Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үш жүздің пірі-Мүсірәлі

08 қараша 2012, Бейсенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы
№ 100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Қиятбаева Дана Дүйсенқызы

Жоспары.
1. Кіріспе.
2 Зерттеу бөлімі. Үш жүздің пірі - Мүсірәлі.
2. 1 Өмірдерегі.
2. 2 Пірдің кереметтері. Аңыздар. Қолжазбалар.
2. 3 Мүсірәлі әулиенің баласы Қосым қожаның кереметтері.
2. 4 Мүсірәлі бабаның ұрпақтарының естеліктері.
3. Қорытынды.
Ұсыныс.
Сілтеме.
Пайдаланылған әдебиеттер
Аннотация

Ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан ұлы адамдардың игі істері мен даналық сөздері келер ұрпаққа қажет рухани қазына екені белгілі. Жұмысымның құндылығы осында.
Мақсаты:
Елі үшін еңбек еткен тарихи тұлғаны бүгінгі ұрпақ санасын қалыптастыруға, адамгершілікті, имандылықты уағыз ете отырып таныстыру.
Зерттеу барысының кезеңдері:
1. Даярлық кезеңі.
а) Үш жүздің пірі терінде танылып отырған Мүсірәлі Жәдібекұлының ұрпақтарымен сұқбаттасы.
2. Тақырыпта зерттеу кезеңі
а) Мүсірәлі қожаның өмірі туралы мәлімет жинау.
ә) Халық аузынан аңыз, әңгімелер жинау.
б) Шырақшысымен сұқбаттасу.
3. Жұмысты қорғауға әзірлік.
а) Жұмыс негізінде баяндама даярлау.
ә) Қосымша материалдар, фотосуреттер, көрме даярлау.
4. Ұсынысты өмірге енгізу.
5. Жұмысты орындауға әдістер жинақтау, саралау, баяндау.
6. Жұмыстың жаңалығы.
Мүсірәлі қожаның ұмытыла бастаған аңыздары.
7. Жұмыстың құрылымы.
Кіріспе. Негізгі бөлім. Қорытынды. Пайдаланған әдебиеттер. Қосымшалар.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі мен мақсат міндеттері сөз болады.
Негізгі зерттеу бөлімі 4 тараудан тұрады.
1. Өмірдерегі.
2. Аңыздары
3. Баласы Қосым әулие туралы деректер.
4. Ұрпақтарымен сұхбат.
8. Қорытынды. Әулиенің елі үшін атқарған істерінің бағасы және әлі де атқарылатын істерге ұсыныс беріледі.

«Халық Алласына сеніп, ертеңгі күнін, ар жақтағы ана дүниеге баратын күнін ойлап, дүниедегі мынау бүгінгі күннің күйбеңімен жүре бермей, Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистеріне сәйкес өмір сүрсе…» Н. Ә. Назарбаев.
1. Кіріспе
Әлемдегі қай қазақты алсаңыз да, олардың шыққан тегі, өткендегі тарих жолын білуге ұмтылып, қатпары мол тарих қойнауынан оңайлықпен сырын аша бермейтін рухани қазына көздерін түрткілей іздене түсуі озық халықтардың бәріне тән кәнігі құбылыс.
Өзінің өмір кешкен тарихи жолын білуге деген құштарлық, ескі заманнан бері қарай адам баласы жеті атасын білу дәстүрінің тұрақты құбылысқа айналуы жәй нәрсе болмаса керек. Жеті атадан арғы тегін қуалай, үлкен тайпалы одақтарға дейінгі аралықтағы неше түрлі тарихи сапырылыстарда орын алған әңгіме - аңыздарды әр ауыл көне көз ақсақалдары, яғни тарихтың тірі архивтері, өз әлінше танытып, таратып отыру салты бізде мықтап орныққан тағылымды дәстүріміз.

