Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сыр елі азаматтарының Еуропаны азат етуге қосқан үлесі

28 қараша 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, С. Сейфуллин атындағы
№165 мектептің тарих пәнінің мұғалімі
Жәдиева Ләззат Шынтасқызы

Сыр елі азаматтарының Еуропаны азат етуге қосқан үлесі
Биылғы жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 67-жылдығы, тарих өз дегенін алуда. Сол жеңіске жарты ғасырдан астам уақыт өтіп ел жаңарып өзгерістер болып жатыр. Алайда бұл жеңістің құндылығы қанша уақыт өтсе де өзінің мәнін жояр емес, тарихта мәңгі қалады. Қазақстан тарихында қазақ халқының Ұлы Отан соғысына қатысқаны ерлігі Әлия, Мәншүк сияқты батыр қыздарымыздың аты төл тарихымыздан орын алды. Алайда Қазақстандық азаматтардың әсіресе Европаны азат етуге қатысқан немесе қарсыласу қозғалысына қатысқаны жайлы мәліметтер тарихымызға толық енбеді деп есептесек жаңылмаймыз. Өйткені Қазақстандықтардың шетелдіктерде жүріп қарсыласу қозғалысына қатысқандығы жөніндегі мәліметтер 50-ші жылдардың соңғы ширегінде ғана баспаға шыға бастады.

Соғыс жылдарында фашистік Германия басып алған Советтік территориялардан Германияға және ол оккупациялаған елдерге каторгалық жұмыстарға айдалып кеткен мыңдаған Совет адамдары болғаны мәлім. Фашистік езгіден шетелдіктерді азат ету тақырыбы аз зерттелген тақырып болып табылады. Қазақстандық жауынгерлердің Европаны фашистік езгіден құтқару тың тақырып болып табылады.
Еуропаға фашистік басқыншылардан азат етуге өзіміздің Сыр елінің азаматы Совет Одағының батыры Әнуар Әбуталіпов те болды. Ол кісі өзінің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы шетелдік азаттық миссияларын қалай орындаған туралы былай суреттейді. Бұл кісі Сыр еліндегі Совет Одағының батыры атағын алған 2-ші батырдың бірі. Қазір тірі Жаңақорған ауданы Түгіскен кеңшарында соғыстан кейін еңбек етіп Ленин Орденімен наградталған.

1943 жылғы қысқы науқанның қорытындысы Совет Қарулы Күштері үшін ерекше атап айтарлықтай болды. Сталинград түбінде қоршауда қалған Паулюстің үш мыңдық армиясы бітті. Шығыс майданға аттандырылған Гитлердің италяндық одақтастарының әскерлері быт-шыт болды. Фашистік Германияның басқа да сыбайластары зор жеңіліске ұшырады. Дұшпан Демьянск маңынан, Взяьма мен Ржев түбінен қуылып тасталды, оң қанаттан да алысқа ысырылды. Совет әскерлері туған еліміздің 480000 шаршы километрін басқыншылардан азат етті.

Сол 1943 жылдан он алтыншы қарашасы күні маршал Р. Я. Малиновский қолбасшылық ететін екінші Украин майданындағы 53-армия Старая Русса қаласын алуға бет алды. Жас жауынгер Әнуар Әбуталіп алғашқы ұрысқа осылай кірісті. Орман ішіндегі батпақ үстінде ағаш төсеп, зеңбіректерді, танктерді ілгері жылжытып келе жатқан бір тұста аспаннан бомба жауып береді. Немістердің «Мистер Шмидт» атты истребителі қапталындағы пулеметтен ажал оғын бүркіп өте шықты. Көп адам опат болды. Осы қарбалас шақта бомба жарылысынан құлаған ағаш Әнуардың оң жақ белінен жапыра ұрып, анадай жерге ұшырып жіберді. Ессіз құлап, бір кезде орнынан сүйретіле тұрып серіктеріне ілесті. Әйтпесе болмайды. Біреуге қарайтын мұршасы бар ма? Соғыстың екі адамның төбелесі емес қып-қызыл қырғын екенін сонда түсінді. Әнуар бойында қорқыныш пайда болды. Дегенде алға бір өжеттік сүйреді. Мүмкін бұл соғысқа аттанардағы әкесінің бір ауыз сөзі шығар, мүмкін Отанға деген сүйіспеншілік болар. Әнуар, оқ пен оттың ортасындағы арпалыс жас жігітті есейтіп жіберді. Әнуарға әскери дайындық кезіндегі шаңғы тебу, қаруды оңтайлы қолдана білу, парашют пен аспаннан секіре білуді үйренгендері осы жерде кәдеге асты. Немістер Старая Руссадан әскерлерінің екінші шабуылынан соң кейін шегінді...
17 қараша Корестень азат етілді. Міне, сол кезде дұшпан біздің табыстарымызды онан әрі өрістетпей қойды. Ол қайта топталып алды, тың резервтерін іске қосты да Киев бағытында біздің топтарымыздың түп-тамырына соққы бере отырып, қарсы шабуылға шықты.

