Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Машина жасау кешені

15 наурыз 2013, Жұма
Категориясы: География
Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы
(9 класс)
Сабақ тақырыбы: Машина жасау кешені.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Машина жасаудың экономикадағы рөлі, машина жасау, оның негізгі салалары, орналасу принциптері, мамандану мен кооперативтендіру, кешенді сала екендігі туралы білім беру.
Дамытушылық: Оқушының әртүрлі әдіс - тәсілдер, қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, өздігімен зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: Топтасып, жекелеме жұмыс істей білуге, өз ойларын, пікірлерін еркін айта алуға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекіліктер: Интербелсенді тақта, атлас, кескін карта, сызба, слайдтар, жетондар.
Сабақ түрі: Зерттеу сабағы;
Сабақ әдісі: Слайд көрсетілімдері, сызба, карта, кесте, оқушылардың зерттеу жобасын қорғау, өз ойларын жүйелеу.
Негізгі ұғымдар: Машина жасау кешені, мамандану, бұйымдық, тетіктік, технологиялық, кооперативтендіру.

Сабақ барысы:
I. Оқушыларды ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлау.
II. Үй тапсырмасын тексеру: 10 - сұрақ жауап.
1. Жедел сұрақтар:
1) Қазақстанның хром өндіру кен орны қайда?
2) Аталған металдардың қайсысы қара металға жатады?
3) Соколов - Сарыбай кен байыту комбинаты қай облыста орналасқан?
4) Атасу зауыты шикізатты қайдан алады?
5) Толық циклды зауыт орналасқан қай қала?
6) Қара металлургия шикізатына не жатады?
7) Елімізде қай тауда хромит пен никельдің көп қоры шоғырланған?
8) Қандай темір рудасын өндіретін негізгі кен орындары бар?
9) Қазақстаннан ферроқорытпа өнімдерін негізгі сатып алушы елдерді ата?
10) Рудный қаласындағы темір рудасының кен орындары бар?

2. Картамен жұмыс:
1) Қайта балқыту зауытының жаңа орталығы.
2) Хром кені Дөң кен байыту комбинаты орналасқан облысты көрсет.
3) Жезді және Жәйрем марганец кен байыту комбинаттары орналасқан облыс.
4) Еліміздегі ферроқорытпа зауыттарының негізгі өнімі феррохром қай қалаларда өндіріледі?
5) Еліміздің полиметалл өндірісінің басты ауданы және үш ірі орталығы.
6) Алюминий оксидінен алюминий алу зауыты.
7) Мыс өндіру металлургиялық комбинаттары орналасқан орталықтар.

Даярлық кезеңі:
1. Бұған дейінгі өткен сабақтарымызда Қазақстанның халық шаруашылығының қандай салаларымен машина жасау өнеркәсібі тығыз байланысты деп ойлайсыңдар?
2. Машина жасау өнеркәсібісіз еліміздің экономикасын өркендете аламыз ба?

III. Жаңа тақырыпты оқып - үйрену жоспары:
1) Экономиканың дамуындағы машина жасау өнеркәсібінің маңызы;
2) Машина жасаудың қалыптасуы мен дамуы;
3) Машина жасаудағы мамандану мен кооперативтендіру;
4) Машина жасау өнеркәсібі - кешенді сала;
5) Машина жасау өнеркәсібінің орналасуының негізгі принциптері.

Сабақ барысы:
Мұғалім экономиканың дамуындағы машина жасаудың рөлі жайлы айту.
Машина жасау кешенінің құрылымы өте күрделі. Оның құрамына үш топқа біріктірілген отызға жуық салалар кіреді:
1) Машина жасау (машиналар мен құрал - жабдықтар шығару);
2) Металл өңдеу (метал конструкцияларын даярлау, машиналар мен құрал - жабдықтарды жөндеу);
3) «Кіші металлургия» (машина жасау зауыттарында металл балқыту).
Машина жасау кешені шаруашылықтың әртүрлі салаларына құрал - жабдық, елдің қорғаныс жағдайы үшін қару - жарақ, халыққа қажетті тауарлар шығарумен айқындалады. Машина жасау кешені басқа да сауда аралық кешендермен тығыз өндірістік байланыста болады.

