Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ою ойғанның ойы артық

01 тамыз 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы:"Ою ойғанның ойы артық"
Мақсаты: Оқушыларға ою - өрнектің шығу тарихымен, олардың түрлеріне тоқталып, өз ұлтымыздың өзіндік қол - өнерін жас ұрпаққа үйрете отырып, эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Ою - өрнектер туралы суреттер, мақал - мәтелдер, жұмбақтар, сөзжұмбақтар,
ою - өрнектің түрлері, қазақтың ұлттық киімдері, ыдыс - аяқтары.

Жүру барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі. Кіріспе сөз.
Қазақтың "ою" және "өрнек" деген сөзі бірге айтылып, латынша "орнамент" деген ұғымды білдіреді. Орнаменттің мағынасы - сәндеу, әсемдеу. Ою - өрнек бір затты ою, кесу, тілу, қию тәсілдері арқылы жүзеге асады. Ойылған, кесілген, қиылған оюды екінші бір затқа кіріктіріп, жапсырып, желімдеп әшекейлейді, әсемдейді. Ою - өрнек қазақ даласына оқу - сызу пайда болмай тұрып, дүниеге келді десе де болады. Ою - өрнекті белгілі бір адам немесе қолөнер шеберлері ойлап тапқан жоқ, оны халық ойлап тапты. Қолөнер шеберлерінің арнайы шеберханалары болған жоқ. Олар үйдің не даланың кез келген жерін ыңғайлап, сол жерді шеберханаға айналдырған. Адамдар ертеден - ақ өздерін қоршаған дүниені тасқа бейнелеген, бертін келе киім - кешектеріне, ыдыстарға сурет ретінде салған, осылай бірте - бірте ою - өрнек пайда болды. Ал біздің халқымыздың тұрмыс - тіршілігінде ою - өрнектің алар орны үлкен. Ол ұрпақтан - ұрпаққа жалғасын тауып дамып келе жатқан бірден - бір өнер. Әр шебер бүл өнерді өз үлгісінде, әр түрлі дамытқан, өзі жасаған оюға өзі атау берген, оның астарына өзінше терең ұғым сыйғызған, сондықтан ою - өрнектің тілін, сырын, тарихын сол шеберден артық ешкім білмейді.
"Ою - өрнекті қайдан, кімнен үйрендің"- деген сауалға атақты суретші Әбілхан Қастеев
"Таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан,
Апамның киізінен
Ешкінің мүйізінен"- деп жауап беріпті.
Ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан "қазақтар ою - өрнек әлемінде өмір сүреді"- деп айтқандай, қазақ халқының ұлттық бұйымдарының барлығында ою - өрнектің небір ғажап үлгілерін көруге болады.
Оюдың әрбір элементтерінде терең мағына терең мән жатыр. Ою - өрнектер кейде өте ұсақ, кейде өте ірі болып келеді. Ұсағы зергерлік, кесте тігуде қолданылса, ірісі кілем, алаша, текемет, сырмақ, сандық т. б. қолданылады. Сонымен бірге үй жиһаздарында сырмақ, текемет, көрпеше, кілем, сандық, кебеже, қару - жарақ, зергерлік бұйымдарды безендіруге қолданылады.
Қабырғаға ілінген түскиіз, кілем, сырмақтағы кестелерге, өрнектерге зер салып қарасақ, әрбір ою - өрнектің мағынасы бар екенін байқаймыз. Ою - өрнектің мағынасы жайында мынадай аңыз әңгіме бар.
Баяғыда алысқа ұзатылған қыз артында қалған ауылына кестелеген кішігірім орамалды керуеншілерден сәлемдеме ретінде беріп жіберді. Орамалдың бетінде ұшқан құс пен жаңа бүршік атып келе жатқан гүл бейнеленіпті. Мұны көрген ата - анасы;
- Е, қызымыз әуедегі құстай емін - еркін, жайраңдап өмір сүріп жүр екен,- деп мәз болысады.
Бір - екі жыл өткен соң керуеншілер әлгі қыздан тағы да бет орамал әкеледі. Онда орамалдың жиегі бүрмеленіп, ортасына түрегеліп, тұрған ер адам жүресінен отырған бейнесі кестеленіпті. Мұны көрген ата - анасы:
- Қызымыз бұрынғы сауық - сайраннан, бостандығынан айырылып, торға түскен торғайдай болып, бейшараның жолдасы қатал адам екен, өзінен төмен ұстайтын көрінеді, - деп қынжылыпты.

