Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Елім» деп туған, «Жерім» деп еңбек еткен ер Төлеген Медетбаев

22 ақпан 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс
Орындаған: Төремұратова Гүлдәурен
№2 Облыстықарнайы санаториялық мектеп - интернатының 4 сынып оқушысы
Жетекшісі: Н. Калыбаева

Мазмұны
Пікір
Рецензия
І. Кіріспе ….............................................................................. 3 - 6
1. 1. Зерттеудің өзектілігі
1. 2. Мақсаттары мен міндеттері
1. 3. Жұмыстың құрылымы
1. 4. Зерттеудің көздері
ІІ. Ильичтен келген жедел хат.................................................. 8
ІІІ. Негізгі бөлім..................................................................... 9 - 11
3. 1. Еңбек жолы
3. 2. Қолбасшы Медетбаев
3. 3. Совдеп төрағасы
3. 4. Еңбекшіл халыққа әкірең емес қамқоршы болған азамат
ІҮ. Қорытынды.......................................................................... 13
Ү. Әдебиеттер тізімі.................................................................. 14
ҮІ. Өтініштер....................................................................... 15 - 48
ҮІІ. Ұсынымдар......................................................................... 49

Кіріспе.

Мен, Төремұратова Гүлдәурен, Арал қаласы № 2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп - интернатының 4 - сыныбында оқимын.
Бұл тақырыпты таңдауыма себеп болған: Ең алдымен Төлеген Медетбаевтың есімімен өзімнің көшемнің аталуы және орталық алаңдағы мәрмәр тасқа осы кісінің есімі жазылған үлкен хаттың үлгісі еді. Осы сәттен бастап, бұл кісі тегін адам болмаған екен ғой, деген ой келіп, Ол кісі туралы көбірек білгім келді.
Себебі туған жерінің өркендеуі мен өсуі үшін аянбай еңбек еткен азаматтарымыз болмаса, біз осындай берекелі де бейбіт заманда өмір сүрер ме едік? Сол азаматтарымыздың бірі - Төлеген Медетбаев.
Мен өзімнің ризашылығымды осы жобам арқылы білдіргім келеді, яғни Төлеген Медетбаевтың өзі және отбасы туралы деректер жинап жария етпекпін.

Ғылыми – зерттеу өзектілігі
Қиын қыстау заман артта қалды. Біз, бейбіт те бақытты өмір сүрудеміз. Осындай өмір үшін еңбек еткен адамдарды біз ұмытпауымыз керек. Олар туралы қандай да естелік болса, жинап, есте сақтап жүруіміз керек. Туған жері үшін еңбек етіп, дүниеден озған азаматтарымыз көп. Бірақ сол кісілер туралы деректерді туған - туыстарынан жинауға мүмкіншілік бар. Менің жазған жұмысым да өзектілігін жоғалтпайды деген сенімдемін.

Мақсаты:
Кеңестік дәуірдегі Аралдың атын әлемге танытқан, біз үшін аңыз адам - Төлеген Медетбаев туралы ақпарат жинау.

Міндеті:
1. Туған жерімнің тарихы туралы білімімді арттыру.
2. Отбасылық мұрағаттар мен естеліктер бойынша Төлеген атаның өмірін қадағалау.
3. Іздеу және ғылыми - зерттеу жұмысының дағдыларын қалыптастыру.

Ғылыми - зерттеу нысаны:
Төлеген Медетбаевтың еңбек жолы.
Отбасылық мұрағатынан зерттеу құжаттар, БАҚ, туыстарының естеліктері.

Зерттеу орны:
Қызылорда облысы
Арал қаласы
Зерттеу мезгілі:
2016 - 2017 ж.

Әдістері:
Отбасылық мұрағат зерттеу, туыстарымен сұхбат, өмірбаяны туралы жиналған ақпаратты талдау және синтездеу.

Зерттеу көздері болып табылды:
- Туыстарының естеліктері, отбасылық мұражай материалдары.
- Мұражай материалдар бөлімі.

Құрылымы:
Кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және талдау. Бұл жұмыста қолданылған фотосуреттер, құжаттар және естеліктер Төлеген Медетбаевтың өмірі мен еңбек жолын дәріптейді.
Бұл жұмыстың практикалық және теориялық мағынасы, өз елі, жері, отаны туралы білгісі келетін оқырмандардың қызығушылығын арттыратындығында. Сонымен қатар Төлеген Медетбаевтың ұрпақтарына ұнайтыны сөзсіз. Жұмысты «Аралдың құрметті азаматтары» атты тәрбие сағатында қолдандық. Бұл жұмысты сынып сағаттары мен өлке тану жұмысына қолдануға болады. Жұмыс тақырыбына байланысты көркем - презентация жасалды.

