Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Не? Қайда? Қашан? (зияткерлік сайыс)

18 сәуір 2013, Бейсенбі
Категориясы: География
Зияткерлік сайыс: "Не? Қайда? Қашан?" (презентация түрінде)
ТАНЫСТЫРУ
С ұ р а қ т а р
1902 жылы жазылған
Франсиско Таррегидің «Үлкен вальсі» қазіргі кезде кең танымал музыка. Автор бұл әуенді Лондонның Үлкен Опера театрларында тыңдаған
Бұл әуенді қолдану құқығы негізін Фредрик Идестам салған ресейлік компанияларға тиесілі.
Бұл қандай әуен?

Кактус шөлді жерге бейімделуіне байланысты тікенекті болады. Алайда тікенектерін елемей қоректенетін жануарлар да кездеседі. Олар бөкендер мен бизондар. Олар қалай қоректенеді?
Жауап: Олар аузын кактус тікенегі жырмас үшін, басқа бір өсімдіктің қалың жапырағын тістеп алып, кактустың тікенегі аздау жерін байқап отырып, жұлып жейді.

Бұдан екі ғасыр бұрын Еуропа халықтары Орта Азияның шөлдерінде «Оңтүстік қарағайы» өседі деп қате пікірде болған. Бірақ ботаник В. Леонтьев бұл пікірді теріске шығарды. «Оңтүстік қарағай» деп аталған өсімдікті ата?
Жауап: Сексеуіл

Белгілі зерттеуші Александр Гумбольдт Ориноко өзенінен құрлыққа крокодилдердің қаптап шыққанын байқаған. Олардың өзеннен қашуына не себеп болды?
Жауап: Жер сілкінісі

ХV Еуропадан Үндістанға баратын жол іздеген португал теңізшісі Бартоломеу Диаш екі мұхиттың түйіскен жерінде күшті желді байқаған. Тозығы жеткен кемелер суға кетіп, апатқа ұшыраған адамдар аман қалып, бес ай бойы осы жерде тіршілік еткен. Бұл қай жер?
Жауап: Қайырлы Үміт мүйісі

Профессор П. И. Мариковский бүйі уының ағзаға қаншалықты әсер ететінін зерттеген. Ол алғашқы тәжірибесінде 6 бүйінің жинақталған уы ғана 1 тышқанды өлтіруге жетеді. Ал біраз уақыттан соң 2 бүйінің уы тышқанды өлтіруге жететіндігін анықтады. Профессор тәжірибесінде неге екі түрлі жағдай анықталды. Бүйінің адамға қауіптілігін ол қалай дәлелдеді?
Жауап: Жыл мезгілдеріне байланысты, аяғының ортаңғы башпайын бүйіге шаққызған

Кейде бұларға әдемі, поэтикалық аттар беріледі: Қоянның секірісі (Швеция), Жеті айдаһар (Корея), Көгершінді (Қырғызстан), Қыз шашы, Сулы көмей (Кавказ).
Бұл не?
Жауап: Сарқырамалар

1846 жылы бұл спорт түрінің ойын тәртібінде былай деп жазылған: есеп ашылмаған барлық кездесулер 3 күннен аса жалғаспауы керек.
Қай спорт түрі туралы айтылған?
Жауап: Футбол

Эскимостар бұны сұйық, жеңіл, ауыр, сынғыш әрі жылтырақ болады деп санайды. Сонымен қатар олардың екі жүзге жуық түрін ажырата алады.
Бұл не?
Жауап: Қар

Ортағасырлық алхимия уақыт өте келе қазіргі уақыттағы химия ғылымына айналған болатын. Ал сол өткен заманда ятрохимия деп аталған ғылым қазір қалай аталады?
Жауап: Медицина («ятрохимия» грек тілінен ятрос – «дәрігер»)

Егер сізге батпақ су мен бұлақ суын ішуге таңдау жасау керек болса, әрине, сіз бұлақ суын таңдар едіңіз.
XVI ғасырда кімдер таза батпақ суын ішу үшін қолданды? Неге?
Жауап: Теңізшілер.

Батпақ суының құрамында табиғи антисептиктер болғандықтан ол ұзақ сақталады.
1430 жылы француз қызы Агнес Сорель тарихқа ең алғаш осы әшекей таққан әйел боп енді.
Бұл әшекей неден жасалынды?
Жауап: Гауһар тасты (бриллиант) әшекей

Солармен танысқандардың бәрі дерлік, олар туралы «екі тонна жаман мінезділер» деп сипаттаған екен. Оларды атаңыз
Жауап: Мүйізтұмсықтар

Николай Пирогов Кавказда әскерде жүрген кезде сынған мүшелерді емдеу кезінде ағаш тақтайлардан бас тартып, онымен дайындалған таңу материалдарын пайдаланған. Николай Пирогов гипсті кейінірек қолданған.
Н. Пироговтың бірінші және екінші суреті сіздерге жауап беруге көмек бола алады. Ал үшінші суреті – жоқ.
Оны ата?
Жауап: Крахмал

Күйзеліс кезінде адам ағзасынан аса қауіпті улы токсиндер бөлінеді. Адам ағзасы бұл токсиндерден қалай құтылады?
Жауап: Жылау арқылы

АҚШ – тың орталық аудандары мен Канаданың оңтүстігінде кішкентай сарышұнақ мекендейді. Оны ғалымдар ерекше туысқа жатқызады.
Осы сарышұнақтың аты мен АҚШ – тың мемлекеттік рәміздерінің тарихына ортақ сын есімді ата?
Жауап: Онүшжолақты

Европалықтар алғаш рет бұл жануарды Гаитиге апарғанда, жергілікті тұрғындар оны «басында тісі бар шошқа» деп атаған жануарды ата.
Жауап: Сиыр

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
16 585
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Оңтүстік Американың климаты
Оңтүстік Американың климаты
Оңтүстік Американың климаты мен оны қалыптастырушы факторлары туралы түсінігін қалыптастыру; Негізгі және өтпелі климаттық белдеулер туралы білімдерін кеңейту
7-8 сыныптар арсында география мен биология бойынша сынып аралық сайыс
7-8 сыныптар арсында география мен биология бойынша сынып аралық сайыс
Алматы қаласы, №124 ЖББМ тарих және география пәнінің мұғалімі Рахымбекова Улпан Туймебайқызы
ЭКСПО көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
ЭКСПО көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Т. Аубакиров жалпы орта мектебі тарих пәні мұғалімі Алибекова Тәрбие Қантұрғанқызы
Америка дүние бөлігіне саяхат
Америка дүние бөлігіне саяхат
Биология және география пәні мұғалімі Зарипова Гаухар Адилбековна
Жануарлар қалай қоректенеді?
Жануарлар қалай қоректенеді?
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №6 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нұрмашева Салтанат
Бөлме гүлдері «Кактус»
Бөлме гүлдері «Кактус»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Білім беру салалары: Қатынас Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру Тақырыбы: Бөлме гүлдері «Кактус»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×