2-ші және 3-ші Украин майдандарының ендігінде Кировоград, Кировой Рог бағыттарында және Запорожьенің батысына таман жерде ауыр шабуыл ұрыстары жүріп жатты.
Кривой Рог маңында З. Г. Искаковтың полкы бораған оқтың астында қалды. Қайда барып айналса да жау зеңбірегі тауып алады. Түс ауа-ақ, аспанды реңсіз бұлттар қаптап, кешке қарай қараңғылық мүлде түнере түскен. Түнек аспан шамалы сіркіреп бастап, аздан кейін себелей түсті. «Сақ болыңдар, жігіттер. Осы жерде бір сағаттай аялдап, орын ауыстырамыз. Фонар жағу, темекі шегу болмасын!»- деді командир. Шынында да олай ету жау қолына өзіңді-өзің байлап берумен пара-пар еді. Алайда, қанша сақтық жасағанмен жау бұлардың бағдарын лезде біліп отырады. Түсініксіз бір кәкір бар.

Қаңбақ шөпті қалқалай құлағын Әнуар осылай ойлады.
...Мына жер қандай жалаңқай еді. Теп-тегіс-ау, теп-тегіс. Әр жерде ғана қаңбақ секілді бірдеңелер көрінеді. Біздің Сырдың жағасы қандай керемет! Сұлу Сыр сылаңдай ағып, орман тоғайлы малға да, жанға да пана. Қасиетті мекен қандай қиыншылық болса да, аталарымның бір түп шеңгел қызығым, бір түп шеңгелім азығым» деп қоныс аудармайтыны сол екен ғой. Кенет бір нәрсе қалбаң ете қалғандай болды. Демін шығармай үнсіз қадалды біреу жылыстап сайға қарай түсіп кетті. Әнуар да сабырсыз әлгінің соңына ерді. Сәлден соң-ақ, «прием, прием» деген секілді дауыс шыға бастады. Көңілде күмән қалмады. Мынау анық жау тыңшысы жолбарыстай атылған Әнуар еңгезердей мордванды бүре түсіп, шалқасынан құлатты. Қарулы қолмен сығымдай қылғындыра сүйреген бойы командирдің алдынан бірақ шығарды. Ол расында жау тынысы болып шықты. Қойнында құйтақандай рациясы бар екен. Етігінің өкшесіндегі шеге «заземление» ретінде хабарын ұшусыз тарататын көрінеді.

Әбутәліпов, қырағылық танытып, жау тыңшысын қолға түсіргенін үшін алғыс жариялаймын!-деді командир топ алдында.
Совет Одағына қызмет етемін.
«1944 жылғы қазанның соңғы күндерінде-ақ Будапешт бағытында аса бір қиын кескі ұрыс басталды да кетті. 2-ші Украин майданына дұшпанның 39 құрамдан жасақталған тобы қарсы тұрды. Жақсы дайындалған қорғаныстың тармақты түрін пайдаланып, қиян-кескі қарсылық көрсетті...Украин майданының негізгі күштерін Тисса, Дунай - екі өзен аралығына шығару арқылы күрт өзгеріс жасалуы мүмкін деп есептелінді».

...Полк Тисса өзенінің жағалауына келіп тоқтағанда күн қас қарайған болатын. Лайсон батпақты кешіп, жиырма шақырымнан аса жасалған жорықтан соң жауынгерлерге үсті-басын тазалап, кептірініп, қаруларын ретке келтіруге бұйрық берілді. Жеңіл-желпі тамақ тартылды. Командирлер іле-шала кеңесуге жиналды. Шамасы, бұл жерде шешуші ұрыс болмақшы. Өйткені, дивизия командирі генерал-майор А. Ф. Казанкин де осында келді. Мәжіліс ұзаққа созылмады. Сәлден соң ефрейтор Әнуар Әбутәліповты командир шақыртты. Алдына келіп, сымдай тартылған сұңғақ бойлы, қапсағай жауырында жас жауынгердің тұла бойы үнсіз шолған генерал ойға шомып, олай-бұлай жүрді. Бір кезде мұның алдына келіп, жанарына қадала қарады. Бұл да кірпік қақпай қалшиып тұр.
- Ефрейтор Әбутәліпов!- деді генерал, саған айрықша тапсырма бергелі тұрмыз.
- Мына Тисса өзенін жүзіп өтіп, бұйрықты орындауға рұқсат етіңіз, жолдас генерал!-деп сыр сұңқары осылай деп саңқ ете қалды.