Сабақтың тақырыбын оқушылар, өзіндік іздену мен зерттеулер жүргізу барысында ашу керек. Ол үшін оқушыларға бағыттаушы сұрақтар беріледі.
1. Машина жасау кешенінің құрамын анықтаңдар?
2. Сіздердің ойларыңыз бойынша машина жасау өнеркәсібін дамыту үшін қандай сала жетекші рөл атқарады?
3. Автокөлік зауытының өндірістік байланысын көрсетіңіз;
4. Машина жасаудың барлық салаларын бірдей жоғары деңгейде дамыту мүмкін бе?
5. Машина өндірісіндегі технологиялық кезеңдер жайлы не білесіз?
6. Машина жасау зауыттарының орналасу факторлары.
7. Еліміздің машина жасау зауыттарын атап, картадан көрсету.

Сабақты бекіту:
Анықтаңдар:
Зауыттардың орталығы қандай әріптермен белгіленген:
1. Автобус;
2. Жүк машинасын құрастыру;
3. Рентген құрал - жабдықтары;
4. Троллейбус шығаратын;
5. Тепловоз құрастыратын;
6. Мұнай құралары;
7. Тау - шахталық құрал - жабдықтар.
Осы тапсырма бойынша:
1 - қатар. Кескін картаға машина жасау зауыттарын түсіру.
2 - қатар. Дәптермен жұмыс
3 - қатар. Картамен жұмыс

Шығармашылық жұмыс:
Әр қатар өздеріне алдын - ала берілген тапсырма бойынша өз жобаларын қорғайды.
I қатар. «Астана қаласындағы ірі локомотив құрастыру зауыты» туралы жоба.
II қатар. Өскемен қаласында «Азия - Авто» зауыты туралы жоба.
III қатар. «Аягөз локомотив жөндеу депосы» туралы жоба.
- Ал, сонымен балалар ел экономикасы үшін машина жасау кешенінің қандай экономикалық маңызы бар?
- Машина жасау өнеркәсібіне маманданудың қандай түрлерін білесіңдер?
- Машина жасау зауыттарын орналастыруға қандай факторлар әсер етеді?

Қорытынды:
Біздің елде машина жасау кешені - салааралық кешендер ішіндегі ең маңыздысы болып табылады. Ол жаңа нарықтық жағдайдағы жұмысқа бейімделіп, біртіндеп дағдарыстан шығып келеді.

Үйге тапсырма: §11. Машина жасау кешені. 130 - 131 бет тест, кескін картаны аяқтау.
Бағалау: Бағалау парағы арқылы әр топ басшылары топтағы оқушылардың білімдерін бағалайды.
24 986
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Машина жасау кешені
Машина жасау кешені
Оқушыларға Қазақстанның машина жасау кешені, салалары, кен орындары жөнінде түсіндіру. Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Павлодар облысының отын - энергетикалық кешені (күнделікті сабақ жоспары)
Павлодар облысының отын - энергетикалық кешені (күнделікті сабақ жоспары)
Отын өнеркәсібі – облыстың басты энергиясының көзі. Павлодар облысында көмірді шығаратын 8 орын бар. Ең ірілері – Екібастұз бен Майкүбі бассейндері. Екібастұз көмір алаңы – Қазақстандағы ең ірі алаңның бірі. Оның жалпы қоры – 1208 млрд. т.
Беларусь Республикасы
Беларусь Республикасы
Беларусь Республикасының экономикалық - географиялық жағдайының ерекшеліктері, өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығының салалары туралы жөнінде түсіндіру.
Машина тігістерінің түрлерімен таныстыру
Машина тігістерінің түрлерімен таныстыру
Білімділік: машина тігістерінің түрлерімен таныстыра отырып, тігістер жасау, үйрету.
Химия өнеркәсібі кешені
Химия өнеркәсібі кешені
Химия өнеркәсібінің маңызы, шаруашылықтағы рөлі және тау-кен өнеркәсібі мен оларды орналастырудың негізгі принциптерін түсіндіру;
Машина жасау
Машина жасау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, № 7 «Балдырған» балабақшасы Жаханшаева Гүлжазира Ерлепесқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×