Ильичтен келген хат
1921 жылы 7 қазанда Арал балықшыларына арнап В. И. Ленин өзінің үндеу хатын жазды. Онда: «Сіздерге бүкіл Еділ бойы және Приуральенің бір бөлігін бұрын соңды болмаған құрғақшылық белең алды. Астрахань губерниясынан бастап Татар республикасы, Пермь губерниясына дейін созылған құрғақшылық миллондаған адамдар аштықтан қырылып жатыр. Сол халықтарға, ісініп жатқан кемпір шалдарға, күйзеліп жатқан сегіз миллион еңбеккерге, ең ақыры бәрінен бұрын қырылып кетуі мүмкін жеті миллион балаға көмек беріңіздер". Халық тегіс жұмылды, топ - топқа бөлініп жылымдар салынды. Екі жарым айдан кейін Арал Совдепі Төлеген Медетбаев телеграммада: "Арал бассейнінің балықшылары он төрт вагон шикі балық жөнелтті. Бұған Бөген балықшылары ерекше белсенділікпен қатысты" делінген хатқа қол қойды.

Негізгі бөлім
Тарихты өшіре алмайсың. Тау қозғалса да, ол қозғалмайды. Сол күйінде қалады. Адам өмірі де солай. Елім деп, туған жерім деп еткен еңбегі бағалануы, құрметтелуі тиіс. Сондай Арал азаматтарының бірі Төлеген Медетбаев еді.
Ол кім болған? Бұл сауалға арғы - бергі сарғайған қағаз беттеріне, тұстастарының естелік жазбаларына сілтеме жасай отырып, жауап қайыруға болғандай екен.
Төлеген Медетбаев 1890 жылы кедей - шаруаның отбасында дүниеге келеді. Анасынан ерте айырылады. Әкесі де, өзі де малайлықта жүріп, Қазалы қаласында 1914 жылы ашылған орыс - түзем (жергілікті ұлт) училищесіне түседі. Екі жыл оқығасын күнкөріс үшін Каландаров деген бай - көпестің алып кел, барып келіне жегіледі. 1915 жылы әкесі де мәңгілікке көз жұмған - ды.

Алғашқы еңбек жолын байлардың жалшысы болудан бастаған. 1916 жылы Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында жұмысшы шаруа милициясының ерікті отрядын ұйымдастыруға қатысқан. 1918 жылы "Совдепке жаңа басшы керек. Ол саяси сауатты, революция ісіне шын берілген және табанды большевик болу керек. Ол Төлеген Медетбаев" деген ұсыныс бір ауыздан мақұлданды. Төлеген Медетбаев Совдеп төрағалығына сайланды. Сол жылы қалада мектеп ашылды. Осыдан бастап қазақ балаларын мектепке тарту күресі бас талды. 1920 жылы қазақтың жетім балалары үшін мектеп жанынан интернат ашылып, барлық бала өз ана тілінде терең білім алды. Кеш - құрым жұмыстан кейін жұмысшылар да оқып, сауаттарын ашты. Бұндай мектеп интернат Бөгенде, Қамыстыбас елді мекенінде болды. 1919 - 1920 жылдары ол Аралда милиция бастығы болады. Осы жұмыста жүріп, ол шаруа семинары, ауыл шаруашылығы бірлестіктерін, сонымен қатар Бөген балықшылар бірлестігін құрды. Оның құрамы 7 бірлестіктен құралған: Қарашалаң, Қаратерең, Қаратүп солтүстік жағалауынан Сарышығанақ, Райым, Жалаңаш, Шөмішкөл, Ақшатау көлдері біріктіріліп бірлестік құрылды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 453
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер
Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер
Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің тарихын, ата - бабаларының тарихын білуі және оның жақсысынан үйреніп, жаманынан жиреніп қорытынды жасауы, сабақ алуы тиіс.
Мұқағали Мақатаев шығармаларындағы патриотизм
Мұқағали Мақатаев шығармаларындағы патриотизм
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, «№ 15 орта мектеп» ММ Аджибаева Мерея Жетекшісі: Қожанова Зинаида
Еңбек адамы Әзия Қыстаубаеваның қызметі және өмірі
Еңбек адамы Әзия Қыстаубаеваның қызметі және өмірі
Орындаған: Сүндетәлі Назира 8 сынып оқушысы Жетекшісі: Бахрамова Айгүл Ташмаханқызы
География сабақтарында жобалау әдісін қолдану.
География сабақтарында жобалау әдісін қолдану.
География сабақтарында жобалау әдісін қолдану.
Adobe Photoshope бағдарламасының қолданылуы: тиімділігі мен кері әсері
Adobe Photoshope бағдарламасының қолданылуы: тиімділігі мен кері әсері
Секциясы: Информатика Ғылыми жоба тақырыбы: Adobe Photoshope бағдарламасының қолданылуы: тиімділігі мен кері әсері Ғылыми жұмыс авторы: Мұратов Ринат Жоба жетекшісі: Кунафина Меруерт Нуржановна информатика пәнінің мұғалімі
Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеті
Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеті
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің ағылшын пән мұғалімі Сисенбаева Гүлмира Әбдіқаниқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×