Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сыр өңірінің қылқалам шебері ғылыми жоба

01 наурыз 2023, Сәрсенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс
Аңдатпа
Ғылыми жобаның тақырыбы: «Сыр өңірінің қылқалам шебері»
Авторы: Сәкенқызы Мадина
№211 А. Байтұрсынов атындағы
орта мектептің 6 «Ә» сынып оқушысы
Бұл жұмыс Сыр өңіріндегі Жалағаш ауданының тумасы, жерлесіміз, өз өмірін сурет өнеріне сарп еткен тұлға Пірмаханов Серік ағамыздың өмірі мен шығармашылығына арналады.
Жұмыста Қызылорда топырағында туып өскен қылқалам шебері өмірінің 50 жылын өнерге арнаған облыстық қазақ музыкалық драма театрының бас суретшісі С. Пірмахановтың өмірі мен шығармашылығы жөнінде айтылады. Жас ұрпаққа сурет өнерінің қыр - сырлары айтылып, оқушылардың осы өнерге деген қызығушылығын арттырады.
Конкурсқа дайындалу барысында Серік ағамыздың туындылары мен кітаптарын зерттедік, облыстық тарихи - өлкетану музейінің архивтік құжаттарымен таныстық, Н. Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының директоры Әбдікәрімов Мұхит Сұлтанұлымен, қазіргі театрдың бас суретшісі Қалымбетов Нүркенмен және әдебиет бөлімінің меңгерушісі Қылышбаева Ұлбосын Мұхаммедқызымен кездесіп, әңгімелестік. Серік ағамыздың «Қылқалам шерткен жыр ғалам» деген кітабымен және спектакльдерге дайындалған буклеттермен таныстық.
Сыр өңірінің қылқалам шебері Серік ағамыздың отбасымен кездесіп, жары Жәмиля апаның әңгімелері арқылы, «Таңшолпан» бағдарламасына берген сұхбаты жазылған бейнеролик арқылы нар тұлғаның бейнесі шынайы көрсетілген.

Жоспары:
І. Кіріспе.
Серік Пірмахановтың өмірі, шығармашылығы мен театр саласын -
дағы қызметі. Презентациямен (слайдпен) жұмыс.
ІІ. Негізгі бөлім:
1. Қаламгердің қойылым эскиздеріне қысқаша түсініктеме.
а) «Абай» спектакліне дайындалған эскиз макетімен таныстыру.
б) Буклеттермен таныстыру.
2. Серік ағаның марапаттары және жетістікке жету жолы.
ІІІ. Қорытынды.
Н. Бекежанов атындағы облыстық музыкалық драма театрында 50 жыл шығармашылықпен еңбек еткен Серік ағамыздың сурет өнерін дамытудағы қосқан зор үлесі.
«Сыр өңірінің қылқалам шебері»
Сәкенқызы Мадина
№211 Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектеп, 6 «Ә» сыныбы
Жетекшісі: Батракова Лаура Майданқызы
I. Кіріспе.
Серік Пірмаханов - ҚР- ның еңбек сіңірген қайраткері. 1940 жылы 11 қарашада Қызылорда облысы Жалағаш ауданында дүниеге келген. 1964 жылы Алматы бейнелеу өнері училищесін бітірді. Н. В. Гоголь еңбек жолын Қызылорда облыстық драма театрында суретші - декоратор болып бастады. 1972 жылдан бастап Н. Бекежанов қазақ музыкалық драма театрының бас суретшісі болып тағайындалады. Бұл театрдағы 50 жыл ішінде екі жүзден астам қойылымдардың эскизін жасады. 77 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Серік Пірмахановтыңқызметтік - шығармашылық ғұмыры Қызылорда театрының сахнасынан бастау алып, өмірінің соңына дейін осы театрдың жемісі мен жетістіктеріне ат салысып, куә болып өтті. Ол тек қана біздің театр емес, көптеген республикалық, облыстық театрларда спектакльдер қойып, республикамызға, тіпті кезінде Одақ көлеміне танымал суретші болып қалыптасқан еді.
Жұмысымның мақсаты:
Кез келген театр сахнасындағы әртістер сахнадан көрініп, шынайы бағасын алып жатса, суретшінің еңбегі көзге көрінгенімен өзі сахна сыртында қалып қояды. Осындайда сахна әртүрлі рең, түс беретін суретшіні бүкіл елге танылып, сахналық безендірулерін көрсетіп, Серік ағадай қаламгерді паш ету, біздің мақсатымыз.
