Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сандар тарихы

18 мам 2013, Сенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс
Тақырыбы: Сандар тарихы
Мазмұны:
1. Кіріспе 2 - бет
2. Зерттеу бөлімі 3 - бет
2. 1. Сандар тарихы 3 - бет
2. Сандар сыр шертеді 4 - 11 - бет
2. Сандар қасиеті 12 - 13 - бет
3. Қорытынды 14 - бет
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 15 - бет

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі.
Санның адам өміріндегі ролінің маңыздылығын ешкім де жоққа шығара алмайды. Ал осы сандардың қайдан, қалай шыққандығына және ол сандардың әрқайсысының өзінше бір мағынаны білдіретіндігіне күнделікті тіршілікте біз аса мән бере бермейміз. Осы жұмысты оқу арқылы біз сандар әлемін саяхат жасаймыз.
Бұнда оқушылар сандар жайлы білімдерінің артуы арқылы сандардың сиқырлы құпиясын білуге қызығушылығы арта түседі. Зерттеу жұмысының өзектілігі да осында жатыр.

Ғылыми жобаның мақсаты:
«Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің бағдарламасында: «Көп ғасырлы мәдениеттің тіршілігі топырақта тыныстап жатса, тарихи өткені шырынмен қоректенсе, сонда ғана ұлттық жаңғырту орын алады»- дей келіп, «Әрбір мемлекеттің өркениеттілігін оның мәдени мұраға деген көзқарасына қарай танып - бағамдауға болады. Демек, Қазақстанның мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатына екі түрлі міндет жүктелді: бірі: - өзіндік этникалық мәдениетті дамыту мен қолдауға бағытталған шаралар кешенін нығайту, екінші жағы – төл мәдениетті оңтайлы өрістете отырып, жалпы адамзат мәдениетіне ену үшін тиімді жағдай жасау».

Ендеше ұлтымыздың сан ғасырлар бойы сенімі мен ұстанымы болып келген сандар сырының киелі ұғымдарына шолу жасап, олардың өмірдегі қолдану аясына, күнделікті тұрмыстағы атқаратын роліне тоқтала отырып, тұжырым жасау әрбірімізді қызықтырары сөзсіз.
Сондықтан біз бүгін сандар әлеміне саяхат жасаймыз. Бұл саяхатта біз көптеген сандардың сырларын ашып, олардың қасиеттерінің пайда болу кезеңін тамашалаймыз. Жан жағымызға қарасақ сандар тек қана математика емес, тағы басқа көптеген ғылымдарда маңызы зор. Қарап отырсақ, осы қарапайым он сан болмаса біз телефонда соға алмаймыз. Жалпы таным проблемасымен ескілікті наным - сенім түрлерінің тілдік көріністері, әсіресе сан атауларымен келген тұрақты сөз оралымдарында өте көп кездеседі. Байырғы кездерде халық әр алуан құбылысқа нәзік бақылау жасай келіп, олардың ортақ қасиеттері мен сипаттарын санмен түйіп, санамалап айтып отырған.

