Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алюминий және оның қосылыстары

25 ақпан 2016, Бейсенбі
Категориясы: Химия
«№2Қашар орта мектебі»КММ
Химия пәні мұғалім: Табарикова Тарбия Исаевна

Химия 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Алюминий және оның қосылыстары.
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: оқушылардың алюминий және оның қосылыстары жөніндегі білімдерін жүйелеп, тереңдету, қорытындылау.
ә) дамытушылық: шығармашылықпен бірігіп жұмыс істеуге және өз білімін тексеруге баулу, пәнге деген қызығушылығын арттыру
б) тәрбиелілік: ізденімпаздыққа, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, химия пәніне деген көзқарастарын жақсарту.
Сабақтың түрі: танымдық сабақ.
Оқытудың әдісі: сыни тұрғысынан ойлау, тірек – сызбалар, есептер шығару
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, флипчарт, бейнеролик, сызбанұсқа.
Пәнаралық байланыс: география, биология, физика.
I. Сабақтан күтілетін нәтиже:
а) алюминий қосылысының ашылу тарихын ажырата біледі.
ә) алюминийдің өндіру технологиясын сипаттай алады.
б) физикалық, химиялық қасиеттерін жазады.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі оқушылардың сабақ басталар алдындағы психологиялық дайындығы. (Менің бүгінгі сабақтағы көңіл - күйім)
2. Оқушыларды 3 топқа бөлу 1 топ: Алтын 2 топ: Күміс 3 топ: Мыс Сабақтың ұраны: «Іздесең - табасың, талаптансаң – жетесің, зейін салсаң – ұғасың» деген ұранмен бүгінгі сабағымыздың жоспары құрылады.

II. Өткен тақырыпқа шолу. (сұрақтарға жауап)

III. Не білуіміз керек? (қызығушылықты ояту )
«Алюминий – қанатты металы» сипатталады. Жұмбақтар жасыру арқылы тақырыпты табу

IV. а) Жаңа сабақ Insert кестесін пайдаланып, оқушылармен бірге жоба құрудан басталады. Табиғатта таралуы Қосылыстары Қасиеттері Алюминий Алынуы
Құрылысы Ашылу тарихы Қолданылуы
ә) Алюминийдің жалпы сипаттамасына бейне сюжет көрсету, оқушылар кестені пайдаланып өздері ізденіп толтырады.

V. Не білеміз? Мағынаны ашу.
Алюминий
Физика Биология География
1. Физик. Алюминий – күміс түсті, ақ, жеңіл металл, тығыздығы – 2, 7 г/см³ балқу температурасы 660, 4 ⁰С, қайнау температурасы 2467 ⁰С. Өте иілімді, одан жіңішке сым жасауға және фольгаға айналдырып таптауға да болады. Электр өткізгіштігі күміс және мыстан кейінгі деңгейде.
2. Географ. Алюминий кеңдерінің бай қорлары Қазақстанда, Оралда, Хибин тауларында, Башкирияда, Сібірде кездеседі. Боксит - Al₂O₃- nH₂O Қазақстанда бокситтердің белгілі кен орындары бар. Олар Қостанай және Ақтөбе облыстарында орналасқан. Павлодар алюминий зауытында металл күйіндегі алюминий өндіріледі.
3. Биолог. Ересек адам күніне алюминийдің 30 - 50 мг қажет етеді. Күнделікті өмірде оны нан өнімдерінен аламыз. Шайдың құрамында суға қарағанда 20 - 200 есе көп болады. Алюминий судың, ауаның, дәрілік препараттың, иіс сулардың, алюминийден жасалған ыдыстарда болады. Сонымен қатар ағзадағы көп мөлшері қозғалыс белсенділігінің төмендеуіне, есінен тануына да әсер етеді. Кейбір зерттеулерде алюминий мидың зақымдануына да әсер етеді.
VI. Ашылу тарихы. а) өнеркәсіптік әдіспен (балқыма электролизі) алюминийді алғаш рет 1854 - 1856 жылы француз химигі Анри Этьен Сент - Клер Девиль алды. 2007 жылдан бастап Қазақстанда алюминий алатын Павлодар электролиз зауыты жұмыс істей бастады. Алюминий оксидінің балқымасына электр тоғымен ыдыратып алады:
I. 2Аl⁺³₂O⁻²₃=4Al ⁰+3O ⁰₂

VII. Кесте толтыру.
Алюминий қосылыстарының атаулары---------------Химиялық формуласы
Алюминий оксиді
Алюминий сульфаты
Алюминий гидроксиді
Алюминий хлориді
Алюминий нитраты
Алюминий бромиді

Толық нұсқасын жүктеу
4 620
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алюминий және оның қосылыстары
Алюминий және оның қосылыстары
Алюминий және оның маңызды қосылыстарының екіжақты қасиет көрсететін мәнін ашу; Алюминий оксиді, гидроксидінің химиялық қасиеттерін салыстыру;
Алюминий және оның қосылыстары
Алюминий және оның қосылыстары
Оқушылардың жеке элемент туралы көзқарасын дамыту, алюминий элементі туралы тарихи деректерге тоқталып, халықтық педагогика элементтерін сабақта пайдалану.
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
р - элементтердің атом құрылысы мен кристалл торларының ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру; алюминий, оның табиғатта кездесуі, қасиеттері, қолданылуы, алынуы
Алюминий және оның қосылыстары
Алюминий және оның қосылыстары
Ересек адам күніне алюминийдің 30 - 50 мг қажет етеді. Күнделікті өмірде оны нан өнімдерінен аламыз. Шайдың құрамында суға қарағанда 20 - 200 есе көп болады. Алюминий судың, ауаның, дәрілік препараттың, иіс сулардың, алюминийден жасалған ыдыстарда
Алюминий және оның маңызды қосылыстары
Алюминий және оның маңызды қосылыстары
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Абай атындағы №90 орта мектептің химия пәні мұғалімі Жалелова Динара
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×