Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ырымдар мен тыйым сөздерді ұмытпайық

31 мам 2014, Сенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс
Аңдатпа
Жұмыстың тақырыбы: «Ырымдар мен тыйым сөздерді ұмытпайық».
Зерттеу мақсаты:
1. Адам баласына әдепсіздіктің зияндылығын түсіндіре отырып, анықтама беру.
2. Жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға, қисық жолдың шырмауына түспеуге үйрету, адамгершіліктің жолын көрсету.

Зерттеу әрекетінің кезеңдері:
1. Теориялық материалдар жинақтау, оқып - танысу.
2. Бейнесуреттер жасау.
Зерттеу жаңалығы:
Ырымдар мен тыйым сөздердің мағынасын зерттеу жаңалығы.

Жұмыс нәтижесі:
1. «Ырымдар мен тыйым сөздерге» байланысты жарық көрген материалдарды бір жүйеге келтіріп, топтастырып насихаттау.
2. Қазақ халқының тәлім - тәрбиесінде ырымдар мен тыйым сөздерді сақтай отырып ұрпақтан - ұрпаққа жалғаса беретіндігіне көз жеткізу.
Нәтиженің іс - тәжірибеде қолдану аясы:
Берілген деректерді пайдалана отырып оқушылардың танымдық ой - өрісін дамыту мақсатында мектепке дейінгі орындарда, сынып сағаттарында, әдебиеттік оқу пәнінде ақпарат ретінде қолдануға болады.


І. Кіріспе
Ырым мен тыйым сөздер бір - бірімен сабақтас, өзектес болады. Халық ұғымындағы ырым ұрпаққа өнегесі, шапағаты тиетін, ізгі қасиеттер жұғысты болса екен деп қолданылатын ғұрыптың түрі. Ол негізінде жақсы ниет пен көңілге медеу, тілекке сүйеніш табу үшін қолданылады. Киелі, қасиетті ерекше бір рухтан сол арқылы медет тілейді. Ал кей әрекеттерден жамандық шақырады деп ырымдап, тыйым салады. Осы жерден біз осы екі ұғымның өзара байланысты қанаттас жүретінін аңғарамыз. Осы айтқанымыз сенімді болуы үшін мына мысалдарға назар аударыңыз: бүйіріңді таянба; үйге, ауылға қарай жүгірме; таңдайыңды қақпа; тізеңді құшақтама. Осы сөздерден жамандық шақырады деп ырымдап, тыйым салған.

1. Ырымдар мен тыйым сөздер.
Ата салт - дәстүріміз, рухани байлық, әдепті болып өсуге, ырым деп ізеттілікке тәрбиелеу халық қазыналарының бірі. Әр айтылған ырым мен тыйым сөздердің астарында мән жатады. Үлкендерден естіп жүрген осы өсиетті сөздерді естіп өскен әр қазақ баласы әдепті, инабатты болып келеді. Ырымдар мен тыйым сөздер балалардың бойында кездесіп қалатын ұнамсыз қылықтарды дер кезінде түзетіп отыруға, одан арылуға, дұрыс жолға түсуіне көмектеседі.
1921 жылы дүниеге келген үлкен әжемнен естіп жүрген өсиетті сөз ырымдарды жинақтап, құлағыма құйып, бойыма сіңіре өсіп келемін.
Тәуелсіз еліміздің іргесі қаланып нығаюы жолында еңбек еткен қарапайым жандардың бірі менің үлкен әжем Білтай Шармағанбетова.

