Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстандағы діни бірлестіктер қызметі

06 мам 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс
ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстандағы діни бірлестіктер қызметі
Бағыт: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары
Секция: ЭТНОМӘДЕНИЕТТАНУ

Мазмұны
Кіріспе
1. Қазақстандағы діни бірлестіктер қызметі
Қазақстандағы түрлі діни бірлестіктер мен ағымдардың
пайда болуы
Қазақстандағы қазіргі діни жағдай
Ұлтымыздың болашағы – діни бірлігімізде
Оңтүстік Қазақстан облысындағы діни бірлестіктер қызметі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Біздің еліміз – Қазақстан Республикасы қоғам ретінде өзіне тән саяси - әлеуметтік, экономикалық және рухани жүйелерден тұрады. Еліміздегі діни ахуалдың күрделі сипат алып тұрғаны соңғы уақыттағы зерттеулерден белгілі болып отыр. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары адамдардың ойы мен санасында әлеуметтік – экономикалық мәселелер бірінші орынға шығып, рухани құндылықтардың кешеуілдегені байқалды, Қоғамда пайда болған осы рухани бостықтың орнын басқа елдерден келген әр - түрлі діни идеялар толтыруға тырысып бақты.

Қазіргі қоғам алдындағы тұрған басты міндет азаматтарға діннің тарихы мен қатар олардың негізгі ілімдері мен қағидалары, салт - жоралары мен мейрамдары, діндердің ұлттар мен ұлыстардың арасына енуі мен таралу ерекшеліктері, ұлттық пен діниліктің, дін мен мәдениеттің арақатынасы, дінге байланысты зайырлы мемлекетіміздің ұстанған саясатының мәні мен мақсаты, Қазақстандағы діни бірлестіктердің мақсат - мүддесі және іс - әрекеттері жөнінде ауқымды мәселелерді қамтуға тырысады.

Біздің еліміздің Конституциясы бойынша діни бірлестіктер мемлекеттен бөлінген. Діни құрылымдар республикада қазір болып жатқан процестерге түсіністікпен қарайды және рухани бірлесу мен келісімге келу идеяларын күн өткен сайын нығайта түсуге үлесін қосады. Қазақстан көп ұлтты ғана емес, сондай - ақ көп дінді де ел. Республикадағы барлық діни құрылымдар қазір болып жатқан қоғамдағы барлық өзгерістерге түсіністікпен қарай отырып, рухани бірлесу мен келісімге келу идеяларын нығайта түсуге, діндер арасындағы алауыздықты болдырмауға әрекет етуде. Адамдар әр түрлі діннің өкілдері екеніне қарамастан, ақыл – ойға жүгініп, бір - біріне түсінушілікпен қараса бүкіл әлемде тыныштық орнаған болар еді. Тақырыпта Қазақстандағы діни бірлестіктердің қызметі туралы жан - жақты баяндалып, бүгінгі өміріміздегі, қоғамдағы орын алып отырған басты проблемалар жан – жақты, ауқымды түрде баяндалады.

Мемлекетіміз конфессиялардың өкілдерімен бірлесе отырып, Конституциямыз бен заңнамаларымыз шеңберінде әрбір конфессияға арналған діни білім беру жүйесін қалыптастыру мүмкіндігіне ие. Мектептерге дінтану пәнінің енгізілуі бүгінгі күннің ең басты өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Осы пәнді оқыту барысында азаматтарымыз діни идеялар мұхитында өз жолын табу ісінде алған білімін ерекше “компас” ретінде пайдалану мүмкіндігіне ие болады.. Сонда ғана дін қоғам өмірімен үйлесім тауып, ұрпақ тәрбиесіне оң әсерін тигізеді. Діндер халқымызды шынайы жақсылыққа үндеп, діндераралық толеранттылықтың заманы орнайды.
Қазақстан Республикасының алдына қойған мақсаты - ол өзара тең, әлеуметтік – экономикалық, саяси - рухани, құқықтық әділеттікті, аумақтық тұтастықты, қамтамасыз ететін, бірлікке ұмтылған демократиялық қоғам құру. Дұрыс тәрбиенің нәтижесінде әрбір жеке адамның көкірек көзі ашылып, өмір мен дүние туралы түсінігі саналылықпен қалыптасады.

Тәуелсіздік жылдарында елімізде орын алған күрделі саяси - экономикалық жаңарулар мен өзгерулер ағымында мемлекет билігінің қайнар көзі болып табылатын халқымыздың рухани өмірі мен діни көзқарастары да бір жағынан толығып, ал енді бір жағынан әралуан бағыттар бойынша дамып, бүгінгі көптеген этникалық топтар мен түрлі діндерді ұстанатын зайырлы Қазақстан қоғамы қалыптасты. Жоғарыда айтқанымыздай, халықсыз билік болмайды, ал – дінсіз халық болмайды. Халықтың тұтастығы мен діннің тұтастығы және мемлекеттің тұтастығы арасында тікелей тәуелді байланыс бар екенін ескеруіміз керек. Көптеген этникалық топтар мен діни сенімдерден құралған біздің қоғамымыздағы өтпелі кезеңде дін атаулының мемлекеттің ішкі тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамсыздандырудағы рөлі, өндіруші күш болып табылатын халықты ұйымдастыру құдіреті, халықаралық қатынастардағы салмағы және еліміздің болашағы мен баяндылығына тікелей әсер етері өте анық көрініс береді.

