Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


География әлемі

06 ақпан 2014, Бейсенбі
Категориясы: География
Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім (М. Әуезов)

Сабақтың мақсаты:
Студенттерді танымдылыққа баулу, кездейсоқ жағдайларда әр түрлі тапсырмаларды орындауға, шапшаңдылыққа, дағды мен икемдерін дамытуға тәрбиелеу, білім алуға деген ынтасының өсуіне ықпал ететін осындай іс - шаралардың бірі — "География әлемі".
Сабақтың түрі: сыныптан тыс сайыс сабақ
Өткізу тәртібі: "География әлемі" мынадай шарттардан тұрады: екі топқа бөлу арқылы бір - бірімен жарыс түрінде жүзеге асады. Сайыс мынадай бөлімдерден тұрады:
1."Таныстыру"
2."Өткел"
3. "Ғажайып ондық"
4."Шешендік"
5. "Толысу"
6. "Зымыран"
Еуразия тобының мүшелері: (4 оқушыдан)
Азия тобының мүшелері:

1 тур. "Таныстыру". Әрбір топ өздерінің топтарының атауын жеке - жеке таныстырып өтеді7
2 тур. "Өткел". Екі топқа барлығы 1 - 10 - ға дейін сұрақ қойылады.
Еуразия тобына сұрақтар:

1. Мұхит суының басты қасиеттері (температурасы мен тұздылығы)
2. Географиялық қабықтағы ең ірі табиғат кешендері (материктер мен мұхиттар)
3. Жер өз білігінен айналғандағы құбылыс (Күн мен түн ауысады)
4. Осыдан шамамен 180 - 200 миллион жыл бұрынғы материк атауы? (Пангея)
5. Гондвананың құрамындағы материктерді атаңдар (Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия, Антарктида)
6. Гималай тауы шыңының атауы (Джомолунгма 8848 м)
7. Еуразия материгіндегі ең ұзын өзен (Янцзы 5800 км)
8. Ең терең көл атауы (Байкал 1620 м)
9. Теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері — Өлім аңғары (- 86 м) деп аталады.
10. Қазақстандағы облыс саны қанша? (14)

Азия тобына сұрақтар:
1. Су тұздылығының көрсеткіші немен есептеледі? (промилле ‰)
2. Жердің Күнді айналуынан қандай құбылыс байқалады? (жыл мезгілдері ауысады)
3. Лавразияның құрамына жататын материктерді атаңыз? (Еуразия мен Солтүстік Америка)
4. Кордильера тауының шыңы қалай аталады? (Мак - Кинли 6193 м)
5. Жер шарындағы ең үлкен көл (Каспий S — 390 мың км²;)
6. Месопотамия ойпаты қай өзендер аралығында жатыр? (Тигр және Евфрат)
7. Жер шарындағы кіші материк (Аустралия 7, 6 млн км²)
8. Дүние жүзінде ең суы мол өзен (Амазонка)
9. Теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері – валдес (- 40 м) түбегі деп аталады.
10. Қазақстандағы бөлінген экономикалық аудандар саны

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 520
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дүниежүзілік мұхит суларының қасиеттері
Дүниежүзілік мұхит суларының қасиеттері
Судың қасиеттерінің өзгеруіне әсер ететін факторларды анықтайды. Мұхит суының қасиеттерін анықтау кезінде нақты мәліметтерді қолданады.
Қызықты география
Қызықты география
Географиядан сайыс сабақ "Қызықты география"
Атажұрт этногеографиялық олимпиада
Атажұрт этногеографиялық олимпиада
Мұхиттар мен материктер географиясы бойынша оқушылардың деңгейін анықтау.
Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер.
Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер.
Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Айыртау орта мектебінің география пәні мұғалімі Сагидуллаев Алтай Сагидуллаевич
Еуразия материгін қайталау
Еуразия материгін қайталау
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жақсықылыш кенті, №19 орта мектеп география пәнінің мұғалімі Жұмахметова Гаухар Мухтаровна
Мұхиттар мен теңіздердің маңызы. Мұхиттар мен теңіздерді қорғау
Мұхиттар мен теңіздердің маңызы. Мұхиттар мен теңіздерді қорғау
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы Ә. Жангелдин атындағы орта мектебі география пәнінің мұғалімі Әлмұратова Г. Қ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×