Мұғалім: Міне, ою - өрнектерді " сөйлетіп " ою арқылы ойымызды білдіруге болады екен.
Бүгінге дейін қазақ ою - өрнектерінің 500 - ге жуық түрі анықталған. Ою - өрнек түрлері төрт топқа бөлінеді.
1. Өсімдік тектес ою - өрнектер.
2. Жануарлар тектес ою - өрнектер.
3. Геометриялық фигуралар тектес ою - өрнектер.
4. Ғарыш әлеміне байланысты ою - өрнектер.
Мұғалім: Қазақтың ою - өрнегін салып, қиып үйренбей қолданбалы өнерді игеру мүмкін емес. Сондықтан оюды өзіміз ойып үйренуіміз керек. Халқымызда "Өз үйінде ою оймаған адам кісі үйінде сызу сызады"- деген мақал бар. Осы мақалдың өзі ою оймаған кісінің өзге өнерді де игере алмайтындығын көрсетеді.
/ Оқушылар ою ояды, оның қандай ою екендігін түсіндіреді/.
"Қара жорға" биі.
1 - оқушы."Мүйіз" оюы қазақ халқының ою - өрнегінің төркіні деуге болады. Өйткені барлық жаңа элементтер соның негізінде жасалып, тек атаулары өзгеріп отырған.
Мысалы, қошқармүйіз, арқармүйіз, сыңармүйіз, төртқұлақ, сынықмүйіз т. б. кілем, алаша, текемет, сырмақ, қоржындарды әшекейлеп, безендіріп отырған.
/Сөзжұмбақ шешу/
1. Тігіншіге керекті құрал не? /оймақ/
2. Бұйымдарды немен әшекейлейді? /ою/
3. Ою деген сөзбен қандай сөз бір мағына білдіреді? /өрнек/
4. Қандай ою тіл көзден сақтап қалу үшін балалардың мойнына тағылған? /тұмарша/
5. Түйенің басқан ізін долбарлайтын күрделі ою - өрнек не деп аталады? /түйетабан/
6. Өте ертеден келе жатқан өнер саласы не? /зергерлік/
7. Сырт пішіні ботаның көзіндей дөңгеленген ромбыға ұқсайтын геометриялық ою - өрнек? /ботакөз/
Балалар, осы ою - өрнекті халықтар өз өмірінің сәні мен мәніне айналдырғаны сонша, ою - өрнек туралы бірнеше аңыздар мен ертегілер бар. Соның бірі "Ою хан мен Жою хан" аңызына тоқталайық.
1 - оқушы оқиды.
Жұмбақ шешу, осы жұмбаққа байланысты ою түрлерін ата.
1. Таптым, таптым тап жорға Табаны жалпақ боз жорға.
Жауабы: Оюлар: Ботагөз, түйетабан, өркеш.
2. Екі айнасы бар. Екі найзасыбар Төрт сылдырмағы бар. Екі шыбыртқысы бар.
Жауабы: Оюлар: сыңармүйіз, сынықмүйіз, қосмүйіз.

Енді, ою - өрнек, шеберлік, өнер туралы мақал - мәтел айтамыз. /Эльвира айтады/.
1. Өнер сыры өрнекте.
2. Ою ойғанның ойы ұшқыр.
3. Ою ойған сызу да сызады.
4. Үлгісі көптің өрнегі көп, Өрнегі көптің ермегі көп. 5. Өнерсізден құт қашады.

Би: "Қазақ биіʺ
Сонымен балалар, бүгін оюлардың түрлерімен таныстық. Ата - бабамыздан қалған ою - өрнекті, мәдени шежіремізді сақтап, барынша ұлықтауымыз қажет. Ою тілін түсініп, өнерге жақын болуымыз керек.

