Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Валенттілік. Химиялық формулалар. Қосылыстардың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептеу

02 ақпан 2018, Жұма
Категориясы: Химия
7 сынып
Сабақ тақырыбы: Валенттілік. Химиялық формулалар. Қосылыстардың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептеу.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты / оқу бағдарламасына сілтеме / 7. 1. 2. 15 – элементтердің атауларын, валенттілікті және олардың қосылыстардағы атомдық қатынастарын қолдана отырып, биэлементті химиялық қосылыстардың формулаларын дұрыс құра білу;
7. 1. 2. 16 – химиялық қосылыстың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық / формулалық массасын есептеу;
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар үйренеді:
Валенттілік, химиялық формула, салыстырмалы молекулалық масса деген ұғымдардың анықтамасын біледі және мысал келтіріп айта алады.
Оқушылардың көбісі үйренеді: Химиялық қосылыстардың формулаларын құрастыруды үйренеді, химиялық қосылыстың формуласы бойынша оның салыстырмалы массасын есептеп шығаруға дағдыланады.
Кейбір оқушылар үйренеді: Химиялық формулаларды қолданып, уш және одан да көп атом түрінен тұратын заттардың салыстырмалы молекулалық массасын есептеп шығарады.
Бағалау критерийі
1. Элементтердің атаулары мен олардың қосылыстардағы атомдық қатынастарын қолданып, бинарлы химиялық қосылыстардың формулаларын анықтайды.
2. Зат формуласын дұрыс жаза біледі
3. Қосылыстың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептей алады.
Тілдік мақсаттар Пәнге қатысты лексика мен терминология
Химиялық формула, индекс, коэффициент, с. а. м. – терминдерімен танысады, біледі.
Оқытудың тілдік мақсаты:
Айтылым: Химиялық формула, валенттілік, салыстырмалы молекулалық масса дегеніміз не? – сұрақтарға ауызша жауап береді.
Тыңдалым: есептер жинағын пайдалана отырып, қосылыстар соның ішінде оксидтердің с. а. м. анықтау үшін оқушылар бір - біріне түсіндірді, тыңдайды.
Оқылым: оқулықпен жұмыс жасайды, мәтінді оқиды.
Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы
Химиялық формула – заттың құрамын.......... және... арқылы шартты түрде жазу.

Сабақтың басы
Ұйымдастыру шаралары
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
Психологиялық ахуал. Оқушыларға смайликтер үлестіріледі.
Оқушылар көңіл - күйлеріне сай смайликті көтереді.
Бүгінгі сабақ барысындағы жақсы көңіл - күйімізбен кірісеміз.
Сынып оқушыларын топқа бөлу. Топқа бөлу үшін «Дорба» әдісін пайдаланамын. Дорбаның ішінде «Валенттілік», «Химиялық формула», «Салыстырмалы молекулалық масса» сөздер жазылған парақшалар болады.
Оқушылар бір - бірден келіп парақшаларды алып, топтарға бөлінеді. Нәтижесінде үш топ болады.
Әрбір адам – туысым, досым, жұрағат,
Әрбір сабақ – үйрену, ұғу, ұлағат,
Әрбір ісім – тіршілік, тірек, адамдық,
Әрбір сөзім – шындық, бірлік, адалдық деп сабағымыз басталады.

Т/Ж. №1 тапсырма
«Сұрақтар жаңбыры» әдісі

Үйге берілген тақырып бойынша әр топтар параққа сұрақ жазып, бір - біріне лақтырады. Алған сұраққа жауабын жазып, кері лақтырады. Жауабы тексереді.
Кері байланыс: қол шапалақ және мұғалімнің қолдауы.

Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің
«Семенов орта мектебі» ММ
Мұғалімнің аты - жөні: Бахатова Тенгуль Камиевна

Валенттілік. Химиялық формулалар. Қосылыстардың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептеу. жүктеу
4 966
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Химиялық формула бойынша есептеулер
Химиялық формула бойынша есептеулер
Заттың Мr, күрделі зат құрамындағы элементтің массалық үлесін табуды есептер шығара отырып үйрету және логикалық ойларын дамыту. Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 10 сынып
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 10 сынып
Химияның бастапқы ұғымдарын, бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын, химиялық қасиеттерін қайталау; Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын анықтай білу.
Орын басу және алмасу реакциялары
Орын басу және алмасу реакциялары
БҚО, Ақжайық ауданы, Мерген орта жалпы білім беретін мектебінің химия пәніні мұғалімі Султангалиева Күміс
Химиядан сабақ топтамасы
Химиядан сабақ топтамасы
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, М.Ломоносов атындағы орта мектебінің жоғары санатты химия пәні мұғалімі Әменова Сәуле Тұрсынханқызы
Химиялық  реакция теңдеулері бойынша есептеулер
Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер
Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер
Химиялық формулалар бойынша есептеулер
Химиялық формулалар бойынша есептеулер
Семей қаласы, Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептің химия пәні мұғалімі: Зейтова Аяулым Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×