2. 1Сандар тарихы
Адамзат тарихында ең ерте қалыптасқан ғылымдардың бірі – математика. Математиканың алғашқы бесіктерінің бірі Мысыр елі болды. Адамзат даналығының ойлап тапқан жаңалығы ол – жазу. Қазіргі әлем халықтары жазуды жоғарыдан төмен, солдан оңға қарай жазып жүр. Неге? Өйткені олар бұл әдісті соқаның қозғалысынан алған екен. Осы жазулардың негізінде пайда болған таңбалардың бірі цифр. Цифр дегеніміз – сөздерді қағаз бетіне қондыру үшін қолданылатын әріптер қандай қажет болса, сандарды жазу үшін керекті таңбалар. Цифр деген сөздің төркіні арабтың «Әс - сифр» деген сөзінен алынған, ал оның мағынасы үнді халқының бос орын – «Сунья» деген сөзінің аудармасы екен.
Күнделікті өмірімізде қолданылатын сандар шамамен бұдан 1500 жыл бұрын Үндістанда пайда болған. Әуелі сандар сызықшамен белгіленген. Кейін қалыптаса келе қазіргі таңдағы біздер қолданып жүрген сандар пайда болды. Адам баласы қазіргі біз түсінетін сандарды үйренуге талай ғасырларды бастан кешірген. әуелі олар табиғи сандарды (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9) меңгерсе, нөлдің пайда болуынан сандарға революция жасалған, сөйтіп сандарды игеруде жаңа жүйелерді өмірге әкелді.
0 – «цифр» деген мағынаны береді. Ежелгі Үнді жерінде цифр – «сунья», арабтарда «сифр» сөзімен түсіндіріледі, яғни «бос орын», «түк жоқ» деген мағынаны білдірген. Ғылым мен өнердің қайта өркендеген дәуірінде (ХҮ - ХҮІ ғасырларда) математикалық еңбектер латын тілінен аударылып, «сифр» сөзі сол қалпы қалдырылған. Тек алғашқы әрпі ғана «ц» болып өзгертілген. Нөл таңбасы басқа сандарға елеулі өзгерістер әкеліп, санау, есептеу, сату және уақытты белгілеп берді.
Ежелгі түркі халықтары туралы айтар болсақ, түркі халқының күн көрісі, өмірі малмен өлшенгенін білеміз. Көне түркілер әуелде табиғи сандарды меңгеруді басқа халықтар сияқты ұзақ уақыт бастан кешкен. Бір санын үйрену үшін саннан бұрын заттың белгілерін, қасиеттерін салыстырғанын олардың бізге жеткен халық педагогикасынан - ақ байқаймыз. Мысалы, Ай, Күн – біреу, өзі де біреу. Осы бір санның сөздік баламалары – жеке, дара, жалғыз, сыңар, жалқы, саяқ деген ұғымды білдірген. Екі санын да осы тәріздес меңгерген, ол санның сөздік баламалары – жұп, қос, егіз болса, жұптан тұратын ұғымдар – екі көз, екі құлақ, қол мен аяқ болған. Сонымен бірге сан, сансыз, қыруар, көп, мол деп санауға болмайтын заттарды атаса, ол заттардың ең кішкентай бөлшектерін кішкентай, титімдей, бір тамшы, бір мысқал, құйтымдай десе, енді бірде жазықтарды – даладай, ат төбеліндей, түйнектей, алақандай десе, судың мөлшерін – терең, таяз, бөлшек ұғымдарды – жарым, жарты деген.

Әлемдегі бүкіл түркі халықтарының отаны – Ұлы дала, ол даланың иесі – көне түркі елінің шаңырағын шайқалтпай отырған қазақ елі. Түркілер саудадағы айырбас кезінде өз дене мүшелерін жиі қолданған екен. Мысалы, бір қарыс, сүйем, кере қарыс, табан, бір елі, екі елі, бір шымшым, бір шумақ. Міне, осы өлшемдер бойынша, матаны – шынтақ, бой, ал ұзындықты – шақырым, бие сауым, сүт пісірім, ет асым жер, көз көрім жер деп уақытты ұзақтығын өздерінің күнделікті тұрмыстарынан алған.

2. 2 Сандар сыр шертеді
0 саны. Бұл сан абсалюттік символы. Шексіздік белгісі және жаратылмаған әлемнің саны болып табылады. Бұл барлық заттардың бастамасы. Графикалық жоба бойынша сақина немесе дөңгелек ретінде белгіленеді.

1 саны. Бір санын қазақ халқының ұғымында Алла жалғыз, Алладан басқа тәңір жоқ. Қай тілде болсын бірлік сөзінің түпкі түбірі саналады. Адам өмірін басқаратын, әр пенде ұмтылатын сан болып есептеледі.
Даос ілімін ұстанғандар үшін жасампаздық саны. Қандай да бір құбылыстың, тіршіліктің, әлем жаратылысының бастауын білдіреді. Даостық ұғымда да қазақ халқының түсінігімен сәйкес «бірлік тынысы» дегенді білдіреді, сонымен қатар «рух үйі», «барлық тіршіліктің ортасы» мағынасын аңғартады. 1 саны шыршамен теңестіріледі. Баяу болса да басқалардан биік, көркем болып өсіп, ұзақ жыл сақталып, кез келгеннің көзіне жоғарыдан, алыстан - ақ ілінеді.
Пифагор және оның ойшылдары барлық басқа сандардан жоғары қойды. Олар оны барлық санның бастамасы, бар әлемнің басы деп есептеді. Бірліксіз қарапайым санаудың өзі де болмас еді. Графикалық бейнелеуі вертикаль сызық.
1 санының омонимдері «намыс», «ұтыс» болып саналады.