Жұмысымның міндеті:
Қылқалам шерткен суретшіміз Серік Пірмахановтай адами қадір - қасиетін таразылап, келер ұрпаққа өнеге етіп және оның бүгінгі еңбегі ертеңгі қазақ өнері алтын әріппен жазылғаны рас. Өңер бақытын көрерменнің ыстық ықыласынан тапқан ұлттық театр өнерінің суретші серігі атанған Серік ағамыздың өнер әлемі сахнасындағы ойып тұрып орын алады. Көрерменің зейніне сана сыйлайды. Серік ағаның шығармашылығын зерттеу, талдау жасау бүгінгі ізбасарлары, мына біздің басты міндетіміз.
Серік ағамыздың айтуы бойынша, басқа суретшілер мен театр суретшілерінің ерекшеліктері бар. Тіпті оның атауы жөнінде талас та болды.
Бірі суретшіні суреткер деп атауды ұсынса, бірі сахнамен ғана айналысатын болғандықтан, сценограф деген атауды ұсынды. Яғни, сахнагер деп атауды дұрыс деп тапты. Сахнагер деп актерді де, суретшіні де айтуға болады. Сондықтан да сахна суретшісі деп атауға тоқталдық, - дейді.
Сахна суретшісі жан - жақты болуы қажет. Сахна суретшісі сәулет өнерінен де, киім үлгілерінен де хабары болуы керек. Актерлерге лайықты киім үлгілерін дайындағанда оқиғаның өтетін заманына сай болуын, жері, ортасы үй – жайына дейін білуі қажет. Суретші үшін сахна безендірудің өзі пьесаның репертуарға алынғанынан басталады. Яғни, бір данасы – режиссерге, бір данасы – суретшіге, бір данасы – актерлерге беріледі. Режиссер актерлермен жұмыс жасайды, ал суретші әуелі пьесаны толық оқып алып, соған өзі материал жинайды. Дайындалған материалдарды өз жерімізге, өз көрермендерімізге лайықтап жасау керек. Режиссердің пьесаны сахнаға қоярдағы мақсатымен де санасу керек. Бұл жердегі мақсат: пьеса қткен замандікі болғанымен, осы заманның өзекті мәселелерімен астасып жатуы керек.
Оның сахналық шешімін жасаған У. Шекспирдің «Король Лир», Г. Хухашвилидің «Өмір жолы», И. Эркеньнің «Сау басыма сақина», Ф. Шиллердің «Зұлымдық пен Махаббат» қойылымдары Бүкілодақтық фестивальдерде лауреат болып, суретші С. Пірмаханов Одаққа танылды. Республикамызда өткен талай фестивальдерде «Ең үздік суретші» деген номинацияларға қол жеткізіп, қазақ театрының тарихында өзінің орнын ойып тұрып қалдырды. Исмайыл Құрымов сахналаған Мұстай Кәрімнің "Ай тұтылған түн", Мар Байджиевтің "Жекпе - жек" спектакльдері сол кездегі КСРО халықтарының шығармаларын сахналау талабына нақты жауап бере алды. Театрға 1971 жылы Тастан Өтебаев бас режиссер болып тағайындалып, Ғабит Мүсіреповтің "Ақан сері – Ақтоқты", Сайын Адамбековтің "Аюбайдың ажалы", Асқар Тоқмағамбетовтің "Тоқсан толғау", Сафуан Шәймерденовтің "Әнім сен едің", Мұхтар Әуезовтің "Еңлік – Кебек" трагедиясын қойды. Ол қойған грузин драматургі Георгий Хухашвилидің "Өмір жолы" пьесасы үшін Қызылорда театры алғаш рет бүкілодақтық фестивальдің дипломына ие болды. Бұған суретші Серік Пірмахановтың да қосқан үлесі зор. Ол өзінің көркемдік шешімін спектакль табиғатымен шебер үйлестіріп, режиссер ойын дөп басты.
II. Негізгі бөлім
1. Қаламгердің қойылым эскиздеріне қысқаша түсініктеме
Ғ. Мүсірепов. «Ақан сері – Ақтоқты» ( трагедия) - сахнада жан - жаққа арқанға керілген Құлагердің терісі. Тері ат әбзелдерімен безендірілген. Терінің әр бұрышы керілу арқылы оқиға орны өзгеріп отырады. Төрдегі «Жез табақ»- ай бірде төбеде, бірде көкжиекке түсіп, көңіл күйді білдірсе, Құлагер - Ақан өмір талқысына түседі.
