Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ халқының ұлттық ою- өрнектері

23 желтоқсан 2012, Жексенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Ақтөбе облысы,
Алға ауданы, Нұрбұлақ ауылы
Бирманов Нуржан Аманкелдиулы

Қазақ халқының ұлттық ою- өрнектері

“Өнер-таусылмас қазына, жұтамас-байлық”
Осы жұмысым арқылы қазақ халқының ұлттық құндылығы қолөнер туындыларының бірі ою-өрнек арқылы оқушының ақыл-ойын, шығармашылық қасиетін, өнерге деген эстетикалық талғамын қалыптастыру, компьютердің көмегімен ою салуға үйрету.

Ою-өрнектің даму тарихы
Қазақтың ою-өрнегінің шығу тарихы өте тереңде жатыр, сонау ерте заманда адамдар қоршаған
ортаны бейнелеу үшін көрген білгенін сурет
арқылы жеткізген.
Мысалға: “алтын адам” тұла бойындағы ою-өрнектер типизациялау арқылы бейнеленген зооморфты суреттер.
Осыдан –ақ қазақтың ата-бабасы деп жүрген
сақтар, ғұндар жануарлар мен өсімдіктерді оюлар арқылы бейнелегенін көреміз .
Қазіргі таңда осы оюлардың 200 –дей түрі бар.
Қазақтың ұлттық өнеріндегі ою-өрнектің алар
орны ерекше сарқылмас қазынасы деп айтуға болады.
Ою-өрнектің түрлері
♦ Қазіргі бізге жеткен ою-өрнектер
♦ 4 топқа бөлінеді:
♦ 1 топқа - геометриялық оюлар
♦ 2 топқа - зооморфты оюлар
♦ 3 топқа - өсімдіктер тәрізді оюлар
♦ 4 топқа - аспан денесіне байланысты оюлар

Қолдану аясы
♦ Қазақтың ежелден келе жатқан үй жиһаздарынан,
ер-тұрманынан, ұлттық киімдерінен, ыдыстарынан бәрінен де оюлардың нақышын көруге болады.
♦ Бұл – ою-өрнектің адам қиялын , сезімін қозғайтын
қасиеті бар екенінің дәлелі.
♦ Қарапайым “қошқар мүйіз” оюының өзі көптеген жерде және түрліше дамып қолданысқа енді.

Ою-өрнекті Мектепте бейнелеу
өнері сабағанда қолдану
♦ Қазіргі көптеген тәжірибеге сүйенсек, ою-өрнектің оқушының бейнелеу өнеріне деген құштарлығын, қызығушылығын арттыруда рөлі зор екенін білеміз.
♦ Қазіргі заман ақпараттық технологияның заманы десек онда компьютермен ою суретін салу жаңашылдық деуге болады.
Бұл қазіргі заман талабына сай жаңа дизайн үлгісінде ескіні жаңартуға тигізер әсері мол әдіс екені даусыз
Бейнелеу сабағында оқушыларды екі топқа бөліп , бірінші топқа “шеберлер” екінші топқа “дизайнерлер” деп ат қойдым.
Бірінші топ оюды түсті қағазбен ойып , картонға жапсырады , ал екінші топ осы дайын нұсқаны компьютерге енгізеді.
♦ Бірінші топ ою дайындауда

Екінші топ оюды графикалық
редакторға көшіреді.

Графикалық редактор
Paint-пен ою салу.
Ою салу әдісі
Программаны ашқан соң,
вид-масштаб-крупный деп өзгертеміз.
Карандаштың көмегімен 1 оюды салып аламыз
2 үлгі үшін-выделение-правка-копировать-правка-вставить.
Үлгіні айналдырамыз рисунок-отразить-2700 орналастырамыз.
Келесі 3 үлгі үшін правка –вставить-рисунок-слева направо орналастырамыз.
4 үлгіні правка-вставить-отразить-сверху вниз орналастырамыз.
Оюларды бояу үшін заливка-палитрадан түс таңдау бояу.
Нәтижесінде суреттегідей ою шығады.
Сабақтың соңында оюлардан құрастырып бір композиция шығарады

Қорытынды
♦ Сан ғасырлар бойы халықтың жұтамас өнеріне айналған қолөнер туындысы бүгінгі күні де өз орнын тауып, шеберлердің ізденісі мен қиялы арқылы дамып жаңа түр, жаңа мазмұнға ие болуда.
♦ Ендеше мектепте ою-өрнек арқылы халық қазынасынан хабар беріп оқытуда таптырмас тәрбие құралы деп санаймын.
17 250
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өрнек құрастыру
Өрнек құрастыру
Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылы, М. Әуезов атындағы орта мектептің бастауыш мұғалімі Акманова Алия
Ою-өрнектің мәні мен мағынасы
Ою-өрнектің мәні мен мағынасы
Орындаған: 4 сынып оқушысы: Ящук Анна Жоба жетекшісі: Байбатырова Г. М.
Сәндік қолданбалы өнер
Сәндік қолданбалы өнер
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі" ММ - нің бейнелеу өнері мен сызу пәні мұғалімі Қанжан Айжан
Қазақ ою - өрнегінің даму тарихы
Қазақ ою - өрнегінің даму тарихы
Павлодар облысы, №28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп 3 сынып оқушысы: Саясат Үнзулан Жетекші: Арынова Г. С. Бастауыш сынып мұғалімі
Ою-өрнек түрлері
Ою-өрнек түрлері
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қармақшы ауылы, №113 «Қаракөл» қазақ орта мектебі директордың бағдарлы ісі жөніндегі орынбасары Байсалбаев Дархан Абдуллаұлы
Ою өрнек және сәндік декор
Ою өрнек және сәндік декор
Авторы: Бирманов Нуржан Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Нұрбұлақ ауылы Тақырыбы: Өрнектер және сәндік декор
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×