2 саны. Күні - түні демалмайтын екеу: Ай және Күн. Қосылу, толықтыру символы. Жақсы мен жаман, ер мен әйел, күн мен түн, ақ пен қара. Екі санына қазақ халқының көзқарасы міне осындай болып келеді.
Даостық ұғымда қазақ халқының көзқарасына сай Жер мен Аспан, адамзат ұрпағын жалғастыратын еркек пен әйелдің киелі одағы, ақ пен қара, жарық пен қараңғылық, күн мен түн, жер шарының тепе - теңдігін сақтап тұратын екі энергия: «инь» мен «янь» ұғымдарын білдіреді. Өсу мен дамудың белгісі. Бамбук ағашына теңеледі. өсу жылдамдығы өте тез, қолданылу мүмкіндігі өте кең. «Оңай» сөзінің омонимі.
Пифагорлықтарда екі саны бірліктің жоғалуын білдіреді. Бұл сан махаббат, тұрақсыздық және теңсіздік символы болып табылады. Екі саны жылылық пен суықтық, мейрімділік пен қатыгездік, жарық пен қараңғылықтың, байлық пен жұртшылдықтың арасында жүреді.
3 саны. Жалпы түркі халықтарында, соның ішінде қазақ халқында үш саны қасиетті болып есептелінеді. Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл. Үш жүз: ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз. Үш құсты аққуды, қарлығашты, байғызды өлтіруге болмайды. Үш адамның ниеті бұзық өтірік айтатын, сөзінде тұрмайтын, аманатқа қиянат жасайтын. Адам Атаны жаратқанда жіберген үш қасиет ақыл, ұят, сабыр. Үш нәрсенің үш нәрсесіз болуы: басы бар, ақылы жоқ іс, ғылымы бар, амалы жоқ іс, байлығы бар, қайырсыз іс қылушы. Қазақтың үш биі Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би. Ел басқарған, азулы сөздер айтып, ел арасындағы дау-дамайларды шешіп отырған қазақтың үш биі. Аптаның үшінші күні, яғни сәрсенбінің сәтті күні деп сапарға шығатын болған. Осы күні басталған істің бәрі де сәтті болады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
33 740
0
  • 60
3 дауыс


Жаңалықтар
Натурал сандардың бөлгіші мен еселігі
Натурал сандардың бөлгіші мен еселігі
Натурал сандардың бөлгіші мен еселігі анықтамасын түсінеді.
Сандардың тарихы және санау жүйелері
Сандардың тарихы және санау жүйелері
Сандардың шығу тарихын еске түсіреді. Сан және цифр ұғымын сипаттайды. Санау жүйелерін және санау жүйелерінің түрлерін анықтайды.
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері. Жай және құрама сандар
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері. Жай және құрама сандар
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерін табуда есе арттыру мен есе кеміту арқылы берілетін санның еселігі мен бөлгішін табуға болатындығының сырын ашып түсінеді.
Жай сандар және құрама сандар
Жай сандар және құрама сандар
Жай сандар және құрама сандар Жай сандар мен құрама сандарды анықтай білу және оны есеп шығаруда қолдануға үйрету
Натурал сандардың 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік белгілері
Натурал сандардың 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік белгілері
Натурал сандарды оқып, жаза алады; Санның бөлгішін, еселігін таба алады, жұп және тақ цифрларды, жұп және тақ сандар ұғымын біледі, сандардың 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік белгілерін біледі
Сандар құпиясы
Сандар құпиясы
«Сандар сырының құпиясы» атты ғылыми жобада жас зерттеуші сандардың шығу тарихынан бастап, олардың қай мемлекетте қалай пайда болғандығына ерекше көңіл аударып, түркі халықтары арасында, оның ішінде қазақ халқының сандарға қатысты киелі, қасиетті
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×