- Жолың болсын! Әнуар көйлегіне бір гранатаны қоса орап басына байлады, оң қолына пистолет алып көтере суға түсті. Сол қолымен сабырсыз жүзіп келеді. Өзі бала кезінде талай асыр салған, Сырдария секілді екен сына өзен. Көпіршіп аққаны да ені де соған келетін секілді. Қаракөлеңке ай жарығымен жүзіп келеді. Қанша уақыт өткендігін кім білсін. Шамалы уақыт жүзіп, сәл-пәл тың-тыңдап, су ішінде малти берді. «Қыбырлаған қыр асар» деген осы. Табаны да жерге тиді. Әнуардың жағаға келген соң да судан шықпай біраз тұрды. Немістердің тасыр-тұсыр жүргені, шүлдіреп сөйлегені бәрі-бәрі естіліп тұр. Жүрегі атқақтай соғып, бойын қорқыныш биледі. Өмір мен өлімнің арасы қандай жақын еді? Жан қандай тәтті, шіркін! Бірақ, тапсырманы орындамай кері қайту өлімнен де жаман. Мұздай су да денесін дірілдетіп барады. Көзін ашып қарап еді, анадай жерде қайық көрінді, немістердің қайығы. Тез шешімге келмесе болмайды.

Қазір фрицтер мұнда келуі мүмкін. Осының бәрі сезіп тұр, Әнуар. Дүрсілдеген жүрегін тоқтайын деп бойын тіктеді. Осы кезде...осы кезде, жағалауда ғайыптан пайда болған ақ сақалды шал: «Балам. Қорықпа шыға бер! Саған ешкім тимейді»-деді. Түсі екенін, әні екенін түсінбей қалды бұл. Шамалыдан соң-ақ, сақалды қарияның анасы көрінді.
«Балам, қорықпа шыға бер»- анасы да әулие атаның сөзін қайталады.

- Саған ешкім тимейді. Атаң сені қорғап тұр тайсалма! «Ия, биссмила»- деп судан қарғып шыққан Әнуар қайықтың жанына жетіп барды. Су жаңа қайық! Екі ескегі де орнында. Ішінде бір винтовка, бір каска жатыр. Дереу жібін шешіп, өз жағалауымызға қарай есе жөнелді. Қуанғанынан әлде қорыққанынан екенін білмеді, бір ерекше күш пайда болды. Лезде жетіп келді. Мұндағылар да бақылап отыр екен. Бас салып мұны құшақтап жатыр. Кеудесіне қысқан полк командирі, полковник Исаков: «Батырсың Әнуар, нағыз батырсың!»-деді жүрегі жарыла. Қайықта сегіз адам мінгізген Әнуар қайтадан жаудың жағалауына жөнелді. Апарып тастайды да қайта келеді. Төртінші рет өтіп келе жатқанда шіркеу үстіне орналасқан минометшілер байқап қалып, оқтың астына алды. Әупірім тәңірімен өз жағалауына әзер жетті.

- Қазір оның көзін жоямыз, - деген зеңбірекшілер де сөзінде тұрды. Жол қайта ашылды. Сонымен не керек, Әнуар қайығымен он-он бес рет қатынап, алдыңғы шептегі ротаның сексен бес солдатын қарсы жағалауға өткізді. Соңында командирлерді де жеткізді.
- Әбутәліпов саған мың алғыс! Совет Одағының Батырына ұсынылсын, - деді командир қайықтан түсе бере. Автоматын ала Әнуар қиян-кескі ұрысқа кірісіп кетті. Оқ борап тұр. Жау қаптаған қалың әскер. Аспан жерге, жер аспанға шыққандай қиямет. Бір байқағанында оң жақ қапталдан немістің «тигрі» арылдап шыға берді. Сақпан атқан қарулы қол қапы кетпеді. Әнуардың гранатасы танкіге дәл тиді. Темір тажал бұрқ етті де жалынға орынды. Тағы бір бронь транспортер жақындап қалыпты. Дереу гранатын көздей лақтырып, пулеметтен оқты себелеп жіберді. Секіре қашқан офицер жер жастанды. Үшінші танкте алдыңғылардың жолын құшты. Осы ұрыста алдыңғы шепке румын, венгрлерді қалқан есебінде ұстайды екен. Тұтқындардың көбісі де солар, 47-сі таза неміс болып шықты.
Осы ерлігі үшін Әнуар Әбутәліпов КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1945 жылғы 24-ші наурыздағы Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Неміс басқыншыларынан Венгрия, Чехословакия, Румыния, Австрия жерін азат етті.

