Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Азия елдері

14 мам 2013, Сейсенбі
Категориясы: География
Тақырыбы: Азия елдері
Жалпы мақсат: «Азия елдері» тарауы бойынша алған білімдерін қорытындылау, пәнге деген қызығушылығын тексеру, материкті қаншалықты меңгергендігін анықтау.
Оқыту нәтижесі: - Оқушылардың топпен жұмыс істеу қабілетін арттыру;
- Өтілген материалдарды жүйелей білуге баулу;
- Есте сақтау дағдыларын дамыту.
Түйінді идея:
Мұғалім оқушылардың тақырыпты өз беттерімен меңгеруін үнемі назарда ұстауы керек. Бұл - оқушының өзіңе деген сенімділігін ғана емес, сонымен бірге өзіңе деген жауапкершілікті де арттырары сөзсіз. Олардың бір - бірін оқытуды үйретуі де оқушыларды ізденімпаздыққа, шығармашылыққа жетелейді.
Азия елдері туралы жан - жақты мәлімет алуға болады.
Әдісі: Топпен жұмыс.
Ресурсы: Дүние жүзінің саяси картасы, интерактивті тақта, музыка, би, ұлттық тағам түрлері, ТСО.

Уақыты Сабақтың мазмұны
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
3 минут Қызығушылығын ояту
Ұйымдастыру кезеңі
а) амандасу;
б) топты 3 - ке бөлу Оқушылар бір - біріне Азия елдері халқының амандасу ерекшеліктерін көрсетеді..
Топтар: Қытай, Жапония, Үндістан болып бөлінеді.
6 минут Мағынаны ашу

І кезең. Нақты сұрақ – ұтымды жауап ( Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен есептелінеді.).
“Қытай” тобына:
1 “Тянь - Шань” қытай тілінде қандай мағына береді: Аспанмен тілдескен тау
2. Азияның оңтүстік – батыс бөлігін құрайтын түбек: Арабия
3. Тынық мұхит теңіздерінің бойын қуалап, сары және шығыс қытай теңіз жағаларында орналасқан жазық: Ұлы Қытай
4. Қытайдың ұлттық діні: Конфуций
5 Азияның жер шарындағы ең төмен жатқан бөлігі:
Өлі теңіз – 403 м

“Жапония”тобына:
1. Жапондықтар өздерінің мемлекетін қалай атайды: Күншығыс елі
2. Азияны Еуропадан бөліп тұрған теңіз: Эгей
3. Үндістанмен 4053 м ұз. шекараласатын ел: Бангладеш
4. Пусан кеме жасау орталығы қай елде: Оңт. Корея
5. Жапонияның ең биік нүктесі: Фудзияма

«Үндістан» тобына:
1. Арабия түбегі Африкадан ұзын және енсіз қандай теңізбен бөлініп тұр: Қызыл теңіз
2. Дүние жүзіндегі жауын - шашын ең көп жауатын елді - мекен: Черапунджи
3. Д. ж - де халқы саны жөнінен 10 - шы орын алатын ел: Жапония
4. АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Жапония – қай елдің сауда серіктесі: Үндістан
9. Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш таныған мемлекет: Түркия

ІІ кезең. Ақпарат көзі ( Толық ақпарат берген топ 10 ұпаймен есептелінеді.)

ІІІ кезең. Өзіңді бағала! Әр дұрыс жауап
1 ұпаймен саналады.

1. Израиль, Ирак, Йемен, Кипр, Түркияның мемлекеттік құрылысы - Республика: Ия
2. Азия жерінің 25% - ын таулар алып жатыр: жоқ
3. Монғолияның ұлттық діні христиан: жоқ
4. Малайзия, Тайланд, Кувейт абсолюттік монархиялық елдер: ия
5. Азия жер шары халқының 60 % құрайды: ия
6. Жылына 2 рет өнім жинайтын ел - Қытай: жоқ
7. Қытай жер көлемі бойынша 3 - ші орында: ия
8. Үндістанның ақшасы юань: жоқ
9. Абдул Калам – Пәкістанның президенті: жоқ
10. Жапония шикізат пен отын ресурстарын басқа елдерден сатып алады: ия

IV кезең. Ойлы болсаң, озып көр! Астана мен мемлекет толық айтылса 10 ұпай,
жартылай 5 ұпаймен бағаланады.

