Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан географиялық атауларын зерттеу

15 қыркүйек 2019, Жексенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс
Тақырыбы: Қазақстан географиялық атауларын зерттеу
Мазмұны
1. Кіріспе 2
2. Қазақстанның жер - су аттарының зерттелу тарихы 4
3. Географиялық атауларды топтау (классификациялау) 9
4. Қазақстан топонимдерінің қалыптасу кезеңдері 14
5. Атаулардың шығу тарихына қызғылықты әңгімелер келтіру 19
6. Қорытынды 22
7. Пайдаланған әдебиеттер 23

Кіріспе
Мектепте география, биология, тарих т. б. сабақтарда географиялық атаулар барлық тақырыптарында күнбе - күн кездесіп отыратыны белгілі. Географиялық атауларды білу - картаны оқып білудің негізі.
Өкінішке орай, қазіргі таңда бұл мәселе дұрыс жолға қойылды деп айту қиын. Көпшілік жағдайда географиялық атауларды құрғақ жаттаумен шектеледі. Бұл жаттату білім бола алмайды. Осы жаттаған атауларды тез ұмытып немесе шатастырып аламыз.
Ал, Қазақстан топономикасы жөнінде бізді ғылыми зерттеу жұмысына баулу, олардың әрқайсысын өзі туған ауылы мен ауданның географиялық жер атауларының тарихымен, яғни о бастағы байырғы елді мекен атауларының әртүрлі кезеңдерде орын алған саяси - әлеуметтік жағдайларға байланысты басқа атаулармен ауыстырудың нақтылы себептерін танып біле алатындай, оларды өзінше талдап, пікір жүргізе алатын дәрежеге көтеру керек. Әуел бастан қалыптасқан тарихи елді мекен атауларының өзгеру, бөгде атпен өзгеру, мүлде жойылып өшіп кету немесе сырттан зорлықпенендірілген бөтен тілдегі атаулармен алмастыру процестеріндегі басты себептер, негізінен әр кезеңде жүргізілген отаршылдық саясатпен тікелей байланыста жататын әлеуметтік құбылыс екенін оқушыға шыншылдықпен, нақтылы деректі айғақтармен ашып көрсетудің танымдық мәні ерекше.
Географиялық атауларда халықтың тарихы және тарихи география жөнінде қыруар бай материал, құнды деректер сақталған. Олар жер астында тұнып жатқан қазба байлық немесе археологтарға сирек кездесетін құнды көне заттар іспеттес. Демек, оның қойнауында замандар бойы сақталған, талай ғасырдың куәсі болған сол - тарихи атаулар бар. Сондықтан да халықпен бірге өмір сүріп келе жатқан атаулар тіл арқылы өткен тарихымыз жайлы көп мәлімет аларымыз сөзсіз.
Бұл күнде әрбір тілдің сөздік қорындағы географиялық атауларды ғылыми жүйеде зерттеуге үлкен мән беріліп отыр. Кезінде қазақтың жер - су атауы жөнінде халқымыздың заңғар жазушысы М. О. Әуезов: «Біздің қазақ - жер аты, тау атын әманда сол ортаның сыр - сипатына қарай қоя білген жұрт. Қайда қандай бір өлкеге барсаңда жер - су жапан түзде кездескен кішкене бұлақ атының өзінде ханшама мән - мағына, шешілмеген құпия сыр жатады»- деп өте орынды айтқан.
Әрбір мекен - жай, халық, қала атаулары белгілі - бір халықтың тарихына қатысты болғанын ондағы жер - су атаулары мұра болып танылады. Осы жер - су атаулары арқылы сол жерде өмір сүрген халық, тайпа, ру туралы мағлұмат аламыз. Қазақ даласындағы елді - мекен атауларының ұзына - бойғы тұрқына назар аударсақ, біздің ата жұртымыздың өткендегі қанды тарихында, басқыншылық, отаршылдық жорықтардың, саяси - идеологиялық мақсаттағы саясаттардың түрлі қатпарлы іздері жатыр. Халқымызда «Жердің аты - тарихтың хаты» деген аталы сөз бар. Атамекен атаулары атадан балаға, ұрпақтан – ұрпаққа ауысып отыратын асыл қазына, тарихи жәдігер.
Ғылыми жұмысты жазу барысында А. Әбдірахманов, Е. Қойшыбаев, Ә. Мурзаев, Ә. Бірмағамбетов, Т. Жанұзақов, Е. Керімбаев, т. б. еңбектері басшылыққа алынды.
Алға қойған мақсатқа байланысты төмендегідей міндеттерді шешу:
а) Қазақстан жеріндегі топонимдердің шығу, пайда болу, даму жолдарын талдау;
ә) топонимдерді топтарға жіктеу;
б) Қазақстан жер - су аттарын шолу;
в) Қазақстанның жер - су атауларына қатысты қызғылықты әңгімелер қарастыру;
Ғылыми жұмыс кіріспе мен негізгі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады.
Ғылыми жұмысты жазу үшін монографиялық еңбектер, ғылыми мақалалар, мерзімді баспасөз бетінде жарияланған мақалалармен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиясына жиналған «хабарлармен» қатар, Қазақстанның масштабы 1: 2 500 000 болатын физикалық картасы, саяси - әкімшілік карталары, Қазақстан Республикасының 2 томдық атласы пайдаланылды.
Қазақстанның жер - су аттарының зерттелу тарихы
Жер бетінің бедеріне ат қою адамзат қоғамымен бірге туып, ежелден келе жатыр. Жер - су аттары немесе географиялық атаулар арнаулы ғылыми әдебиетке топонимдер деп аталатыны белгілі. Ал географиялық атаулардың шығу тегін, қалыптасу заңдылығын, мағынасын, грамматикалық құрылымын география мен тіл біліміне ортақ ғылым саласы - топонимика зерттейді. Топономика гректің «topos» - жер, орын, «онома»- атау, есім, ат деген сөздерінен алынған. Ол өзен, су, құдық, бұлақ, көл, теңіз аттарын (гидронимдер); тау, сай - сала, қарат, жоталар, асулар, орман, тоғай, жайлау (оронимдерді); елді - мекендердің аттарын (ойконимдерді) жан - жақты зерттейді.
Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзі мемлекеттерінің ішінде 9 - шы орын алады, яғни ұлан - байтақ Қазақстан жерінде миллиондаған жер - су аттары бар. Сол жер - су аттары қашан және қалай пайда болған?
Мыңдаған өзендерге, көлдерге, тау - төбелерге, қалаларға, ауылдарға кімдер ат қойған? Географиялық атауларда қандай сыр жатыр?
Міне, осындай сұрақтар ғалымдарды ғана емес, өз халқының өткен тарихын білуге құштар ынтызар әрбір саналы азаматты толғандырмай қоймайды.
Географиялық атаулардың шығу төркіні, олардың аталу себебі адамдарды ерте заманнан - ақ қызықтырып келеді. Кейбір географиялық атаулардың аталу тарихы тым арғы дәуірге барып тіріледі.
Көне дәуірде адам өзінің сөз қорының аздығына байланысты географиялық объектілердің түр – түсіне, ерекшелігіне орай сипаттама бере алмаған, сол себептен орай ол өзенді де, көлді де, теңізді де жалпы түрде «су» деп, ал шоқы, қырат, сілемдерді бір сөзбен «тау» деп атаған деген пікір айтады ғалым Э. М. Мурзаев. Белгілі ғалым А. Гумбольдт «Орталық Азия» деген кітабында таулардың және өзендердің «су» деген мағына білдіреді - деп жазады.
Қазақстан территориясына қатысты жер - су аттары Герадот, Страбон, Птоломей, Плиний еңбектерінде, ежелгі саяхатшы, жиһанкездер мен елшілердің Марко Поло, Земарос Каликийдің жазбаларында кездеседі. Көне жер - су аттары орыс жылнамаларында, араб географтарының еңбектерінде, Қазақстан жерін басып өткен Батыс Еуропа

