Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сарыарқа

13 қыркүйек 2013, Жұма
Категориясы: География
Сабақ тақырыбы:§43 Сарыарқа сыныбы: 8
Мақсаты:
Білімділік: Сарыарқа өлкесі, оның негізгі ерекшеліктері туралы түсінік беру
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру, тақырыптық карталармен жұмыс істей алу дағдысын қалыптастыру, заңдылықтар мен себеп салдар байланыстарын аша білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Сарыарқа өлкесінің сұлу табиғатынан эстетикалық ләззат ала білу, оны қорғауға тәрбиелеу
Әдісі: Сөздік, түсіндірмелі (себеп - салдар талдау, көрнекілік, тірек - сызба, пікір алмасу)
Көрнекілік: Қазақстанның физ. картасы, суреттер, үлестірмелер, флипчарттар, эл. оқулық т. б
Барысы: Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын тексеру жоспары:
А) 1. Солт. Қазақ жазығының географиялық орны
2. Жер бедері мен геологиялық құрылымы
3. Аудандары
4. Пайдалы қазбалары
5. Климаты
6. Өзендері мен көлдері
7. Табиғат зоналары, қорығы
Б) Жекелеген оқушыларға үлестірме карточкалар беріледі
Жаңа сабақ: Жоспар:
1. Сарыарқа даңқы шыққан шежірелі өлке
2. Сарыарқаға географиялық тұрғыдан сипаттама беру
3. Сарыарқа табиғатының сұлулығы және оны қорғау
- 1.) Бетпақдаланың жер бедерін еске түсірейікші, ол қандай? (оңт бат тегіс, жазық, солт мен шығ қыратты мүжілген тау қалдықтары кездеседі, палеозой тақтасы мен сұрғылт, қызыл граниттен тұрады.)
- Олай болса Бетпақдаланың жер бедері, геологиялық құрлысына ұқсас аймақпен танысамыз. Ол аймақ « Сарыарқа» деп аталады.
Сарыарқа ежелден даңқы шыққан шежірелі өлке. Сарыарқа – Қазақстанның ірі физикалық - географиялық және табиғи - тарихи аймақтың бірі. Сарыарқа – халықтық атау. Сарыарқаға Қарағанды, Астана облыстарының жері толықтай, Торғай, Семей, Павлодар облысының біраз жері кіреді. Қарағанды облысының территориясы, негізінен, Сарыарқаның орта бөлігінде орналасқан. Сондықтан да жергілікті халық осы өңірді ежелден Сарыарқа, Арқа даласы деп атаған. Сарыарқа атауы «жер бетіндегі өсімдіктері күйгендіктен сарғайып жататын кең де үлкен жон, жалпақ үстірт, сансыз адырлы қырқа» ұғымын білдіреді.
Сарыарқа – қазақтың байлығының көзі ғана емес, сонымен қатар өнердің, мәдениеттің және тарихтың кеніші. Сарыарқаның асыл тумалары, сонау Абылай заманындағы Бұқар жырау, Қаз дауысты Қазыбек, ақындар Шөже, Шашубай, Доскей, жазушы С. Сейфуллин және ақын Қ. Аманжолов, композиторлар Тәттімбет, Мәди, Ұлы Отан соғысының қаһарманы Н. Әбдіров ғалымдар А. Чижевский және Е. Бөкетов, қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров сияқты атақты адамдар Сарыарқаның атын шығарған.
Бұл өңірде Ш. Уәлиханов дүниеге келген. С. Сейфуллиннің «Көкшетау поэмасы, Құрманғазының « Сарыарқа» күйі бар.(тыңдалады)
Сәтбаев Қаныш Имантайұлы (1899 - 1964) – аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұнғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы. Туған жері – бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Аққелін болысы (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы).
Оның қалдырған ғылыми бай мұраларының ішінде, әсіресе, Жезқазған кені туралы зерттеулерінің, Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жөніндегі еңбектерінің мәні ерекше. Жезқазғанның ірі мыс рудалы аудандар қатарына жатуы – кезінде осы кеннің жоспарлары түрде кең масшатбтағы барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі объекті екенін дәлелдеп берген Қаныш Сәтбаев еңбегінің нәтижесі. Сондай - ақ ол минералдық шикізатқа бай Сарыарқа, кенді Алтай, Қарағанды, Қаратау секілді аймақтарға да ерекше назар аудара зерттеп, олардың кендерінің стратиграфиясы, тектоникасы, құрлысы, металлогениясы, неохимиясы және шығу тегі туралы маңызды ғылыми қорытындылар жасады,