V кезең. Кино әлемі (ұяшықтарды таңдау арқылы киноның әуендері (саунтрек) ойналады. Қай елдің киносы екенін және фильмнің атын сонымен басты рольді сомдаушыны атау керек. Жоғары балл – 10)
VI кезең. Өнерлі өрге жүзер (елдердің ерекшелігін көрсету, жоғарғы ұпай - 10).
VII кезең. Ас мәзірі(Әр топ өздерінің ұлттық тағамын келіп, ерекшелігін түсіндіру. Жоғары балл – 10 ұпай)
V Әр топтың капитан командалары жауап береді.

Ой толғаныс
«Тәуелсіздік тұғырым» (баяндама жасалады).
Үйге тапсырма:
«Азия елдеріне саяхат» (ойтолғау жазу). Азия елдерін аймаққа бөліп, кескін картаға түсіру
Бағалау: Инсерт кестесі арқылы бағаланады
Қорытынды: Бағалау парағындағы ұпайлар бойынша, жеңген топ марапатталады

Әр топ өздерінің топ атауларын таныстырып, үйден дайындап келген слайдтарын көпшілік
назарына ұсынады.
Яғни елдерінің халқы, мәдениеті мен даму ерекшеліктеріне тоқталады.
Берілген сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.
Азия елдерінің туы арқылы мемлекетті және астанасын табу. ( Мысалы: )
Түркия - Анкара
Иран - Тегеран
Монғолия - Улан
Батыр
Қай елдің киносы екенін және фильм атын атау керек.
1. Үндістан – “Биле, биле” – Метхун
2. Түркия – “Көкжалдар мекені” – Ниджати Шашмаз
3. Корея – “Ханзада Джумонг” – Сонг Иль Гук
4. Моңғолия – “Шыңғысхан”
5. Қытай – “Аңыз” – Джеки Чан
6. Қазақстан – “Ғашық жүрек” – М. Әуелбекова, М. Беспаев, Б. Есентаева

Әр топ өздерінің дайындап келген өнерлерін ортаға салады.
Әр топ өздерінің ұлттық тағамының ерекшелігін түсіндіреді.
7 минут Ой толғаныс
«Тәуелсіздік тұғырым» (баяндама жасалады).
Үш елдің экономикасы, мемлекет ерекшеліктерін Қазақстанмен байланыстыру. 1 минут
Үйге тапсырма:
«Азия елдеріне саяхат» (ойтолғау жазу). Азия елдерін аймаққа бөліп, кескін картаға түсіру
1 минут Бағалау: Инсерт кестесі арқылы бағаланады
Қорытынды: Бағалау парағындағы ұпайлар бойынша, жеңген топ марапатталады
12 509
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаратылыстану - математика бағыты бойынша тест жинағы 11 - сыныпқа арналған.
Жаратылыстану - математика бағыты бойынша тест жинағы 11 - сыныпқа арналған.
Азия елдері. 1 – тақырып. ШЕТЕЛДІК АЗИЯ ЕЛДЕРІНЕ ЖАЛПЫ ШОЛУ. §1. Азияның саяси картасы мен аймақтары
Орталық және Шығыс Азия елдері
Орталық және Шығыс Азия елдері
Орталық және Шығыс Азия елдері құрамына кіретін мемлекеттер, жер бедерінің ерекшеліктері, әлемдік өркениеттің дамуындағы орны туралы оқушылардың білімін қалыптастыру.
Азия елдері
Азия елдері
Азия елдері тарауы бойынша алған білімдерін қорытындылау, пәнге деген қызығушылығын тексеру, материкті қаншалықты меңгергендігін анықтау.
Азия елдері. (Қытай, Жапония)
Азия елдері. (Қытай, Жапония)
Азия елдері Саяси бөлінуі Оңтүстік Азия (Пәкістан, Үндістан) Солтүстік Азия (Ресей) Шығыс Азия (Қытай, Жапония) Батыс Азия (Иран, Ауғанстан, Түркия т. б. Орталық Азия (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан)
Азия мен Африкадағы араб елдері
Азия мен Африкадағы араб елдері
Азия мен Африкадағы араб елдерінің жалпы жағдайына сипаттама беріп, батыс елдерінің осы елдерге жүргізген саясатын ашып көрсету, тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуын және араб елдеріндегі ұлт - азаттық күрестің нәтижелері туралы меңгерту.
Күнделікті сабақ жоспары. Оңтүстік және Оңтүстік – Шығыс Азия елдері
Күнделікті сабақ жоспары. Оңтүстік және Оңтүстік – Шығыс Азия елдері
Үндістан түбегі мен оған жалғасып жатқан аралдарды қамтитын Оңтүстік Азия елдері Азияның басқа бөлігіне Гималай таулары мен Үнді – Ганг ойпаты арқылы бөлініп жатыр.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×