Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ырым - тыйымдар

22 қараша 2016, Сейсенбі
Ырым - тыйымдар (6 сынып)
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік – оқушыларды қазақ халқының ырым - тыйымдары арқылы адамгершілік құндылықтарды анықтау, тәрбиенің көзі ретінде пайдалану, ұлағатты ұлы сөздерді қазіргі жастарымыздың санасына жеткізу.
ә) дамытушылық – сөздік қорларын молайту, тілге тән дыбыстарды, жаңа сөздерді дұрыс айтуға тілдерін жаттықтыру. Естіп, тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу, жазу, әрекеттерін дамыту.
б) тәрбиелік – оларды қазақ халқының ырым - тыйым сөздерін сақтап, қайрымдылыққа, әдептілікке, сыйластыққа, достарын сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту сабағы.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, талдау, жаттығу жұмыстары.
Сабақтың көрнекілігі: кітап, үлестірме парақша, интерактивті тақта, суреттер.

І. Ұйымдастыру
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
4. Оқушыларды 2 топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Алдыңғы сабақта «Үлкенге құрмет» тақырынба 2 - топқа бөлінген едік. Әр топқа түрлі деңгейлік тапсырмалар берілген еді.
1 - топқа Мақал - мәтелдер жаттау
2 - топқа Өлең жолдарын жаттау
Енді сіздер бүгін де екі топқа бөленіп отырасыздар.

ІІІ. Жаңа сабақ
Біздер алдыңғы сабақты үлкен адамдарды қалай сыйлау керек екенін және қандай құрмет көрсету керек екенін түсіндік. Енді бүгінгі тақырыбымыз «Ырым - тыйымдар» деп аталады. Дәптерімізді ашып, жазайық.

1 - тапсырма. Қазақтың ырым - тыйымдары туралы мәлімет айту.
Қазақ халқымен ғасырлар бойы жасасып келе жатқан ырым - тыйымдар жүйесі халқымыздың өмірінде, салт - санасында, әдет - ғұрпында, тұрмыс - тіршілігінде кеңінен көрініс тапқаны белгілі. Ырым - тыйым арқылы бала тәрбиелеу, жат әдеттерден тыю, туындауы мүмкін қауіп - қатерлерді ескерту және т. б. нәрселер ұлтымыздың рухани кеңістігінде әлі күнге дейін сақталып келе жатқан тарихи, этномәдени, әлеуметтік мәні терең дүние. Кейбір ырым - тыйымдар бағзы замандардағы шамандық, тәңірлік наным - се - німдердің сипаты, белгісі ретінде де көрініс беріп жатады. Қалай дегенмен, ырым - тыйымдарды халқымыздың ұлттық болмысынан бөле - жара қарауға болмайды.
Ырым - тыйымдардан халқымыздың әдет - ғұрпы, наным - сенімін ғана біліп қоймай, бойымызға тәлім - тәрбие сіңіреміз. Тыйым сөздер мазмұны мен мақсатына қарай тұрмыстық - шаруашылық, еңбек, мәдени - гигиена, экологиялық тәрбие, әдеп мәдениетіне тәрбиелейді.
Мәдени - гигиеналық мағынаны қалыптастыратын ырымдар мен тыйымдар:
1. Шелектегі суға аузыңды салма.
2. Саусағыңды аузыңа салма.
3. Бас киіммен ойнама.
4. Таңдайыңды қақпа.
5. Басыңды шайқама.
6. Шашыңды аяқ астына тастама.
7. Жағыңды таянба.
Экологиялық тәрбие беретін тыйым сөздердің түрлері:
1. Жалғыз ағашты жұлма
2. Көкті жұлма.
3. Малды теппе.
4. Суға дәрет сындырма.
5. Құстың ұясын бұзба
6. Су шашып ойнама.

2 - тапсырма. Оқушыларға суреттер көрсетіледі. Сол суретттерден қандай ырым - тыйымдар бейнеленгенін сипаттау.

3 - тапсырма. Әрбір топқа жеке тапсырмалар беріледі.
1 - топқа «Тұрмыстық – шаруашылыққа байланысты ырым - тыйымдар»
2 - топқа «Әдеп – мәдениетке тәрбиелейтін ырымдар мен тыйымдар»
Бұл тапсырманы оқушылар топпен орындайды. Бірінші орындап болған топ мүшелері өздерінің жазғанын мәліметтерін тақтаға іліп, оқып береді.
Тұрмыстық - шаруашылыққа байланысты ырым - тыйымдар:
1. Нан үстіне зат қойма.
2. Нанды бір қолыңмен үзбе.
3. Нанды лақтырма.
4. Сүтті төкпе.
5. Сыпырғышты тік қойма.
6. Отқа түкірме.
7. Тұзды баспа.