Сарыарқа. Еркін және жазық Сарыарқа: шығысында көркем гранитті массиф Қарқаралы, Кент, Қызылрай тауларымен, батысында Теңіз көлі мен Ұлытай тауларымен, солтүстігінде Есіл өзенімен, ал оңтүстігінде Бетбақ дала шөлімен шектелген, қазақ халқы ұзақ уақыт бойы билеп төстеген жазық дала Сарыарқа деп аталады.
Табиғат байлықты аямай берген жер. Жерасты табиғи ресурстары мол. Бұл жер Еуразия континетінің қысы жазы жайылымы бола алатын жүрегі және таулары көгілдір түспен жарқырайды... Бұл аймақ ойдағыдай жаңбырлы емес. 200 көлден тұратын Теңіз көлі аққулардың, қаздардың, үйректердің, тырналардың және аққұтандардың отаны ретінде саналады.
Сарыарқаның әр аудандарында орналасқан мемлекетпен қорғалатын 88 археологиялық қазбалар бар. 2008 жылы 7 шілдеде Канада, Квебекте Бүкіләлемдік мұра бойынша ЮНЕСКО Комитетінің 32 - ші сессиясында Қорғалжын және Наурызым қорықтарының аумағы негізінде «Сарыарқа – Солтүстік Қазақстанның даласы мен көлдері» табиғи мұра объектісін ЮНЕСКО - ның бүкіләлемдік мұрасы тізіміне кіргізу туралы шешім қабылданды.
Екі мемлекеттік табиғи қорық аумақтары ұлы қазақ жерінің ғажайып даласы мен көлдері ретінде жалпыға танылған әлемдік маңызы бар табиғи объектілермен қатар ЮНЕСКО - ның бүкіләлемдік мұрасы тізіміне кірген Орталық Азиядағы бірінші табиғи мұра.
2.) «Сарыарқа»- өсімдіктері күйіп сарғайған үлкен жон, үстірт. Ең ежелгі мүжілген аласа таулы өлке. биіктігі 500 - 600 м.
Географиялық орны: Орталық Қазақстанның көпшілік жерін алып жатыр. Торғай үстіртінен Сауыр - Тарбағатайға дейін 1200 км созылып, солт - н Солт қазақ жазығымен, оңт Тұранмен шектеседі.
Жер бедері мен геологиялық құрлысы ( Негізгісін бөліп алу әдісімен)
 Негізінен мүжілген, тегістелген қыраттар мен шоқылы таулардан тұрады.
 Жер бедерінің қалыптасуында үгілу процесі басты роль атқарады.
 Шығыс бөлігі батысынан биік, палеозой эрасының магмалық ( гранит, порфирит, кварцит) және шөгінді жыныстарынан тұрады.
 Каледон, герциндегі тау көтерілу мезозой мен кайназойда бұзылып ежелгі таудан ұсақ шоқылар қалған.. Сондықтан пайдалы қазбалар жер бетіне жақын жатыр.
Таулы аймақтары:
Ең биік тауы – Қызыларай, оның ең биік нүктесі – Ақсоран (1565 м). Ірі ойысы - Теңіз - Қорғалжын.
Шығыста: Қарқаралы, Кент, Баянауыл, Шыңғыстау
Батыста: Ұлытау, солт батыста Көкшетау тауы
Қарқаралы тауы 1 оқушы «Қарқаралы «деген атауы қазақтың әйелдерінің дәстүрлі қарқара деп аталатын моншақтармен көркемделіп, жібек, вельвет және үкінің қауырсындарын қолданылып тігілетін бас киіміне сәйкес алынған. Осы қарқара тәріздес қарқаралы таулары кемпірқосақтың барлық түстерімен жарқырайды. Ол биік және қатысты түрде кішірек: ең биік нүктесі Комсомол (теңіз деңгейінен 1, 403м биік) және айналасындағы таулардан 400 - 500 м биігірек. Бұл жердің толық көлемі шамамен 1000 шаршы км. Тауларда түрлі шөптер мен қайың және емен ағаштары өседі.
Шыңғыстау тауы: Граниттен тұратын тау жүйесі.
Баянауыл тауы: Жер бедері өзгеше қабаттық құрлысымен ерекшеленеді. Негізгі көлемін жалаңаш жазықтар мен биіктігі 450м шатқалды және төбелі шоқылар алып жатыр. Ең биік нүктесі Ақбет шыңы (1027м) Баян Сұлудың құрметіне атаған. Геологиялық жыныстары - ірі түйіршікті граниттер, порфириттер мен кварциттер.
Ұлытау тауы: (2 оқушы). Альпинистер көркем Ұлытау тауларына таңырқай көз жүгіртеді Бұл аймақ археологиялық және этнографиялық көзқараспен қарағанда ескерткіштерге бай аймақ ретінде саналады. Ұлытау – негізі граниттен тұратын меридиан бағытындағы ірі антиклинальдың қалдығы. Өмір құпияларын өз бойында сақтаған көптеген ежелгі ескерткіштер мен қорғандар баршылық.

