Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күн энергиясы – болашақтың энергиясы

08 қыркүйек 2020, Сейсенбі
Күн энергиясы – болашақтың энергиясы.
Күн сәулесі болашақтың сарқылмас энергиясы. Күн батареясы фотоэлектрлік генератор — Күн сәулесінің энергиясын электр энергиясына айналдыратын шала өткізгішті фотоэлектрлік түрлендіргіштен (ФЭТ) тұратын ток көзі. Күн энергиясының электр энергиясына айналып, тұтынушылар үшін маңызы бар екендігіне зерттеулер жүргізіп жүріп байқадым. Қазіргі кезде еліміздің шалғай елді мекенінде тұратын мал шаруашылығымен айналысатын адамдар, күн батереясын қолдануда.
«Күн батареясы» арқылы үйін жарықтандырып, салқындатқыш, теледидар көруге, жылыжай сынды көптеген салада қолдануға мүмкіндік туып отыр.
Атырау облысы, Қызылқоға ауданына қарасты елді мекендердің шалғай малшы қауымы бұл құрылғыны 2019 жылдан бастап пайдалана бастады. Мал өсіріп, егін салып күн көрген қазақ халқы үшін күн батереясы таптырмас құрылғы болып отыр.
Дүние жүзіндегі жанды атаулының барлығы үшін өміршең маңызды Күн сәулесі бүгінгі таңда балама энергия көзі ретінде маңызы зор. «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» – демекші өткен ғасырда ғылыми техникалық прогресстің арқасында адамзат біраз табыстарға қол жетті. Табиғаттан алатынымыз көп, беретініміз аз болды. Қазіргі мемлекеттерде энергия тапшылығы байқалуда. Бүкіл әлем Энергия тапшылығынан құтылып, қоршаған ортаны ластамайтын альтернативті энергия көздеріне қол жеткізуге кірісіп кетті. Бүгінгі таңда әлемнің ғалымдары энергияның жаңа көзін жыл өткен сайын іздестіріп келуде. Сарқылмайтын дүние жоқ. Дүние жүзінің көптеген жерінде қолдануға болатын Күн энергиясы табиғатты қорғаудың тиімді жолы. Шексіз, зиянсыз және тегін Күн энергиясы таза табиғат пен мықты экономика үшін өте маңызды.
Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық. Халқымыз «табиғат - адамзаттың өмір нәрі, қажетінің табылар содан бәрі» деп бекерге айтпаса керек. Табиғатқа жанашыр болу адамзат қоғамына, оның келешегіне жанашырлық жасау болып табылады. Сондықтан, қоршаған орта табиғатты аялау үшін Күн энергиясын пайдаланайық.

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,
Тайсойған ауылы,
Ғ. Сланов атындағы орта мектеп
Нұралықызы Асыл
11 сынып оқушысы
5 168
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Баламалы энергия — болашақтың энергиясы
Баламалы энергия — болашақтың энергиясы
Энергия (гр. energeіa – әсер, әрекет) – материя қозғалысының әртүрлі формасының жалпы өлшеуіші. Материя қозғалысының әртүрлі формалары бір - біріне айналып (түрленіп) отырады.
Электр өрісінің энергиясына есептер шығару
Электр өрісінің энергиясына есептер шығару
Оқушылардың теориялық алған білімдерін тест есептерін шығарта отырып жетілдіру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Физикадан қысқа мерзімді жоспарлар
Физикадан қысқа мерзімді жоспарлар
Ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы. Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы. Деформацияланған серіппенің потенциялдық энергиясы туралы түсінік қалыптастыру. Серпімділік күшінің жұмысы мен серіппенің потениялдық
Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көздері. Күн - жұлдыз
Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көздері. Күн - жұлдыз
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сарға ауылы, Жанкелдин орта мектебінің физика және математика пәнінің мұғалімі Молбаева Айгерім Қошанқызы
Электр энергиясын үнемдеудің қарайым жолдары
Электр энергиясын үнемдеудің қарайым жолдары
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл селосы, Ойыл қазақ орта мектебінің 9 класс оқушысы Алғазина Айгерім
Атом ядросының байланыс энергиясы
Атом ядросының байланыс энергиясы
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Баянды селосы, №3 жалпы орта мектебі физика және информатика пәні мұғалімі Әбдіхалық Айнұр Таңатарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×