Орындаған: Тойшыбек Бейбарыс
Пән мұғалімі: Ниязбекова Айнур Болатбековна
География пәні мұғалімі
Қазақстан географиялық атауларын зерттеу. жүктеу​​​
4 601
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Географиялық карталар және картография туралы жалпы мәліметтер
Географиялық карталар және картография туралы жалпы мәліметтер
Географиялық карталар және картография туралы жалпы мәліметтер Географиялық карта - математикалық жолмен анықталып, кішірейтілген және жинақталған жер бетінің пішінінің көрінісі
ХVІ - ХІХ ғасырлардағы географиялық зерттеулер. Қазақтың ғұлама ғалымы Ш. Ш. Уалиханов зерттеулері (күнделікті сабақ жоспары)
ХVІ - ХІХ ғасырлардағы географиялық зерттеулер. Қазақтың ғұлама ғалымы Ш. Ш. Уалиханов зерттеулері (күнделікті сабақ жоспары)
ХVІ - ХІХ ғасырлардағы географиялық зерттеулер. Қазақтың ғұлама ғалымы Ш. Ш. Уалиханов зерттеулері Оқушылардың Қазақстан аумағының физикалық географиялық тұрғыдан зерттелуінің басты мақсаты, оған еңбек сіңірген ғалымдар, зерттелудің қазақ елінің
Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады? Қазақстанның және Батыс Қазақстан облысының географиялық орны мен шекаралары
Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады? Қазақстанның және Батыс Қазақстан облысының географиялық орны мен шекаралары
Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы туралы баяндау. Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады? Географиялық білім көздеріне сипаттама беру. Қазақстанның және Батыс Қазақстан облысының шекараларын, аумағын, географиялық координаталарын, географиялық
Африканың физикалық-географиялық орны, мұхиттары, зерттелу тарихы
Африканың физикалық-географиялық орны, мұхиттары, зерттелу тарихы
Африканың физикалық - географиялық орны, мұхиттары, зерттелу тарихы
Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы
Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №17 жалпы орта білім беретін мектептің тарих - география пәні мұғалімі Кылышпекова Карлыгаш Толеубековна
Шығыс Қазақстанның экономикалық - географиялық жағдайы
Шығыс Қазақстанның экономикалық - географиялық жағдайы
Алматы қаласы, «Шаңырақ» шағын ауданы, «Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты» география пәні мұғалімі Муталипова Мейрамгуль Ергалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×