Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Гидросфера. Су- ерекше қайталанбас зат

15 наурыз 2013, Жұма
Категориясы: География
Жаратылыстану
Ашық сабақ (5 класс)

Сабақ тақырыбы: Гидросфера. Су - ерекше қайталанбас зат.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Тәжірибе жасау арқылы судың негізгі қасиеттерімен таныстыру.“Гидросфера”жайлы ұғым бере отырып, Дүниежүзілік су айналымы және оның маңызы жайлы оқушылардың білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Оқушыларды өз бетімен ізденуге, картамен жұмыс істеуге, теорияны практикамен ұштастыра білу дағдысын қалыптастыра отырып дамыту.
Тәрбиелік: Ойын элементтерін пайдалана отырып, жекеше, ұжымдық, топтық жұмыстарға баулу. Өз ойларын еркін айта алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Глобус, слайдтар, жетондар, шыны пробирка, құрғақ отын, мұз, су.
Сабақ түрі: Кіріктірілген, аралас сабақ.
Сабақ әдісі: Баяндау, әңгімелеу, тәжірибе, анықтау, ой толғау, әр түрлі тапсырмалар орындау, жинақтау.

Сабақ барысы:
І) Ұйымдастыру кезеңі оқушылардың назарын сабаққа аудару, түгендеу, журнал толтыру.
ІІ) Үй тапсырмасы.
1. Тапсырма. Сұрақ жауап:
Жер бетінің ауданы 510 млн. км ²
Дүниежүзілік мұхит суы 361 млн. км²
Жер шарының неше пайызы су? 71%- су
Жер шараның неше пайызы құрлық? 29%- құрлық
Су бүкіл жер шарының неше бөлігін құрайды? 2/3 бөлігі
Картада және глобуста су қандай түспен көрсетіледі? Көк

2. Тапсырма. Гидросфераның құрам бөліктерін атап, көрсетіңдер
3. Тапсырма. Картамен жұмыс
1. Ең үлкен мұхит - Тынық;
2. Ең ұзын мұхит – Атлант;
3. Көп бөлігі оңтүстік шарда жатқан мұхит – Үнді.
4. Ең кішкентай мұхит – Солтүстік Мұзды мұхит;
5. Ең тұзды теңіз – Қызыл теңіз,
6. Ең үлкен көл – Каспий теңіз - көлі;
7. Ең терең көл – Байкал көлі;
8. Ең суы мол өзен – Амазонка;
9. Ең ұзын өзен – Ніл;

4. Тапсырма. Кім жылдам? Сурет бойынша тізбек құрастыру. «Дүниежүзілік су айналымы» сурет (слайд).
Көмекші сөздер:
1) Мұхит;
2) Күн;
3) Бу;
4) Өзен;

5) Жер асты сулары;
6) Бұлт;
7) Жауын – шашын;
8) Құрлық.
● 2→1→3→6→7→1→8→5→1
Жаңа сабақты оқып - үйрену жоспары:
1. Тәжірибе жасау (қызығушылықты ояту)
2. Ой толғау.
3. Мақал - мәтел.
4. Қорытынды.
5. Үйге тапсырма.
6. Бағалау.

Сабақтың мазмұны:
I. Тәжірибе жасау:
Судың үш күйін, дәміне және ерігіштік қасиетіне тәжірибе жасалады.
- Ал, балалар тәжірибеден не байқадыңыздар?
Кестені толтыру.
Тәжірибе: Газ өткізетін түтігі бар пробирканы алып, оған мұз салып, қыздырыңдар. Қыздырғанда мұз сұйыққа айналады. Оны ары қарай қыздырамыз. Пробиркадан шыққан су буы қайтадан су тамшыларына айналады.
№ Тәжірибе
Не істелді?
Не байқадық?
1. Судың үш агрегаттық күйін анықтау Шыны пробиркаға мұз салып, оны қыздырамыз, ол суға, ары қарай буға(газға) айналады. Мұз, су бу
2. Судың дәмін анықтау. Стакандағы суға 35 гр. тұз саламыз. Дәмі кермек, тұзды
3. Су - жақсы еріткіш. Стакандағы тұз немесе қант суда көрінбей кетеді. Ериді

Тәжірибе нәтижесі: Судың қасиеттерін анықтадық:
Су үш күйде болады: қатты, сұйық, газ.
● Мұхит суының дәмі кермек (тұзды)
● Су – жақсы еріткіш.

ІІІ) Ой - толғау. Логикалық сұрақ.
Сұрақтар:
1) Не себепті мұз су бетінде батып кетпей, қалқып жүреді.
Себебі, мұздың салмағы судан жеңіл болады.
2) Шәйнектегі толы суды қайнатқанда, неге тасып төгіледі?
Себебі, суды қыздырғанда, оның көлемі ұлғаяды.

IV) Мақал – мәтелді аяқтау. Бұл кезеңде оқушылар суға байланысты қазақ халқының суды бағалауға, қорғауға, қадірлеуге тәрбиелейтін мақал – мәтелдерді аяқтайды:
1) “Дария басы - бұлақ”.
2) “Судың да сұрауы бар”.
3) “Сулы жер – нулы жер”.
4) “Су жүрген жер береке, ел жүрген жер мереке.”
5) “Су - ырыстың көзі, еңбек – кірістің көзі ”.

Қорытындылау:
Су жүргізер тіршіліктің тамырын,
Су жоқ болса тірлік тәмәм бауырым.
Судың біздер біле тұра маңызын,
Көп болған соң ұмытамыз қадірін,- деп сабағымызды аяқтаймыз.

Үйге тапсырма: §20. Су – ерекше қайталанбас зат.
1) Не үшін суды қорғау керек?
2) Су – ерекше бағалы минерал. Осы сұрақтар төңірегінде шағын шығарма жазу.
11 349
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Гидросфера және оның құрамдас бөліктері, қасиеттері. Су айналымы
Гидросфера және оның құрамдас бөліктері, қасиеттері. Су айналымы
Гидросфера оның құрамдас бөліктерімен оның құрамы және су айналымы туралы түсініктерін кеңейту.
Гидросфераның құрамдас бөліктері мен қасиеттері, су айналымы
Гидросфераның құрамдас бөліктері мен қасиеттері, су айналымы
Гидросфера туралы білімдерін одан әрі дамыту. Оқушылардың географиялық ой - өрісін дамыту.
Гидросфера тарауынан өткенді қайталау
Гидросфера тарауынан өткенді қайталау
Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, «Гидросфера» тарауы бойынша алған білімдерін жүйелеп қорыту. Суды қорғауға және табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Гидросфера – Жердің су қабығы. Гидросфераның негізгі компоненттері
Гидросфера – Жердің су қабығы. Гидросфераның негізгі компоненттері
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Шилісу негізігі мектебі КММ География пәнінің мұғалімі Кәрімжан Әлішер
Гидросфера тарауы
Гидросфера тарауы
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, «Гимназия сыныптары бар №20 Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беру орта мектебі» ММ география пәнінің мұғалімі Самешова Күляш
Гидросфера тарауын жинақтап қайталау
Гидросфера тарауын жинақтап қайталау
Атырау облыс, Қызылқоға ауданы, Қоныстану селосы, Жаңашаруа қазақ орта мектебінің география пәні мұғалімі: Қабдол Гулшарида Аманғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×