қырлы панасы бар.
Сол шөлде ел жоқ, күн жоқ өсіп - өнген.
Жәндіктің киік деген баласы бар.
Бетпақта қысы - жазы ел болмайды,
Ел - жайлау, өзен яғни көл болмайды.
Бұтасы қи болады, қара жусан
Көгара бетегелі бел болмайды.
С. Сейфуллиннің “ Ақсақ киік” поэмасынан алынған өлең шумағы қандай табиғат зонасы туралы
айтылған?
2 топқа:
Оқжетпес оқшырайып өрлеп кеткен,
Кеудені керіп көкке сермеп кеткен.
Қия - құз, жоқпар сарай, бура тастар,
Тәртіппен көлді айнала сәндеп шөккен
І. Жансүгіровтың поэмасынан алынған өлеңде қай жер туралы айтылған?

ІІІ. Кезең. Адасқан жануарлар
ІҮ. Ой толғаныс. Семантикалық карта стратегиясы.

Ү кезең: Сен маған - мен саған
(топтар бір - біріне сұрақтар қояды)
ҮІ кезең: Көп оқысаң, көп білесің
1 топ Орманды дала, Дала зоналарын
2 топ Шөлейт және Шөл зоналарын қорғайды

ҮІІ. Сөзжұмбақ шешу
Көлдеңінен:
1. Орманды дала зонасының ағашы
2. Қазақстанның 27 пайызын алып жатқан табиғат зонасы
3. Даланың өсімдігі
4. Орманды далаға жерсіндірілген жануар
5. Салмағы 16 кг дейін жететін құс
6. Шөлейттің өзені
7. Дала мен Шөлдің арасындағы зона
8. Шөл зонасындағы өзен аңғарларындағы бұталар
9. Орманды дала зонасына Солтүстіктен қоныс аударған жануар

Тігінен: 1. Біздің мемлекет
Бекіту тест сынағы.
1. Топырақтың су және жел әрекетінен бұзылуы:
А) мелиорация
В) құнарлығы
С) эрозия
Д) денудация
Е) кептіру
2. Топырақтың құнарлы қабаты нені деп атайды?
А) сазды қабатты
В) ауыспалы қабат
С) қарашірікті қабат
Д) құмды қабат
Е) құмдауытты қабат
3. Қазақстанның солтүстігінде орналасқан орманды дала зонасының топырағы
А) сұр топырақ
В) қара топырақ
С) сортаң топырақ
Д) қоңыр - сұр топырақ
Е) сарғылт топырақ
4. Топырақ деп... айтамыз.
А) жердің беткі, жұқа құнарлы қабатын
В) батпақты
С) құмды
Д) тыңайтқышты
Е) шаң – тозаңды
5. Қазақстанның дала зонасының жылдық жауын - шашын мөлшері (мм):
A) 300 - 450
B) 220 - 310
C) 100 - 250
D) 100 - 370
E) 150 - 310
6. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген шөл зонасының өсімдігі:
A) Жүзгін
B) Дермене жусаны
C) Құм қарағаны
D) Бұйырғын
E) Селеу

7. Шөл зонасындағы өзен аңғарларында әр түрлі өсімдіктерден құралған қалың бұталар:
A) Тасты шөл
B) Құмды шөл
C) Тақыр
D) Тоғай
E) Ну орман
8. Орманды дала зонасында өсетін ағаштар
А) Бал қарағай, шырша
В) Сексеуіл, жыңғыл
С) Қайың, көктерек
D) Шырша, қарағай
Е) Май қарағай, тобылғы
9. Қазақстан аумағының % дала зонасы алып жатыр
А) 26
В) 27
С) 28
D) 29
Е) 30
10. Шөлейт зонасының негізгі топырағы
А) Қара топырақ
В) Қызыл қоңыр
С) Қоңыр
D) Ашық қара қоңыр
Е) Қызғылт
Дұрыс жауабы
1. с
2. с
3. в
4. а
5. в
6. в
7. д
8. с
9. в
10. д
Үйге тапсырма: 38, 39 параграф оқу.
Сарамандық жұмыс №8 кескін картаға зоналардың шекарасын сызып, боя. Оқулықтың 168 беттегі бір табиғат зонасына жоспар бойынша сипаттама бер.
17 843
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстанның табиғат зоналары. Орманды дала және дала зоналары (күнделікті сабақ жоспары)
Қазақстанның табиғат зоналары. Орманды дала және дала зоналары (күнделікті сабақ жоспары)
Қазақстанның өсімдіктер мен жануарлар дүниесі тақырыбы бойынша алған білімдерін қайталап, бекіту.
Күнделікті сабақ жоспары. Табиғат зоналары
Күнделікті сабақ жоспары. Табиғат зоналары
Еуразия материгінің табиғат зоналарымен таныстыру, олардың ерекшеліктері мен маңыздыларына тоқталу.
География пәнінен 9 сыныптарға арналған емтихан билеттері
География пәнінен 9 сыныптарға арналған емтихан билеттері
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №11 жалпы білім беретін орта мектептің география пәні мұғалімі Толегенова Жазира Кенжекуловна
Қазақстан аумағында атмосфералық қысымның, жауын-шашынның таралуы
Қазақстан аумағында атмосфералық қысымның, жауын-шашынның таралуы
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аумағында атмосфералық қысымның, жауын-шашынның таралуы.
Америка Құрама Штаттары
Америка Құрама Штаттары
Бейнеу гимназиясының география пәнінің мұғалімі Иниргалиева Нургул Нуровна
Қазақстанның табиғат зоналары
Қазақстанның табиғат зоналары
М. Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп – интернатының география пәні мұғалімі Нурбаева Мирамгуль Кыдырбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×