Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Атажұрт

06 қараша 2013, Сәрсенбі
Категориясы: География
Сабақтың тақырыбы: Атажұрт
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың туған өлкесінің топонимикасын қаншалықты білетінін тексеру, ой - өрісін кеңейтіп, ойлау - қабілетін дамыту, туған жеріне деген, Отанына деген сүйіспеншілігін арттырып, Туған өлкесін мақтан етуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: кластан тыс сабақ
Сабақтың әдісі: сайыс сабақ
Пәнаралық байланысы: тарих
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар

Сабақтың барысы:
1. Өзін - өзі таныстыру
2. “Иә - жоқ”
3. “Менен сұрақ, сізден нақты жауап”
4. Бой сергіту
5. “Интеллектуалдық жекпе - жек

Өзін - өзі таныстыру
Шарты: Топ құрамындағы оқушылар өздерінің аты - жөні мен және топтың аты, ұраны және эмблемасымен таныстырады. Әрбір оқушы өзінің есімінің аталу себебін атап көрсетуі қажет. Әділқазылар алқасы сол топтың аты мен ұраны, эмблемасын бағалай отырып соларға тиісті ұпайын қойып отырады.

“Иә - жоқ”
Шарты: Бұл кезеңде екі топқа бірдей сұрақтар қойылады. Олар сол бойынша «иә» деп немесе «жоқ» деп жауап қайтарады. Олар жауабын қағазға жазып көрсетеді. Әрбір дұрыс жауап 100 ұпаймен бағаланады.

Тапсырма:
1. Темір ауданының тарихы сонау 1868 жылдан бастау алады. ( иә)
2. Қандыағаш қаласы Орынбор – Ташкент теміржолының өтуіне байланысты салынған станция. ( иә)
3. Ақтөбе облысының климаты шұғыл континетті болып келеді. ( иә)
4. Ақтөбе облысы Қазақстан аумағының 8% алып жатыр. (жоқ)
5. Облыс солтүстігінде Ресей Федерациясының Орынбор облысымен шекараласады. ( иә)
6. Ойыл жәрмеңкесі жылына 4 рет болып тұрды. (жоқ)
7. Халықтың діни және әлеуметтік - саяси жағдайына байланысты топонимдерге қазба байлықтар атаулары жатады. (жоқ)
8. Жақсымай – Темір қаласының солтүстік - батысында 65 шақырым жерде орналасқан кен орнына сәйкес қойылған атау. ( иә)
9. Боташ төбесі Шалқар ауданында орналасқан. ( иә)
10. Ақтөбе облысы бойынша мәліметтер XYII ғасырда жинақтала бастады. (жоқ)

“Менен сұрақ, сізден нақты жауап”
Шарты: Тақтада 9 тор көз берілген. Екі топ мүшелері бірінен - соң бір тордағы сандарды таңдай отырып, ішіндегі сұрақтарға 1 минут ішінде ойлана отырып жауап берулері қажет. Олар алдымен сұрақ таңдамай отырып алдындағы қағазға манадан бері жинаған ұпай санынан өзара келісіп бір ұпай тігеді. Егерде сұраққа жауап берсе сонша ұпай қосылып, ал бере алмаса шегеріліп тасталынады.

Тапсырма:
7. Бұл атау ерте кездегі аңыз - әңгімелерде, жыр, поэмаларда кездеседі. “Қобыланды батыр жыры”, “Ақсақ Темір аңыздары” бойынша бұл сөздің шығу төркінін зерттеушілер Алтын Орда хандығын құлатқан Ақсақ Темірдің жорығымен байланыстырады. Бұл қандай жер? (Темір)

2. Жерінің әр алуандығы мен жер асты суының әр түрлілігімен ерекшеленетін бұл жер Шилі өзенінің бойында орналасқан. (Шұбарқұдық)

3. 1869 жылы Темір уезінің орталығы болған Темір қаласында 1875 жылдан бері жәрмеңке өтіп тұрған. Бұл жер Темір өзенінің орта ағысында орналасқан жер. Бұл жердегі өте қалың және түсі қара қамыстар шығатын болған. Жәрмеңкенің де аты осы жермен аттас болған. (Қарақамыс)

8. Саз балшықты жерлер өзен мен, көл жағалауларында биік болып өсетін бұл шөптің басқа өсімдіктерден ерекшелігі – құрғақшылықта сарғайып кеуіп қалып, жауын - шашын болғанда бұрынғы қалпына келіп жапырақшалары түбінен бастап ұшына дейін көгереді. Осындай шөптің көптігінен Темір өзенінің оң жағындағы Шұбарқұдықтан 120 км қашықтықтағы елді мекен аталған. (Кеңқияқ)

9. Бұл атау XYIII ғасырдың басында, 1723 - 1726 жылдары Еділ бойы қалмақтарымен болған кезекті үлкен бір шайқастан кейін пайда болған атау. Осы жерде қалмақ әскері ойсырай жеңіліп, көп адамнан айырылған. Бұл туралы жазушы Ә. Кекілбаевтың роман - трилогиясында, тарихи басқа да шығармаларында дәлелденген. Бұл қай жер? (Қалмаққырылған)

