Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ ою - өрнегінің даму тарихы

03 ақпан 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс
Мазмұны:
Аннотация
Кіріспе
Қазақ ою - өрнегінің даму тарихы
Ою - өрнек түрлері
Ою - өрнектің мән - мағынасы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Ою ойғанның ойы ұшқыр
Халық даналығы

Қазақ ою - өрнегі - ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы. Халқымыздың қай қолөнер саласын алсақ та, ою - өрнектер өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқанын көреміз. Оюлардың ежелден келе жатқан нұсқаларында элементтер құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратыны белгілі. Күні бүгінге дейін ұлтпен бірге жасап келе жатқан ою - өрнектердің мән - мағынасын, түрлерін, олардың атауларын бүгінгі ұрпақ біле бермейді. Міне, сондықтан жас ұрпақтың есінде жүрсін деп, мен қазақтың ою - өрнегін ғылыми жұмыс етіп алдым.

Ою дегеніміз - өрнектің бір түрі. Қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі біріге келіп, латынша орнамент деген ұғымды білдіреді. Оның мағынасы сәндеу, әсемдеу, дегенді білдіреді. Осы сәндеу, әсемдеудің бір түрі, яғни хайуанат, жан - жануар және өсімдік белгілері мен мүшелері. Геометриялық фигуралар іспеттес элементтердің үнемі ырғақты қайталанып, симметриялы орналасқан өрісі мен құрылымын ою деп атаймыз. Ою белгілі бір затты ою (тас, темір, ағаш), кесу (ағаш, сүйек), тілу (былғары, тері), қию (қағаз, мата) тәсілдері арқылы жүзеге асады. Ойылған, кесілген, тілінген, қиылған оюды екінші бір затқа кіріктіріп, жымдастырып, жапсырып, желімдеп әшекейлейді. Ою күнделікті тұрмыста үй жиһаздары - сырмақ, текемет, көрпеше, сандық, кебеже, жүкаяқ беттерін, киім - кешектерді, қабырғаларды т. б. безендіруде қолданылады.
Бұл ғылыми негізгі жобаның негізгі мақсаты - ою - өрнектердің түрлерін анықтай отырып, тарихын білу, өю - өрнектердің атауларын анықтау, өмірде пайдаланылуы туралы мағлұмат беріп, ұсыныстар жасау.

Қазақтың ою - өрнегінің даму тарихы
Қазақтың ою - өрнегінің өзіне тән даму жолы мен тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан, сақ, андронов мәдениетінен басталады. Тарихи - ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқының ою - өрнек өнері ежелгі замандардан бастау алып, қазақ жерін мекен еткен көшпелі тайпалар өнерінің ықпал әсерімен сан ғасырлар бойы қалыптасып, өзіне тән белгілі бір жүйеге келгенінен білеміз. Бұған дәлел қазақтың алғашқы ою - өрнек үлгілерінен андронов, сақ, ғұн, үйсін мәдени мұралары.
Ою сонау заманнан ұрпақтан ұрпаққа ауысып бүгінге жеткен. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, бұл өнер бізге ежелгі көшпенділерден жеткен. Бұған дәлел Андронов мәдениетінде сазбалшықтан өрнектеліп жасалған құмыра.

Ежелгі ғалымдар Геродот, Страбондардың айтуынша, сақтар мен массагеттер киімдерінің өзіндік бір ерекшелктері болған. Тақияның немесе бөріктің төбесі үшкір болып келеді, сонау ерте заманның етікті былғарыдан, ал сырт киімдеріне ою - өрнектің орнына аңның, құстың шынайы бейнелерін салдырған, жылтырауық бастырмалар таққан. Геродоттың жазуы бойынша, сақтар найзаларының, садақтарының ұшын, қылыштарын, бас киімдері мен жалпақ белбеулерін алтын мен мыстан жасаған.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 563
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ою-өрнектің мәні мен мағынасы
Ою-өрнектің мәні мен мағынасы
Орындаған: 4 сынып оқушысы: Ящук Анна Жоба жетекшісі: Байбатырова Г. М.
Сәндік қолданбалы өнер
Сәндік қолданбалы өнер
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі" ММ - нің бейнелеу өнері мен сызу пәні мұғалімі Қанжан Айжан
Ою - өрнек - өрелі өнер
Ою - өрнек - өрелі өнер
Ақтөбе облысы, Қандыағаш қаласы, №4 қазақ орта мектебі Орындаған: Жолдыбай Ләззат Ерболатқызы Жетекшісі: Төлекова Лаура, технология пәні мұғалімі
Ою ойғанның ойы артық
Ою ойғанның ойы артық
Атырау қаласы Жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Мерғалиева Света Адилхановна
Ою-өрнек түрлері
Ою-өрнек түрлері
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қармақшы ауылы, №113 «Қаракөл» қазақ орта мектебі директордың бағдарлы ісі жөніндегі орынбасары Байсалбаев Дархан Абдуллаұлы
Қазақ халқының ұлттық  ою- өрнектері
Қазақ халқының ұлттық ою- өрнектері
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Нұрбұлақ ауылы Бирманов Нуржан Аманкелдиулы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×