Әдеп мәдениетіне тәрбиелейтін ырымдар мен тыйым сөздер:
1. Үлкеннің алдын кеспе.
2. Адамды айналма.
3. Кемтар адамға күлме.
4. Адамға қарап түкірме.
5. Жаман бұзақы сөзге ерме.
6. Үлкеннің жолын кеспе.
7. Анаға зекіме, азабын тартасың.
8. Барды жоқ деме, барың жоқ болады.

3 - тапсырма. «Тізбек» ойыны.
Әрбір топқа екі - екіден шашыраңқы тыйым сөздер беріледі. Сол тыйым сөздерді дұрыс құрулары керек.
1 - топ
Нанды бір қолмен үзбе
Пышақтың жүзін жалама
2 - топ
Бас киіммен ойнама
Пышақты шалқасынан қойма

4 - тапсырма. Мына сөздердің ішінен дара сөздерді теріп жазу. Сөз сөздерге толық морфологиялық және сөз құрамына талдау.
Мектептер, ата - ана, АҚШ, сөз, тасбақа, мәдениет үйі, қаламдары, бір - бірден, ҚР, ырым - тыйымдар, бес, мақал - мәтелдер.
Дара сөздер: мектептер, сөз, қаламдары, бес.
Сөз – зат есім, негізгі, дара, жалпы, дерексіз.
Бес – сан есім, негізгі, дара, есептік сан есім.
Бұл дара сөздерге сөйлем ойлаңыздар.

5 - тапсырма. Оқушыларға сурет беріледі. Сол сурет бойынша 1 - топ мәтін құрайды. Ал 2 - топ диалог құрастырады.

6 - тапсырма. Сөйлемдерді толықтыру. Төменде жазылған қажетті сөздерді сөйлемдерге қойып жазу.
1. Бас киімді тебуге,..., теріс киюге....
2. Кір киімді... болмайды.
3.... аса қасиетті деп есептеледі.
4. Құстардың... бұзуға болмайды.
5. Сауылған сүттің бетін... қоюға болмайды.
6. Адамды....
Керекті сөздер: ашып, болмайды, нан, айналма, лақтыруға, киюге, ұясын.

ІV. Сабақты бекіту
Бүгінгі сабақты қорытындылау және өткен сабақтарды қайталау мақсатында сіздермен «Сұрақтар салынған қорап» ойынын ойнайық.

Сұрақтар:
1. Дара сөздер дегеніміз не?
2. Қандай ырым - тыйымдар білесіз?
3. «Нанның үгіндісін аяқпен баспа» деген сөз неге айтылған?
4. Қазақ халқы қонақты қалай күтеді?
5. Бізге ырым - тыйымдардың қажеті бар ма?
6. Сіз үлкендерге қалай көмектесесіз?

Оқушыларға әртүрлі көңіл - күйді білдіретін смайликтер беріледі. Осы смайликтер арқылы бүгінгі сабақтың оқушыларға берген әсерін анықтаймыз.

V. Үй тапсырмасын беру
5 дара сөзді алып, сөйлем ойлау. Және сол дара сөздерге толық морфологиялық талдау жасау.
VІ. Бағалау

Атырау облысы, Атырау қаласы
Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын
техникалық гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Иманғалиева Айдана Жексенқызы
26 944
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөздердің қолдану ерекшелігі
Сөздердің қолдану ерекшелігі
Қолданыс өрісі тар және қолданыс өрісі кең лексикаларды жаз және төмендегі сөздерді осы лексикалар түріне қарай ажырат.
Халық даналығы – рухани байлық көзі
Халық даналығы – рухани байлық көзі
Ырым сөздер мен тыйым сөздердің айырмашылығын және мағынасын түсіндіру. Ата – баба дәстүрін құрметтеуге дағдыландыру. Шешендік сөздерден тағлым алуға тәрбиелеу.
Қазақ халқының ырым - тыйымдары
Қазақ халқының ырым - тыйымдары
Қазақтың тыйым сөзі - ұлттық тәрбие көзі, яғни қазақ халқы кішкентай кезінен жақсылыққа үйір, жаман әдеттерден аулақ болсын деп тыйым арқылы баласын тәрбиелеп отырған
Қазақтың ырым-тыйым сөздері
Қазақтың ырым-тыйым сөздері
Қазақтың ырым-тыйым сөздері. Тыйым – халықтың тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге, ақыл - кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі. Бұл негізінен балаларға арналған, оларды жаман әдеттен, жат пиғыл, ерсі қылық, әдепсіз істерден сақтандыруда өте үлкен қызмет
Қазақтың ырымдары мен тыйымдары
Қазақтың ырымдары мен тыйымдары
Семей қаласы, №2 кешкі мектеп ОВ 156/15 мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қабдуалиева Гүлсим Рахимовна
Атам мен әжем
Атам мен әжем
Атам мен әжем тақырыбы бойынша өтетін сөздерді сөйлеуде дұрыс пайдалана білу. Жаңа сөздерді дұрыс айтуға үйрету. Тақырып төңірегінде сөйлей білу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×