С. Ахмад. «Келіндер көтерілісі» (комедия)- пьесаның негізгі тақырыбы - қатал енеге қарсы бостандық талап еткен келіндер «көтерілісі». Бұл қойылымның шешімі керісінше - ене мен келіндердің үйлесім табуы, ортақ отан үшін бір мақсатқа бірігу. Сахнада әр түсті жеті құс ұясы үнемі қозғалыста болады. Бұл жеті келіннің шартты түрі. Ортада үлкен сәкі. Оның үстінде үлкен ақ ұя тұр. Ол - қарашаңырақ үлкен үй. Ұяның асты тамылжыған жеміс - жидек береке символы.
Т. Әліпбай.«Исатайдың барында»(драма) - сахнада нарын құмының бір бөктері. Тасадан зеңбірек сұлбасы көрінеді. Сахна шымылдығына шаншылған қос найза – Махамбет пен Исатайдың образы. Финалда сахна көгінде алтын жебелер көтеріледі. Бұл Махамбет жырының шартты белгісі.
Ғ. Мүсірепов. «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» (трагедия) – Қалың жылқы табыны, шабыс, құлақ тұндырар тұяқ дыбысы сахна төріне көтеріліп, күмбез бейнесіне айналады. Оқиға желісіне орай өзгеріске түсіп, заман тынысын, трагедия астарын ашуға ықпал етеді.
2. Серік ағаның марапаттары және жетістікке жету жолы.
- "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қызметкері ".
- "Ең үздік суретші" номинациясының иегері.
- " Венгерлік драмалық фестиваль " лауреаты.
- "Еңлікгүл" конкурсының үздік сценографы.
Жоғарыда аталған ондаған қойылым арқылы сатыланып барып биіктеп, классикалық туындыларға қадам басқан режиссер Хұсейін Теміровтің "Король Лир" спектаклі 1977 жылғы классикалық шығармалардың республикалық байқауында ІІІ дәрежелі дипломға ие болды. Осында суретші Серік Пірмаханов еңбегі ІІ - ші дәрежелі дипломды иеленді.
1981 жылы театр ұжымы Фридрих Шиллердің "Зұлымдық пен махаббат" трагедиясымен КСРО - дағы фестивалінде басты лауреаты деп танылды. Бұл атаққа Хұсейін Теміров пен суретші Серік Пірмаханов та ие болды. Мәскеуден келген театр сыншылары облыстық қазақ театрының классикалық шығарманы қоюдағы талпынысына, суретші мен режиссердің көркемдік шешімдеріне оң бағасын берді.
1990 жылдан бастап КСРО Суретшілер одағының, Қазақстан Театр Қайраткерлері одағының мүшесі.
1998 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атағын алды. Мәдениет саласындағы жұмысы үшін бірнеше рет республикалық және одақтық деңгейдегі дипломдармен, сондай - ақ "Астана" медалімен марапатталды.
Г. Хухашвилидің "Жизненныйпуть" спектаклі үшін Бүкілодақтық конкурстың дипломын алды, Ғ. Мүсіреповтің "Ақан сері - Ақтоқты" спектакліндегі көркемдік шешімі үшін республикалық конкурста үшінші орын алды.
2000 жылы Павлодарда өткен ҮІІІ фестивальда Д. Исабековтың "Аққу - Жібек" қойылымындағы көркемдік шешімі үшін "үздік сценографиясы" жүлдесінің иегері атанды.
Суретшінің басты еңбегінің бірі Ф. Шиллердің "Қайғы мен махаббат" трагедиясын безендіру болып табылады. Ол үшін суретші Бүкілодақтық ГДР драматургиясының фестиваліне ие болды.
2005 жылы В. Шекспирдің "Макбет" қойылымы бас жүлдені иеленді. Ж. Аймауытов пен Б. Майлин "Переполох" атты түрік халықтарының ҮІІІ театр фестивалінде бас жүлдегер атанды.
2010 жылы Қазақстан театр қайраткерлері одағының "Еңлікгүл" сыйлығының бірінші иегері атанды.
