Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ион алмасу реакциялары

24 қараша 2017, Жұма
Категориясы: Химия
Химия 9 - класс
Сабақ тақырыбы: Ион алмасу реакциялары
Сабақтың мақсаты:
• а) білімділік мақсаты:
Бағдарлама межесіне сай білім, білік дағдыларын қалыптастыра отырып, оқушыларды реакция аяғына дейін жүру үшін қандай шарттар орындалуымен таныстыру, химиялық реакциялардың теңдеулерін құрастыруға дағдыландыру;
• б) дамыту мақсаты:
• Химия – заттар және олардың бір - біріне айналуы туралы ғылым екендігіне оқушылардың көздерін жеткізу, ион алмасу реакциялары туралы білімдерін дамыту;
• в) тәрбиелік мақсаты:
Оқушылардың танымдық және коммуникативтік іс - әрекетпен өздігінен білім алуға және еңбекке бейімдеу арқылы жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге, өзінің салт - дәстүрін тануға тәрбиелеу.
• Сөздік қорларына: Ион алмасу, газдың бөлінуі, тұнбаның пайда болуы, әлсіз электролиттің түзілуі сөздерін енгізу.
• Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
• Әдіс - тәсілдер: ойын элементтерін пайдалану, сұрақ - жауап, деңгейлік тапсырмалармен жұмыс
• Сабақтың көрнекілігі: компьютер, электрондық оқулық мәтіні, топтарға арналған тапсырмалар
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Ø 1. Оқушылармен амандасу
Ø 2. оқушыларды түгендеу
Ø 3. Ынтымақтастық (коллаборативтік) орта қалыптастыру
Бүгінгі күн ерекше
Мен сабақта, мектептемін
Менің зейінім тұрақты,
Менің сабаққа ынтам зор,
Өйткені мен бақыттымын
Сергіту жаттығу:
а) Мұғалім бір элементтің атын айтады, элемент қай әріпке бітсе, оқушы сол әріптен басталатын элементтің атын айтып жалғастыруы қажет. Мысалы: азот, тантал, лантан, неон, натрий, йод...
в) Мұнда мұғалім элементтердің химиялық (интерактивті тақтаға назар аудару). Таңбаларын, валенттілігін, латынша аттарын барлық оқушылармен бірге хормен қайталап шығады.
H, O, Na, K, Mg, Zn, Ag, Au, Pb, Hg, P, Fe, C, S,...

ІІ. Өткен сабақты қайталау
Оқушылар өзін - өзі бағалайды
Оларды үш топқа бөлеміз.
Тапсырмаларды 5 балдық жүйеде бағалайды.
Ітапсырма
Химиялық диктант
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жаз.
1).... – суда ерігенде немесе балқығанда оң және теріс
иондарға бөлінетін заттар.
2) Иондар дегеніміз –... бөлшектер.
3) Диссоциациялану дәрежесі..... әріпімен белгіленеді.
4) Күкірт қышқылы... сатыда диссоциацияланады.
5)..... – сулы ерітіндіде диссоциацияланғанда катион
ретінде тек сутек катионын бөліп шығаратын заттар.

ІІ тапсырма
1. «Тұздардың, негіздердің және қышқылдардың суда ерігіштігі» кестесін пайдаланып, берілген кестеге мына заттардың формулаларын бөліп жазыңдар:
CuO, Cu(OH) 2, Ca(OH) 2, H2SO4, K2SO4, BaSO4, AgNO3, AgCl, FeCl3, PbCO3.
ІІІ. Зерттеу
Оқушылар 3 топқа бөлініп
тапсырма орындайды
“Миға шабуыл стратегиясы”
Реакция жасау барысында заттар тұнбаға түсіп, газ бөлінетінін, кей жағдайда әлсіз электролит түзілетінін білесіңдер ол неге деп ойлайсыздар?

Зерттеу тапсырмалары
1. Неліктен сынауыққа калий хлоридін құйып, үстіне натрий сульфатын қосқанда тәжірибеде ешқандай өзгеріс байқалмайды, реакция теңдеуін жазып түсіндір?
2. Натрий сульфаты бар сынауыққа барий хлоридін қоссақ неліктен ақ тұнба түзіледі, ол қандай зат?
3. Натрий сульфиді ерітіндісіне тұз қышқылын құйғанда неге шіріген жұмыртқаның исі білінеді?
Сергіту сәті:
Оқушыларға анион, катиондар эмблемаға жазылып беріледі, оқушылар иондар рөлінде
ретсіз қозғалыста жүреді. Музыка біткеннен кейін бірінің бірі жұбын тауып, түзілген ерітіндінің формуласын құрастырады, атайды. Соңында екі ерітіндінің қосылу нәтижесінде жаңа рекацияның түрі құрылады, иондар арасында жүретін ол қандай реакция?

Ион алмасу реакциялары. жүктеу
4 586
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Альдегидтердің физикалық және химиялық қасиеттері
Альдегидтердің физикалық және химиялық қасиеттері
Балтабай орта мектебінің химия - биология пәні мұғалімі Мухамедилова Айгүл Мухаметқалиқызы
Орын басу және алмасу реакциялары
Орын басу және алмасу реакциялары
БҚО, Ақжайық ауданы, Мерген орта жалпы білім беретін мектебінің химия пәніні мұғалімі Султангалиева Күміс
Ион алмасу реакциялары
Ион алмасу реакциялары
Ақтөбе облысы, №3 Хромтау орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Мусина Гүлжанат Абдісадыққызы
Кембридж бағдарламасы бойынша өткізген химия пәнінен сабақ жоспары
Кембридж бағдарламасы бойынша өткізген химия пәнінен сабақ жоспары
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №41 жаратылыстану - математика бағытындағы мектеп – лицейінің химия пәні мұғалімі Мукатаева Лиза Сансызбаевна
Тұздар гидролизі
Тұздар гидролизі
Семей қаласы, "Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп"КММ - де химия пәні мұғалімі Кәмелбекқызы Гүлдар
Ион алмасу реакциялары және олардың жүру шарттары
Ион алмасу реакциялары және олардың жүру шарттары
Қызылорда қаласы, К. Маркс атындағы №6 орта мектебінің химия пәні мұғалімі Оргараева Галина Алыбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×