Көкшетау тауы: Таудың етегін Бурабай таулы орманы алып жатыр. Ең биік нүктесі Синюха тауы (887 м). Мұнда « Бурабай» мемл. Ұлттық табиғи бағы бар. Көкшетауды әсем табиғатына байланысты « Қазақстан Швейцариясы» деп атайды.
Сарыарқада мыңдаған жыл бойы жел, су әсерімен үгілген таулар мен неше түрлі тас мүсіндер « Жұмбақтас»,»Оқжетпес», «мыстан кемпір» т. б( видео) Граниттер ойға келмейтін әртүрлі формаларда сақталып, оларға саңырауқұлақ, бағана, тасбақа, т. б. тәріздес атаулар берілген.
Төмендегі аталған аңыздарды оқушылар тауып әкеліп, баяндап берді.
«Оқжетпес» туралы аңыз: Биік шыңның басында бір қырғи өмір сүріпті. Ол сұлтандардың жағымсыз қылықтарына қарап отырады екен. Сұлтандар оның ұясын бұзбақшы болып оқ атады. Оған оқ жетпейді екен.
3 қатарға оқулықпен жұмыс
1 - Пайдалы қазбалар(түсті метал ашуда Қ. И Сәтбаевтың еңбегі зор)
2 - Климаты( Сібір антициклоны, арк - қ ауа массасы әсерінен континентті)
3 - Өзен - көлдері (Ежелгі тек - қ ойыстарда көлдер көп. С. Сейфуллиннің
« Сексен көл Көкшетаудың аясында»)
Сабындыкөл туралы аңыз( Суы өте жұмсақ. Баян - Сұлу көлге сабынын түсіріп алған. Шайтанкөл жайлы аңыздар жетерлік. Олардың бірінде Сұлушаш атты әдемі қыз өз ауылынан Қызы тауға қашып, онда жолбарысты кездестіріп, қатаң жануардан қорыққанынан көлге секіріп батып кеткен туралы айтылады.
Басқа аңызда шайтан адамдар болмай тұрып Қарқаралы тауларында мекен еткені жайлы айтады. Бір күні жолбарыс оған шабуылдаған екен. Одан құтылу үшін шайтан көлге секіріп, батып кетіпті - мыс.
Табиғат зоналары: инт. тақта
Табиғат зоналары
Дала Шөлейт Шөл
Топырақ түрлері
Қара топырақ қошқыл қоңыр топырақ қоңыр топырақ

Өсімдік жамылғысы
Бозды бетегелі жусан, боз, селеу жусанды

Қорғалжын қорығы.( элек. Оқулық)

Бекіту:
Географиялық диктант ( Интерактивті тақтада)
1. Сарыарқа батысында.......... шектесіп,............. дейін созылып жатыр.
2.............. меридиан бағытындағы ірі антиклиналь қалдығы.
3. Орталық Қазақстанды тұщы сумен қамтамасыз ету мақсатында........... салынды.
4. Дала зонасының.......... топырағында................ өседі.
5. Сарыарқаның жер бедерінің қалыптасуында............ роль атқарады.
6. Сарыарқаның түсті металдарын ашуда........... еңбегі зор.
7. Климатына............ антициклоны мен................ ауа массасы әсер етеді.
8. Сарыарқа палеозойдың................,.............,..........., жыныстарынан құралған.
9. Аймақтың өзендері негізінен.................. қоректеніп,............ тасиды.

Бағалау: « Бағалау парағы» негізінде
Үйге тапсырма: § 43, Сарыарқа өлкесінің экологиялық ахуалы туралы қосымша іздену
24 003
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Сарыарқа
Сарыарқа
ШҚО, Аягө ауданы, «№6 жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернатпен» КММ Курмангалиева М. А.
Қазақстан жеріндегі аласа таулар
Қазақстан жеріндегі аласа таулар
ШҚО, Үржар ауданы, Қаракөл орта мектеп - бақшасы КММ география пәні мұғалімі Темербаев Ерлан
Сарыарқа
Сарыарқа
ШҚО, Аягөз ауданы, Ақтоғай станциясы, «№8 жалпы орта білім беретін» КММ География пән мұғалімі Ауельбекова Райкуль Айтжановна
Сарыарқа
Сарыарқа
Атырау облысы, Исатай ауданы, Х. Наубетов атындағы орта мектептің география пәнінің мұғалімі Жанғалиева Айнагүл[/right]
Сарыарқа
Сарыарқа
Класы: 8 Пәні: География Тақырыбы: Сарыарқа Пән мұғалімі: Бердіғали Ш.И. Сабақтың мақсаты: Танымдық-білімділік міндет: Сарыарқаның географиялық орны, жер бедері мен климаты
Сарыарқа
Сарыарқа
Мақсаты: 1. Сарыарқа өлкесінің географиялық орны, геологиялық құрылысын, пайдалы қазбалары туралы түсіндіру. 2. Географиялық талдау жасай отырып, сабақ моделі арқылы оқушылардың алған білімдерін одан әрі дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×