Жан берген жеті өлікке Мүсірәлі,
Көрсетіп көп ішінде кереметті.
Үш жүздің кеңесінде Күлтөбеде,
Шешімін бір ауыздан ел ұнатты.
Керейттен қожа шықты Қосым атты,
Кісі екен аруағы мол, кәрі қатты.
Есіткен елдің бәрі таңырқапты, - деп Сыр бойының елге танымал ақыны Шоңбай ақынның жырлауы да Мүсірәлінің әулиелігін мадақтайтыны тегін болмаса керек. Оның баласы Қосым қожа, оның қарадан шығуына күмән келтіретіні де байқалады.
1
Менің тоқталайын деп тұрғаным халық арасында аңыз болып тарап кеткен Сопы Әзиз Мүсірәлі қожа туралы болмақ. [1]
2. Негізгі бөлім
2. 1 Өмірдерегі
Мүсірәлі Жәдікұлы 1639 жылы дүниеге келіп, 1721 жылы 82 жасында дүниеден өткен. Мүсірәлінің шығу тегі кіші жүздің «Жеті ру» тайпасының «Керейт» руынан шығады. Ертеде Керейт елінде Қабылбек деген батыр екінші әйелі Рабиғадан бір балалы болыпты. Қабылбек батыр бір соғыста баласымен екеуі бірдей қайтыс болып, әйелі Рабиға 23 жасында жесір қалыпты. Бір күні Рабиға түсінде әулиелерді көреді. Олар Мекке - Мәдинеге баруға жол сілтейді. Барған соң Қағбаға кіріп, зиярат жасауға жесір болуына байланысты ұлықсат берілмеген соң, сондағы имамның көмекшісі болып қызмет жасайтын Озған әулетінің Абубаязит Бастами (1525 - 1583ж. ж. ) деген араб кісіге неке салдырған екен. Рабиға мұсылманшылық сапарынан оралған соң Керейт елінің бегі Арғымақ бахадүр бас қосады. Үйленген соң Рабиғадан Күрзіхан туады. Хан болған Күрзіханның лақап аты Ақсақал деген болжам бар. Күрзіханның Бозаншар. Бозаншардан Еспенбет (Ойық), Доспенбет (Тілік). Доспенбеттен Қолдаулы, Сандаулы, Шаужайлы. Сандаулыдан Көн, Көне би, Қосбармақ батыр туған. Көне биден Дулат. Дулаттан Асан, Үсен, Тағаберді, Таз. Таздан Бидас, Жандос. Жандостан Жанғабыл, Жәдік. Жәдіктен Мүсірәлі.

1650 - 1660 жылдары аралығында Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи медресесінде оқып, алғырлығымен ұстаздардың көзіне түсіп, сонда шәкіртерге дәріс беруге қалдырылыпты. Осы медреседе «ахун» дәрежесін иеленген. Бұдан кейін білімін жетілдіру мақсатында Бағдат, Басыра шаһарларынан сопылық ілімнің тереңіне бойлаған десе, енді бір зертеушілер алты жасынан Үргеніш қаласында мұсылманша хат танып, 12 жылдай Ауғанстандағы Мазари Шариф, Ғазия кенттеріндегі сопылық ағымдағы оқымыстылардан дәріс алған, - депті.