III. Қорытынды.
Өмірінде қиыншылықтар да болған. «Еңбегің көзге көрініп, еленіп жатса, адам шабыттанып жұмыс істейді, - дейтін Серік аға. Ол кісі жеті мәрте рет «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» деген атаққа ұсынылған. Ең алғаш 1986 жылы ұсынылған. Сөйтіп, жеті рет нәтижесіз қала берген. Кейіннен, тіпті атаққа ұсынылмаған адамдар да атақ алып жатты. Міне, осындай жағдайлардан кейін қалай ренжімессің? Мәселе, ұсынылмаса жүре бересің ғой, ал ұсынылып қалып қоя бергенің екі есе соққы болады екен. Әрине, мәселе атақта емес, тек еңбегің елен
Хұсейін Әмір - Темір Серік аға екеуі театрдағы шығармашылық еңбекті де бірге бастаған. Алғаш рет Ғ. Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш - Баян Сұлуын» сахнаға шығарған. Міне содан бері елу жылдай уақыт өтіпті. Серік ағаның қиялының ұшқырлығы сондай, сахналық шешімді күтпеген жерден, тың ойлармен ерекше қалыпта жасап, оның сахналық эскиздерін, әрбір спектакльдерге жасаған макеттерін көркемдік кеңес мүшелері таң қала отырып, суретшінің еңбегіне сүйсіне отырып қабылдайтын болған. 1979 жылы Ғ. Мүсіреповтың «Ақан сері - Ақтоқты» трагедиясын Алматы қаласына гастрольдік сапармен баруға дайындық кезінде, қаламгер пьесаның адам күтпеген шешімін көрсеткен, суреткер «Ақан сері - Ақтоқтыны» Ақанның тұлпары Құлагердің тірідей сыпырылған терісімен қоюға шешім қабылдады. Бұрынғы спектакльдерден бөлек, бұл сахналық шешімді сол кездегі елорданың сыншылары да, белгілі театр қайраткерлері де екі түрлі көңілмен қабылдады. Пьеса авторы Ғабит Мүсірепов шын жүректен қабылдап, суретшіге ерекше қызметі үшін үлкен алғысын айтты.
Серік аға – ақкөңіл, әрі адал, сырлас дос бола алатын, ерекше адамдардың бірі деп ойлаймын. Қанша жылдар бойы үзеңгілес еңбек етіп, бірлесе отырып жасаған дүниелерімен бөлісіп, өмір ағымындағы қуанышты, қайғылы сәттерде де әріптестерінің жанынан табылатын кісі болды. Сыр суретшісінің қызметтік - шығармашылық ғұмыры Қызылорда театрының сахнасынан бастау алып, өмірінің соңына дейін осы театрдың жемісі мен жетістіктеріне ат салысып, куә болып өтіпті. Осындай қаламгерден мәңгілік айырылғанын әріптестері естігенде, оның ақжарқын бейнесі мен мейірімге толы жүзі көз алдарына келіп, енді оны көріп, онымен отырып сөйлесе алмайтындары, сонымен қатар спектакльдердің шешімін Серік ағамыздай үздік сценографсыз елестету барлығына қиын әрі ауыр болды. Сөзімді Серік Пірмахановтың «Еңбегі елен - беген өнер иесі - бағбан сияқты, бейнет қылып шыбық отырғызып, аялап, баптап, ол шыбық жылдар өтіп дарақ болады, гүлдейді, мәуелейді. Жемісі піскен шақта әлдекімдер жиып алып кеткендей», - деген сөзімен аяқтағым келеді.

Сабақтың толық нұсқасын жүктеу​​​
2 832
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күмбір күйдің шебері (Т. Шәмеловтың туғанына 67 жыл)
Күмбір күйдің шебері (Т. Шәмеловтың туғанына 67 жыл)
Күмбір күй шебері Тұяқберді Шәмелов» (Т. Шәмеловтың туғанына 67 жыл)
Балалардың күнделікті өмірі мен тәрбие жұмысының циклограммасы
Балалардың күнделікті өмірі мен тәрбие жұмысының циклограммасы
Балаларының күнделікті өмірі мен тәрбие жұмысының циклограммасы
Сурет өнеріндегі гуманизм
Сурет өнеріндегі гуманизм
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №77А. Асқаров атындағы мектеп - лицейінің тарих пәні мұғалімі Усенова Айсұлу Мусахановна
Облыстық қазақша күрес турнирі
Облыстық қазақша күрес турнирі
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беретін қазақ гимназия мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі Саликова Елмира Мергенбайқызы
Өмірі өнермен өрнектелген
Өмірі өнермен өрнектелген
БҚО, Орал қаласы, №42 "Ақ ниет" гимназиясы музыка пәнінің мұғалімі Абдушева Армангүл Айдарқызы.
Қастеев Әбілхан
Қастеев Әбілхан
Қастеев Әбілхан (1904-1973)
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×