Мемлекеттік – дін қатынастарының күрделілігі мен маңыздылығын түсіну үшін алдымен еліміздегі діни ахуалға шолу жасап алуымыз керек.
Елімізде негізінен екі дін бар десек болады. Олар - ислам және христиандық. Ислам дінін ұстанушылар халық санының шамамен 67 - 70 пайызын құрайтын 24 этникалық топ. Ресублика халқының 58 пайызы қазақтар және оған қоса ұйғыр, татар, өзбек, түрік, күрд, дүнген, шешен, әзірбайжан, башқұрт, ингуш, балгар қатарлы бауырлас халықтар түгелдей ислам дінін және оның ішіндегі сүнни (суннит) жолын ұстанады. Тек, әзірбайжан және күрд халықтарының бір бөлігі мен шағын ирандық топ ғана шиға (шиит) жолын ұстанады. 2004 жылдың басындағы деректерге қарағанда елімізде 1648 мұсылман діни бірлестігі мен 1534 мешіт жұмыс істейді екен. Осы арада ислам дінінің Қазақстанда негізгі дін екенін және халқымыздың тарихында үйлестіруші, ұйымдастырушы және біріктіруші күш ретінде ең маңызды орын алатынын атап айтуымыз керек.

Қазақстандағы екінші орындағы дін христиандықтың бүгінгі ахуалы исламмен салыстырғанда тым күрделі. Біздегі христиандық (мәсіхшілдік) алуан түрлі конфессиялар мен секталардан құралған және бір діни орталыққа бағынбайтын бытыраңқы көрініс береді. Христиандардың басым көпшілігі славяндық православие бағытында. 1956 жылы республика көлемінде 55 православие жамағаты (приход) болса, бүгінгі күні 240 діни бірлестік және 8 монастыр жұмыс істейді.

Христиандықтың еліміздегі екінші тармағы католицизмді ұстанатын шағын топ. Олардың өзі екі топқа бөлінеді: Рим католик шіркеуі және Грек католик шіркеуі. Бұл екі шіркеу негізінен Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында белсенді жұмыс істеуде. Республика көлемінде католик жамағаттардың саны 38, діни бірлестіктер саны 80 мөлшерінде. Шетелдердегі католик шіркеулері, әсіресе Ватикан және АҚШ – та орналасқан католик ұйымдары Қазақстанда миссионерлік іс - әрекеттерді белсенді түрде жүзеге асырып келеді. Бүгінгі күні елімізде материалдық қамсыздандырылған 150 астам шетелдік католик миссионердің (ресми тіркелгендері ғана – М. Б.) тоқтаусыз үгіт - насихат жұмыстарымен шұғылданып жатқанын айтсақ жеткілікті. Сонымен қатар католиктердің Қарағанды, Астана, Павлодар қалаларында діни оқу орындары бар екенін айта кетсек жетерлік.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 954
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен таңдаған мамандық!
Мен таңдаған мамандық!
Мен таңдаған мамандық- Дінтану мамандығы. Бұл мамандықты бітірген студент мешітте имам болып, уағыз айтатын адам емес. Дінтану зайырлы мамандықтардың бірі, яғни экономист, заңгер, бухгалтер дегендеріңізден асып түспесе, кем емес. Бесінші пән ретінде
Дүниежүзінің діни алуан түрлілігі неден көрінеді?
Дүниежүзінің діни алуан түрлілігі неден көрінеді?
Дүние жүзі халқының діни құрамы мен діндердің таралу аймақтарын анықтайды.
Көшпелілердің салт - дәстүрі мен діни нанымдары
Көшпелілердің салт - дәстүрі мен діни нанымдары
Көшпелілердің салт - дәстүрі, діни нанымдары туралы біледі. Көшпелі тайпалардың өзіндік ерекшеліктеріне талдау жасай алады.
«Дінтану» – қажеттіліктен туындаған мамандық
«Дінтану» – қажеттіліктен туындаған мамандық
Дінтану – адамзат тарихының барлық кезеңдерін қамтитын және қоғамның барлық салаларына үлкен ықпал ететін мәдениеттің күрделі салаларының бірін зерттейтін ғылыми таным жүйесі. Ол тек бір ғана дінмен шектеліп қана қоймай, бүкіл діндердің ілімін, діни
Экстремизм мен терроризмнің елімізге қаупі
Экстремизм мен терроризмнің елімізге қаупі
Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кентінің М.Әуезов атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Утепкалиева Гулсара
Оқушылардың бойында этностық және діни толеранттылықты тәрбиелеу
Оқушылардың бойында этностық және діни толеранттылықты тәрбиелеу
Автор:Рахметова Батима Қазіргі таңда қоғамның тұрмыс - салты мен дүниетанымының жүйесі ретіндегі діннің рөлі айтарлықтай өсті. Діннің қоғамдық қатынастарға, қоғам санасының діни компонентін қалыптастыруға ықпал ету спектрі күшейіп, кеңейе түсуде.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×