Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғаты аса көркем, Қазақстан - туған өлкем (интеллектуалды сайыс)

23 қараша 2013, Сенбі
Категориясы: География
Интеллектуалды сайыс 8 - 9 сынып аралығында өткізілді.

Табиғаты аса көркем, Қазақстан - туған өлкем
(Сыныптан тыс іс - шара)
Интеллектуалды ойынның мақсаты:
Ұлан - байтақ алқапты алып жатқан, табиғаты сан қилы болып келетін туған өлкеміз туралы жас ұрпақтың білімін қалыптастыра отырып, пысықтай түсу. Өз туған жеріне деген патриоттық сезімге тәрбиелеу. Оқушылардың география пәнінен алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету. Жалпы оқушының интелектуалдық белсенділігін арттыру.
Ойынға қатысушылар: 8 - 9 сынып оқушылары
Ойынның көрнекіліктері: Музыка, Қазақстанның физикалық картасы, үлестірмелі материалдар.

Интеллектуалды ойын барысы
Топтарды шақыру.
Топтардың өздерін таныстыруы.
Төсбелгілерін қорғауы.
Қазақстан, туған жер туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу, ән айту.
Жер - су аттары туралы аңыз, әңгімелер, ертегілер.
Топтарға викториналық сұрақтар.
Адасқан атауларды сәйкестендіру.
Жүлдегерлерді анықтау.
Кешті қорытындылау.

Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді бүгінгі жаратылыстану ғылымдары пәндерінің апталығы аясында өткізгелі отырған «Табиғаты аса көркем, Қазақстан туған өлкем» атты интеллектуалды ойынын ашық деп жариялаймын. Қош келдіңіздер!
«Табиғаты аса көркем, Қазақстан туған өлкем» атты интеллектуалды ойынына мектебіміздің 8 - 9 сынып оқушылары өз білімдерін сынағалы келіп тұр. Ойынымыз 6 турдан тұрады.
Топтардың өздерін таныстыруы.
Төсбелгілерін, газеттерін қорғауы.

Қазақстан, туған жер туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу, ән айту.
Жер - су аттары туралы аңыз, әңгімелер, ертегілер.
Топтарға викториналық сұрақтар.
Адасқан атауларды сәйкестендіру.

Ойынды бақылаушы әділ төрешілерімен таныс болыңыздар:
Мектебіміздің ғылыми істер жөніндегі орынбасары: ...
Мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі: ...
Мектебіміздің 11 сынып оқушысы, «Алтын белгіге» үміткері ...

Қаратау, Алатауым, сүйенішім,
Елімнің еңсесісің, иінісің.
Ұлытау - ұлы дала құдіреті,
Көкшетау - көзі жауһар киігімсің.

Қызылжар – мұңды мезгіл өткенімсің,
Арқалық - қазағымның текті елісің.
Кенді өлке Қарағанды - байлығымсың,
Қостанай - Ыбырайдың мектебісің.
Өршітіп өр Алматы намысымды,
Найсаптың Желтоқсанда сағы сынды.
Тірліктің Талдықорған бағы сынды,
Дәм - тұзын Жетісудың тағы ұсынды
«Табиғаты аса көркем, Қазақстан туған өлкем» атты интеллектуалды ойынға қатысатын топтарды ортаға шақырайық.

Батысында елімнің,
Байлығы мол бір жер бар.
Балыққа бай Каспийі,
Мұнай, газ, никелі,
Қойнауынан табылар.
Сол аймақтан келіпті
Біздің жаққа ұл - қызы.
Туған жері бұлардың
Мақтан тұтар жұлдызы.
Ал тыңдайық, кәнеки,
Ортаға кел, қонақтар!
Не жаңалық өлкеңде,
Қане, бәрін айтыңдар! Ортаға «Батыс Қазақстан» тобын шақырамыз.

Жүргізуші:
Астықты өлке атанған,
Мақтан тұтар жері бар.
Сол жақтан бүгін келіпті.
Жүздесуге ұландар.
Жерін бізге айтқанда,
Көкше еске оралар.
Темір, көмір, алтынды,
Кеншілері мол алар.
Алыс жақтан келіпсің,
Ортаға шық, бауырлар.
Жерлеріңде айтыңдар,
Біз білмейтін нелер бар? Ортаға «Солтүстік Қазақстан» тобын шақырамыз.

Жүргізуші:
Баяу жылжып ағады,
Суы мол Ертіс өзені.
Ортамызға келіңдер,
Кенді Алтай өрені.
Шығысында Қазақтың,
Қорған тұтар елі бар.
Алтын, мырыш, күміске,

Қойны толған жері бар.
Ауасы таза, жері бай,
Мақтан тұтар жер еді.
Жерін мақтап, ардақтар,
Ұл - қыздарға кез келді. «Шығыс Қазақстан» тобы, ортаға келіңіздер.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 569
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған өлкем
Туған өлкем
Білімділік мақсаты: оқушыларға өлеңді дауыстап, тісініп, мәнерлеп оқыту арқылы оқу дағдысын қалыптастыру.
Өтебай Тұрманжанов «Туған өлкем»
Өтебай Тұрманжанов «Туған өлкем»
Өтебай Тұрманжановтың өлеңін түсініп, мәнерлеп оқу, ұлттық құндылық туралы түсінікті кеңейту.
Не? Қайда? Қашан?
Не? Қайда? Қашан?
Интеллектуалды ойын бастауыш сынып оқушыларына.
Біздің туған өлкеде
Біздің туған өлкеде
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Х.Досмұхамедұлы орта мектебінің география пәні мұғалімі Утеулиева Шайза
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Меңдібаева Гүлнұр
Интеллектуалды ойыны "Ең білгір"
Интеллектуалды ойыны "Ең білгір"
Ақтөбе қаласы, №33 Қазақ жалпы білім беру мектебінің тарих пәні мұғалімі: Жұрмағамбет Қобылан Қалтайұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×