Қысқаша өмірбаянынан: Ұлы Отан соғысы жылдарында Күзембаев атындағы, онан кейін Киров атындағы ұжымшарларда, бұл шаруашылық іріленіп, С. Сейфуллин атындағы совхоз болып құрылған жылдарда да мал шаруашылығында жемісті еңбек еткен, сауыншы болған, Стахановшы атанып, құрметке бөленді. Жемісті еңбегінің арқасында халық сеніміне ие болып 1946 жылы халық депутаттары Қарағанды облыстық Советіне депутат болып сайланды. Ол сенімге лайық еңбек етіп, еңбек озаттарының қатарынан көрінді. Міне осындай үлкен әжемді мақтанышпен жаза отырып, өзінің аузынан естіп жүрген ырым, тыйым сөздерді жинақтадым.
Ырым, тыйым сөздердің мәні:
- Нанды бір қолмен үзіп жеуге, нан үзіндісін аяқпен таптауға болмайды.
Нан құраннанда қасиетті: құранға шығып нанды алуға болады, бірақ нанға шығып құранды алуға болмайды.
- Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға, рәсуа етуге болмайды. Нан – дәм басы, онсыз өмір жоқ. Сондықтанда дастарқанға алдымен нан қойылады.
- Таңертең нан ауыз тимей үйден шығуға болмайды. «Асығыспын, нан ауыз тиейін», «Ең құрыса, нан ауыз ти»,- деген сөздер бекер айтылмаған.
- Нанды төңкеріп қоюға болмайды. Нан – қасиетті дәм. Онымен ойнауға болмайды. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды. Кемтар адам ғана нанды бір қолмен сындырады - деп отыратын әжем. Жас кезінен ұрпағын «тек» деп өсірген халқымыз теріс қылық мінезге де тыйым салған. Бұл балалық шақтан бастап, отбасы болғанша сақталған ереже тәрізді. «Олай жасама, бұлай жасама, жаман сөз айтпа, дұрыс емес» сөздердің жауабын «жаман болады» дегенмен аяқталып отырған.
Олар:
- Кісіге қарап бей - берекет күлуге болмайды. Жүйке ауруына шалдыққан адам ғана бей - берекет күле береді.
- Адамға қарап керілмейді, әдепсіздік болып саналады.
- Жатқан кісінің үстінен аттамайды.
- Кемтар адамға күлуге болмайды. Кемтар адамға күлсең, өз басыңа келеді.
- Екі езуді керуге болмайды, себебі бұл әдепсіздік болып саналады.
- Күн батар алдында ұйықтауға болмайды. Батар күнмен жарысып ұйықтаған жаман ырымға саналады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
24 268
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер
Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер
Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің тарихын, ата - бабаларының тарихын білуі және оның жақсысынан үйреніп, жаманынан жиреніп қорытынды жасауы, сабақ алуы тиіс.
Ырым - тыйымдар
Ырым - тыйымдар
Қазақ халқымен ғасырлар бойы жасасып келе жатқан ырым - тыйымдар жүйесі хал¬қы¬мыз¬дың өмірінде, салт - санасында, әдет - ғұрпында, тұрмыс - тіршілігінде кеңінен көрініс тапқаны белгілі.
Тыйым сөздер – тәрбие көзі
Тыйым сөздер – тәрбие көзі
№ 6 мектеп - интернат тәрбиешісі: Шынбергенова Мариям
Тыйым сөздер (дөңгелек үстел)
Тыйым сөздер (дөңгелек үстел)
Ғ Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінің Бастауыш сынып мұғалімі Шұғайыпова Зейнет Кәкімқызы
Қазақтың ырымдары мен тыйымдары
Қазақтың ырымдары мен тыйымдары
Семей қаласы, №2 кешкі мектеп ОВ 156/15 мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қабдуалиева Гүлсим Рахимовна
Ата салтым-асыл мұрам
Ата салтым-асыл мұрам
Қазақ халқының ырымдары, тыйымдары ежелден келе жатқан ұлттық мәдениеттің бір бөлігі екендігі белгілі. Ғасырлар сынынан екшеліп, ұрпақтан ұрпаққа ұласып келе жатқан ырымдар мен тыйымдардың озық үлгілері жеке тұлғаның жан-жақты дамуына септігін
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×