Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Химиядан күнделікті сабақ жоспарлар 11 сынып

19 тамыз 2016, Жұма
Категориясы: Химия
Химиядан сабақ жоспары 11 сынып
Пән мұғалімі Сыдықбекова Т. Н.

Тақырыптар:
§3. 1 Алкандар.
§ 3. 2 Алкандардың құрылысы. Лабораториялық тәжірибе №1 «Көмірсутек молекуласының моделдерін жасау»
§ 3. 3 Алкандардың табиғатта кездесуі және алынуы.
§ 3. 4 Алкандардың қасиеттері.
§ 3. 5. Циклоалкандар.


Сабақтан үзінді
Тақырыбыы: §3. 1 Алкандар.
Білімділік мақсаты:
Оқушыларға алкандардың гомологтық қатары, изомериясы және номенклатурасы туралы білімді толықтырып қалыптастыру;
Изомерлердің формуласын құрастыру, алкандардың гомологтарын, қосылыстың құрылыс формуласы бойынша атын атау, аты бойынша құрылыс формуласын құрастыру, есеп шығара білу біліктілігі мен дағдыларын жетілдіру, көңіл аудару, еске сақтау қабілеттерін дамыту;
сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.
Білімділік міндеттері:
Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету;
- оқушылардың білімді қабылдауына, алған білімнен қорытынды шығаруға, жүйелеуге қажетті түрлі әдіс – тәсілдерді үйрету;
- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы; берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға, түсініктерді, заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.

1. Мұғалімнің түсіндіруі:
Қарапайым қаныққан көмірсутек - метан адамдарға өте ерте кезден белгілі. Оны кен немесе батпақ газы деп атаған. Көміртек атомы гибридтелген күйде болады. Көміртекте бұрышы 109 28 минутқа тең, тетраэдр төбесіне бағытталған, 4 теңдей гибридтелген орбиталі бар. Метан молекуласының кеңістікте орналасуын көміртек атомының электрондық құрылысы анықтайды. С - Н барлық 4 ковалентті байланыстары көміртек атомының орбиталі мен сутек атомы орбиталінің қаптасуы арқылы түзіледі. Барлық байланыс сигма – түріне жатады. Сутек атомының ядросының центрі тетраэдр төбесінде жатады.
Егер көміртектің қалған валенттіктері сутек атомымен толығымен байланысса, бұларды қаныққан көмірсутектер, парафиндер, алкандар деп атау белгіленген.
Органикалық химияда бір кластың барлық заттарын бір қатарға жинақтауға болады, оны гомологтық қатар деп атаймыз. Бұл қасиеттері бірдей құрылысында бір немесе бірнеше -- СН2 -- топқа айырмасы бар органикалық қосылыстар қатарын айтамыз. Бір гомологтық қатардың өкілдерін гомологтар деп атаймыз. Құрылымдық формула, қысқартылған құрылымдық формула, молекулалық немесе эмпирикалық формула.
Молекуладағы барлық байланыс бірдей. Егер молекуладағы бір байланысты үзсе әрбір атом жұптаспаған электроны бар екі бөлшекке айналады: сутек атомы, метил радикалы. Бұл гомолиттік айырылу. Ендіекі метил радикалын қосамыз. Метан гомологы – этан алынады. Бірақ құрамдары бірдей құрылыстары әртүлі заттар болады. Бұлар изомерлер Бутан изомері молекуласындағы атомдардың байланысу тәртібі әртүрлі Бұл құрылымдық изомерия. «Біріншілік», «екіншілік», «үшіншілік», «төртіншілік»:

§3.1, 3.2, 3.3, 3.4, 3.5 жүктеу

Толық нұсқасын жүктеу
6 123
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алкандар. Алкандардың құрылысы, алкандардың табиғатта кездесуі мен алынуы және қасиеттері.
Алкандар. Алкандардың құрылысы, алкандардың табиғатта кездесуі мен алынуы және қасиеттері.
Метан қатары көмірсутектерінің жалпы формуласы, анықтамасы, гомологтық қатары, гомологтық айырымы, радикалдар, түрлері, изомерлердің формуласын құрастыру ережесімен танысады және көмірсутектердің халықаралық атауларына сәйкес формула құруды үйрету.
Циклоалкандар, гомологтық қатары, құрылысы, изомерленуі, қасиеттері, алынуы, қолданылуы
Циклоалкандар, гомологтық қатары, құрылысы, изомерленуі, қасиеттері, алынуы, қолданылуы
Циклоалкандар жайлы мағлұмат беру. Қаныққан көмірсутектердің жалпы формуласын, физикалық және химиялық қасиеттері мен циклоалкандардың қасиеттерін салыстыра білу, тиісті химиялық теңдеулерін жазу. Циклоалкандарды алу әдістерімен қатар табиғатта
Күнделікті жоспар химия 11 сынып
Күнделікті жоспар химия 11 сынып
Жай эфирлердің кездесуі, изомериясы, номенклатурасы алынуы, қолданылуы, қасиеттері туралы білімді қалыптастыру;
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 11 сынып
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 11 сынып
Альдегидтердің классификациясы, номенклатурасы, изомериясы, карбониль тобының құрылысы, олардың алынуы туралы білімді қалыптастыру;
Химиядан сабақ жоспары 11 сынып
Химиядан сабақ жоспары 11 сынып
Көмірсутектер туралы білімдерін тереңдету, алкендердің атомының құрылысының ерекшеліктері және физикалық қасиеттері; алкендердің гомологтық қатары, изомериясы және номенклатурасы туралы білімді қалыптастыру
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
р - элементтердің атом құрылысы мен кристалл торларының ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру; алюминий, оның табиғатта кездесуі, қасиеттері, қолданылуы, алынуы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×