Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сутек - химиялық элемент және жай зат, сутектің изотоптары

29 қыркүйек 2017, Жұма
Категориясы: Химия
Сабақтың тақырыбы: Сутек - химиялық элемент және жай зат, сутектің изотоптары.
Білімділік: сутектің химиялық элемент және жай зат ретіндегі түсінігін қалыптастыру мақсатында элементті сипаттауға ерекше мән беріп, білімдерін дамыту, табиғатта таралуы және алыну жолының ерекшеліктерін өткен сабақпен байланыстыра отырып түсіндіру.
Дамытушылық: экзо, эндотермиялық реакцияларды қайталай отырып, оқушылардың дұрыс шешім қабылдай білу дағдыларын жетілдіру, белсенділік икем дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа және мақсатқа жете білуге, ізденімпаздыққа баули отырып, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Мұғалімнің түсіндіруі, кітаппен өз бетінше жұмыс, жаттығулар орындау, қорытынды жасау, ойын элементтерін қолдану.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, Д. И. Менделеевтің периодтық кестесі.
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу, ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру мақсатында оқушылар шаттық шеңберін құрып әр оқушы өз есімдерінің бас әріптерінен басталатын сөздерді айтып шығады, содан соң оқушылардың қаламсаптарын жинап ап қаламсап стратегиясын пайдалану арқылы екі топқа бөлемін, екі топқа топ аттарын беремін 1 топ металдар, 2 топ бейметалдар тобы, оқушыларға бағалау парағын таратып беремін, ал оқушылар сабақ соңында бағалау парақтарын толтырады.

Үй тапсырмасы: Өткен тараудағы тақырыптарды қайталау болатын, оқушылардың білімін тексеру мақсатында тест тапсырмалар беремін, әр оқушы жеке - жеке орындайды.
1. Мына сөйлемдерде айтылғандардың қайсысының оттекке қатысы жоқ:
А) сутек пероксиді Н2О2айырылғанда алынады;
ә) салыстырмалы молекулалық массасы 32
б) суда жақсы ериді;
в) су молекуласында оттектің бір атомы бар.
2. Алюминий оксидінің формуласында алюминийдің индексі
А) 1 б) 3
ә) 2 в) 4
3. Ва + О2 = ВаО теңдеуіндегі коэффициенттердің қосындысын тап
А) 4 б) 5
ә) 6 в) 3
4. Кез келген газдың 1 молі қанша көлем алады
А) 44, 8л б) 11, 2л
ә) 22, 4л в) 67, 2л
5. Оттек латын тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді?
А. су тудырушы ә. түтінді газ б. қышқыл тудырушы в. қопарғыш газ
6. Оттек атмосферада қанша пайыз кездеседі?
А. 21 ә. 49 б. 57 в. 65
7. Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесінде нешінші орында тұр?
А. 5 ә. 1 б. 3 в. 5
8. Оттек қанша градуста қатады?
А. 220 ә. 180 б. 260 в. 218
9. О3 газының атауы?
А. Озон ә. оттек б. азот в. көміртек
10. Ауаның құрамын алғаш рет ашқан француз ғалымы?
А. М. В. Ломоносов ә. А. Лавуазье б. К. Шелее в. Ж. Пруст
11. Жарық пен жылу бөліне жүретін реакциялар қалай аталады?
А. тотығу ә. тотықсыздану б. жану в. қосылу
12. Біреуі оттек болып келетін екі элементтен құралған бинарлы қосылыстар қалай аталады?
А. Оксидтер ә. қышқылдар б. тұздар в. негіздер
13. 1785ж голланд оқымыстысы ашқан газ?
А. оттек ә. сутегі б. озон в. көміртек
14. Көкшілдеу түсті, өзіне тән иісі бар, суда аз еритін зат?
А. оттек ә. сутегі б. озон в. көміртек
15. Оттектің салыстырмалы атомдық массасын тап?

Ақтөбе обылысы, Байғанин ауданы
Көкбұлақ ауылы, Көкбұлақ орта мектебінің
Химия пәні мұғалімі Өтемісова Гүлназия Болатбекқызы

Сутек - химиялық элемент және жай зат, сутектің изотоптары жүктеу
2 744
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сутектің қасиеттері, таралуы, қолданылуы және алынуы
Сутектің қасиеттері, таралуы, қолданылуы және алынуы
Сутегінің ашылу тарихы, қасиеттері, зертханадағы алыну әдісі, өнеркәсіпте алынуы мен қолданылуы туралы білім қалыптастыру. Ой - өрістерін, танымдық, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Күкіртті сутек, сульфидтер
Күкіртті сутек, сульфидтер
Күкіртті сутек, сульфидтер, күкірттің сутекті қосылыстары, күкіртті сутектің физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы, табиғатта кездесуі, қоршаған ортаға экологиялық әсері жайлы жаңа білім дағдыларын игеру.
Сутек. Сутектің табиғатта таралуы және алынуы
Сутек. Сутектің табиғатта таралуы және алынуы
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, № 7 орта мектебінің химия пәні мұғалімі Ағишанова Ақзейнеп
Сутек - химиялық элемент және жай зат. Сутектің изотоптары
Сутек - химиялық элемент және жай зат. Сутектің изотоптары
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Сутектің химиялық элемент және жай зат ретіндегі түсінігін қалыптастыру мақсатында элементті сипаттауға ерекше мән беріп, білімдерін дамыту, табиғатта таралуы және алыну жолының ерекшеліктерін өткен сабақпен
Химиялық элементтер, олардың таңбалары
Химиялық элементтер, олардың таңбалары
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Абай ауылы, Абай атындағы №90 орта мектептің химия пәні мұғалімі Жалелова Динара
Сутектің химиялық қасиеттері
Сутектің химиялық қасиеттері
Отттегінің физикалық және химиялық қасиеттерін естеріне түсіре отырып, салыстыру арқылы сутегінің қасиеттері туралы жаңа білім беру, сутегінің қолдануы жөнінде түсінік беру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×