Әнуар Әбутәліпов соғыстан соңғы бейбіт өмірде де ерен еңбек иесі екендігін талай рет дәлелдеді. Сан-салалы шаруашылыққа етене араласып, Ленин орденін кеудесіне қадады. «Түгіскен» кеңшарында 1984 жылға дейін күрішші болып еңбек етті, зейнеткерлікке шықты. Берекелі отбасының берік ұстанымы Енекең, жұбайы Үмсәләм тоғыз бала тарықтырмай өсірді. Бәрі үйлі-баранды қазір. Бір-бір қызметтің құлағын ұстап, тәуелсіз еліне қызмет етуде. Отыз тоғыз немере, үш шөбере сүйген, Әнуар ақсақал, сексеннің сеңгіріне таяса да, әлі бір жігіттік күші бар қарулы. Қолдарында кенже ұлы Есенқожа, келіні Күләш бар. Күләш әруақ қонған атақты айтыс ақыны Манап Көкеновтың қызы.

Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін міне, 65 жыл болып отыр. Алайда Ұлы Жеңіске үлес қосқан қарсыласу қозғалысының жауынгерлері, әсіресе Қазақстандықтардың ерліктері тек қана қазақ халқының емес, сонымен қатар азат еткен Югославия, Франция, Чехославакия халықтарының санасына берік орныққан.

Неміс фашистеріне қарсы күрескен бір қанша қазақ азаматтары шет мемлекеттерде қалып қойған. Атап айтқанда, германиялық Каби Сумердің мәліметі бойынша Батыс Европада қазақтардың 1600 отбасы тұрады. Бір ғана Мюньхен қаласында 40 отбасы тұрады, осындай себептермен шет елде жүрген қазақ азаматтарының ендігі арманы-жас ұрпақты, ұл-қыздарымызды ата-мекенге табыстыру. Біз жарықта жүрсек те жүрегіміз туған жерде деп өздерінің туған жеріне, ата-мекенге келгісі келетінін айтады. Екінші дүние жүзілік соғыстың зардабын қандай және оның күні бүгінге дейін жаңғырып келе жатқан жағымсыз жақтары неден басталады деген сауал әркімді мазалайтыны анық.
Соғыс басталар алдында Одақ бойынша қазақ халқының саны 3 млн 250 мыңға жетіп, оқиғалардан кейін қайта толығып келе жатқан болатын.
Соғысқа қатысқандар, соның ішінде тікелей майданға 500 мың қазақ азаматы аттанған, соның 350 мың азаматы, яғни 70%-ы соғыста қазаға ұшыраған, осындай соғыстың қазақ халқына қаншама зардабын тигізгенін көруге болады.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. А. Хамзин «Франциядағы қазақ жауынгері»//Лениншіл жас. 1982жж 06 март
2. К. Еженова. Они сражались в Франций. // Горизонт. 1987 ж №31
3. Новинков В «Люди невостреванной судьбы» // Казахстанская правда. 1941 г 20 апреля
4. Н. Мусабаев, А. Мусабаева. Ортаймаған қазаны-Қасиетті Қазалы
5. Қариялар естеліктерінен
5 484
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әлияның ерлігі - елге мұра, ұрпаққа ұран!
Әлияның ерлігі - елге мұра, ұрпаққа ұран!
Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің маңыздылығын ұғынуларына жағдай туғызу. Ұлы Отан соғысында туған жерін қорғаған аты аңызға айналып, ерлік істері барша ұлтты таң қалдырған қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың жарқын өмірі және Ұлы Отан
Қазақстандықтардың Ұлы отан соғысына қатысуы
Қазақстандықтардың Ұлы отан соғысына қатысуы
Ұлы Отан соғысы, оған қатысқан қазақстандықтардың майдан даласындағы, тыл жұмыстарындағы ерлігі, антқа беріктігі жайында түсінік бере отырып, қазақ азаматтарының ҰОС қосқан үлестері мен қажырлы еңбектерін баяндау және оқушылардың ізденушілік
Қазақ батырлары - халық қаһарманы
Қазақ батырлары - халық қаһарманы
Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеуді үйрету, батырларымызды еске алып, өмір жолын, ерлігін таныту және үлгі - өнеге тұту, оқушыларға патриоттық тәрбие беру
Ұлы Отан соғысының басталғанына - 70 жыл
Ұлы Отан соғысының басталғанына - 70 жыл
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған аграрлық - технологиялық коледжінің тарих - география пәнінің мұғалімі Ибадуллаев Махамбетхали
Қазақтың қанатты қызы – Хиуаз Доспанова
Қазақтың қанатты қызы – Хиуаз Доспанова
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, "Горный ЖББОМ" КММ Жағыпарова Арай Бақытқызы
Жеңіске жеткен ұлы күн
Жеңіске жеткен ұлы күн
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Накеева Ақмарал
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×