Сопы Әзиз Мүсірәлі қожа бақсайыс атаның 14 – ұрпағы Аллаберді шайықтың алты баласының бірі Тікаш шайықтан туған. Керейт Мүсірәлі қожа (Сопы Әзиз) 1639 жылы Бұхара хандығына қарасты Тамдыбұлақ аймағындағы Керіз деген жерде дүниеге келген. Өзінің әкесінің мешітінде білім алған Мүсірәлі қожа 1656 жылы Түркістандағы Қожа Ахмет әулиенің медресесіне оқуға түсіп,
оны 1663 жылы ақиқатты (Алланы) тану тағлиматының (ғылымының) ахуны деген атақ алып бітіреді. Жас ғұлама осы медреседе қазақ, қарақалпақ, қырғыз, өзбек елінен оқуға келген шәкірттерге ана тілінде ақиқатты (Алланы) тану жолындағы Қожа Ахмет әулеиенің тағлиматынан (ғылыми танымынан) дәріс береді. Мүсірәлі қожа – Тұран жұртына ең бірінші шәкірттерге өзінің ана тілінде оқып, Аллаға құлшылық етуге жол ашып, бес уақыт намаз оқудың қазақ тіліндегі үлгісін (жолын) елге таратқан ағартушы ұстаз.
3. Қазақ халқына бас әзірет болған Мүсірәлі қожа халықтан түскен садақаны, байлардың Алланың жолына арнаған арнаулы қаражатын, малын жұмсап, ел ішінде балаларды оқытатын көшпелі жәй мектеп, мешіт аштырып, жас ұрпақтың сауатын, дүниетанымын көтеруге көп еңбек сіңірді. Тіпті ол ер балалармен тең дәрежеде қыз балалардың да мектеп - мешітте оқуына рұқсат беріп, құран сауатын ашуға да мүмкіндік жасайды.

Мүсірәлінің кіші әйелі Мариямнан Қосым атты ұл болады, ол кейін кіші жүзге аты белгілі пір, аруақ иесі, әулие болған. Қосым қожа (1700 - 1780) бүкіл кіші жүзге пір сайланып, елдің бірлігін сақтауға қатысқан. 1748 жылы Әбілқайыр ханның қазасына орай, шапқыншылықты болдырмау жолындағы билер қасында болып, Бопай ханшаға көңіл айтады. Ал одан туған Әбужәлел (1729 - 1805) де пір болды деген жазбалар тарихи құжаттарда кездесіп қалады. Озбырлығы асып, шектен шыққан Нұралы хан турасында патшайым Екатерина II - ге хат жазған Кіші жүздің 50 - ден астам биінің арызын бекітіп қол қойып, растап мөрін басқан Сырым Датов пен Әбужәлел Қосымов еді. Мүсірәлінің шөбересі Дәрменқұл ишан аты Қоқандықтармен қатынас кездеріндегі Жанқожа батырға қатысты құжаттарда кездеседі. Қосымқожа, оның баласы Әбужәлел кіші жүзге пір болса, оның баласы Нұрмұхаммед Орынбор шекаралық комиссия жиналысына депутат (1817) болып, қазылық жасаған. Ал Хасанқожа Қосымов Сырымбет пен Ешімді татуластыру жөнінде елшілік қызметін атқарды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 094
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Ұстаз еңбегі - ұлы еңбек атты оқушылардың аудандық ғылыми - тәжірибелік конференция
Ұстаз еңбегі - ұлы еңбек атты оқушылардың аудандық ғылыми - тәжірибелік конференция
Білім саласына еңбегі сіңген Гүлжамила апайдың есімін, өзгелерге таныстыру
Әлшекейдің бал – шекер тәтті күйлері - ай
Әлшекейдің бал – шекер тәтті күйлері - ай
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №194 орта мектеп. Орындаған: Данабекова Фариза Оралбайқызы 10 – сынып оқушысы Жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі,”Сығанақ” тарихи мұражай жетекшісі: Бахрамова Айгүл Ташмаханқызы
Арнау күйімен жұмыс
Арнау күйімен жұмыс
Қазанғап атындағы Саз мектебінің мұғалімі Кемалова Зина Баймырзақызы
Абылайдың хандығы
Абылайдың хандығы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, №24 Ү. Түктібаев атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Елбосынова Майра
Кіші жүздің Ресей империясына кіруі
Кіші жүздің Ресей империясына кіруі
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы №24 Ү. Түктібаев атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Елбосынова Майра
Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеті
Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеті
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің ағылшын пән мұғалімі Сисенбаева Гүлмира Әбдіқаниқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×