1. Ақсай ауылынан оңтүстікке қарай 12 шақырым жерде орналасқан. Бұрын соғыс жылдарында мұнай өңдейтін кішігірім зауыт болған. Жер бедері тегіс емес, шоқат құмдар жиі кездеседі. (Құмшоқат)

5. Шұбарқұдықтан 126 шақырым қашықтықтағы кент атауы. Жері шұбар ала, шиі мол, көп жылдық шөп сабақтас өсімдік болғандықтан осылай аталған. (Шұбарши)

6. Шұбарқұдықтан 5 шақырым қашықтықта жері бұдыр - бұдыр тасты жер атауы. Соған байланысты жер аты солай аталған. (Қотыртас)

4. Ащыойыл өзені бойындағы жер атауы. Құрманқожа руынан шыққан Сұлтанбек батырдың кер биесі қыстауға жете алмай өзен жағасында қалады. Жаз шыға биенің құлындап, аман - есен екендігін көргеннен кейін бұл жердің қыстауға қолайлы екендігі белгілі болады. (Кербие)

Бой сергіту.
Шарты: Әр топтың басшысына (капитанына) кез - келген жердің, судың, өзеннің, көлдің, елді мекеннің, таудың, құмның, бұйраттың немесе шоқының аты беріледі. Ол соған байланысты оның қандай географиялық объект екенін тездетіп қатесіз жауап беруі қажет.
Тапсырма:
1. Мұғалжар – (тау), өзен
2. Шошқакөл – көл, (бұйрат)
3. Боқтыбай –( шың), тау
4. Аққұм – (төбешік), тау
5. Бөкенбай – тау,( шоқы)
6. Жаманшың – өзен, (тау)
7. Нұра – ойыс, (тау)
8. Құмжарған – өзен, (төбе)
9. Темірастау – (тау), жайлау
10. Атжақсы –(өзен), көл
11. Қарақобда – село, (өзен)
12. Шалқар – (көл), сор
13. Әйке – (көл), ойыс
14. Тебіссор – (көл), сор
15. Белқопа – (көл), өзен
16. Соркөл – мұздық, (көл)
17. Ойыл – сілем,( елді мекен)
18. Айырқызыл – (құм), тау
19. Кіші Борсық –( төбешік), жайлау
20. Жаманқұм – (жайлау), батпақ

«Интеллектуалдық жекпе - жек»
1. Ертеде осы жерде үлкен көл болған. Үстінен қыстың күні шанаға түйе жегіп, сабын тасыған. Бір күні мұз жарылып, сабындар түгел судың астына кетеді. Содан судың беті көбіктеніп тұрған - мыс. Үлкендердің айтуы бойынша осы жағдайдан кейін бұл көл осылай аталып кеткен. (Мұғалжар ауданы) (Сабынды көл)
2. Қазақ тілінің тілдік қорында бұл сөздің мағынасы жоқ. Бұл қала Жем өзенінің бойында орналасқан. Бір аңыз бойынша ертеде Ресей өлкетанушылары ат көліктерімен осы жерді аралаған. Көктемде Мұғалжар тауынан бастау алатын өзен арқырап, тасып жатқан кез екен. Өзеннен өткел таба алмай жолаушылар қарсы кездескен жергілікті қазақ ақсақалынан жол сұраған. Ақсақал тілмашқа: “ Сұрап тұрғаныңыз Жем ба?” деген кезде олар карталарына орыс тіліне ыңғайластырып өздерінше белгілеген екен. Темір жол стансасы “Жем”, ал қала аты осы атаумен аталған. (Эмба)
4 022
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тапқыр достар
Тапқыр достар
Міндеттері: 1.Оқушылардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру; 2.Сөздік қорын байыту, дүниетанымын дамыту;
Салалас құрмалас сөйлемді қайталау
Салалас құрмалас сөйлемді қайталау
Шығармашылық жұмыстар арқылы салалас құрмалас сөйлем туралы білімдерін тиянақтау. Ауызекі сөйлеу, ақыл - ой, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Біздің туған өлкеде
Біздің туған өлкеде
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Х.Досмұхамедұлы орта мектебінің география пәні мұғалімі Утеулиева Шайза
Ойна да, ойла
Ойна да, ойла
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Балтабай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Назарбекова Айгул
Сегіз қырлы...(кәсіптік сайыс)
Сегіз қырлы...(кәсіптік сайыс)
Арнайы пән оқытушысы Аленова Алтынай Жаулықызы №1 Ақтөбе кәсіптік лицейі Пән «Электрлік жарықтандыру» (І курс)
Топырақты негізгі және тұқым себер алдында өңдеуге, жайылым мен шалғынды жақсартуға арналған машиналар мен құралдар
Топырақты негізгі және тұқым себер алдында өңдеуге, жайылым мен шалғынды жақсартуға арналған машиналар мен құралдар
Топырақты негізгі және тұқым себер алдында өңдеуге, жайылым мен шалғынды жақсартуға арналған машиналар мен құралдар тарауын қорытындылау сабағы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×