Мұғалім: Балалар кейбір оюлардың біріне тоқталып өтеміз.
1 - о."Мүйіз" өрнегі - қазақ оюының ең көне мәнері. Бұл өрнекті текемет, алаша, сырмақтан көруге болады.
2 - о."Сырмақ мүйіз" өрнегімен кілемдерді безендірген. Бояудың негізгі түрлері: қызыл, қан қызыл, жасыл, қоңыр. Сынық мүйіз морт сынған тік төртбұрыш жасап, төрт рет ішке қарай иіледі. Бұл ою - өрнек кілемдерді, алашаларды безендіру үшін пайдаланады. Сырт көрінісі малдың сынған мүйізіне ұқсайды.
3 - о."Тұмарша" оюы үшбұрыш болып келеді. Тұмарша тіл көзден сақтап қалу үшін балалардың мойнына тағылған. Бұл ою кілем, текеметке қолданылады.
4 - о."Ирек су"өрнектері кілем тоқуда қолданылады.
5 - о."Қошқармүйіз"ою - өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келеді. Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады. Текемет, сырмақтар тігіледі.
6 - о."Гүл" ою - өрнегі гүл өсімдігінің барлық түрлерін тұспалдап тұрады. Бұл өрнектің түрі үш жапырақты ою - өрнектен басталып, 12 жапырақты ою - өрнекке дейін қолөнер бұйымдарында кездеседі. Кесте тоқуда және киім-кешектердің жағасына, қалтасына, жиектеріне салады.
7 - о."Қос дөңгелек" ою - өрнегі мал таңбасына ұқсайды. "Қос дөңгелек" өрнегімен негізінен киім бұйымдарын, текеметтерді, сырмақтарды әшекейлейді.

Сұрақтарға жауап беру.
1. Ертеде ою - өрнекті матаға түсіру үшін қандай тәсіл қолданған?
а/ қарындаш ә/уыз б/ бор
2. Ою - өрнектің неше түрі бар?
а/300 ә/500 б/400
3. Гүл оюы нені бейнелейді?
а/бейбітшілік ә/қуаныш 3/дархан
4/"Қой аузынан шөп алмайтын малын" теңеуді қай түлікке арнаған?
1/қошқармүйіз 2/ түйе 3/ешкі
Сонымен қазақтың "ою" және "өрнек" деген қос сөзі латынша "орнамент" деген мағынаны білдіреді. Бұл өнер бізге Ежелгі көшпенділерден жеткен. Осы ою - өрнекті өз өмірлерінің сәні мен мәніне айналдырған.
Ою - өрнек құрақ құрау - қазақтың кешегісі, бүгінгісі, ертеңі" - деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, ою оюды үйрену, осы өнерді жалғастыру сендердің қолдарыңда.
Жас ұрпақ өмірлі болсын,
Тұрмысы көңілді болсын,
Ата - анаға мейірлі болсын,
Ағайын туысқа пейілді болсын,
Өнер - білімге зейінді болсын,
Он саусағынан өнер тамған
Оюшы болсын деп,- бүгінгі ашық тәрбие сағатын аяқтаймыз.
32 126
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақтың ою - өрнектері
Қазақтың ою - өрнектері
Қазақтың ою - өрнектері туралы түсінік беру. Халық шеберлерінің еңбектеріне құрметпен қарауға, ұлттық салт - дәстүрді жалғастыруға тәрбиелеу.
Қазақ ою - өрнегінің даму тарихы
Қазақ ою - өрнегінің даму тарихы
Павлодар облысы, №28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп 3 сынып оқушысы: Саясат Үнзулан Жетекші: Арынова Г. С. Бастауыш сынып мұғалімі
Шеңбер мен симметриялық осьтер құру «Ғарыш әлеміндегі өрнектер»
Шеңбер мен симметриялық осьтер құру «Ғарыш әлеміндегі өрнектер»
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, № 9 жалпы білім беретін орта мектебінің бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі Нуркеева Гылымкуль Жумахасовна
Ою-өрнек түрлері
Ою-өрнек түрлері
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қармақшы ауылы, №113 «Қаракөл» қазақ орта мектебі директордың бағдарлы ісі жөніндегі орынбасары Байсалбаев Дархан Абдуллаұлы
Оюы көптің өрнегі көп, өрнегі көптің ермегі көп
Оюы көптің өрнегі көп, өрнегі көптің ермегі көп
ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы Крупская атындағы орта мектеп-балабақшасының технология пәнінің мұғалімі Саябаева Гүлғайша Жакеновна
Аққу оюын дайындау
Аққу оюын дайындау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы № 182 мектеп еңбек пәнінің мұғалімі Агибай Жанагуль Абдихалымқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×