Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білімді мыңды жығар химия кеші

04 наурыз 2018, Жексенбі
Категориясы: Химия
«Білімді мыңды жығар» химия кеші
Мақсаты:
1. Оқушылардың теориялық білімдерін тексеру, олардың пәнді игеруге деген қажеттіліктерін туғызу, ынтасын арттыру.
2. Химия ғылымының қоғамдағы космосты игеру, атом энергиясын бейбітшілік мақсатта қолдану, жасанды заттарды синтездеу, ауыл шаруашылығы өнімдерін арттыру, жаңа энергия көздерін табу, табиғи шикізат көздерін игеру, тұрмыста, медицинада т. б жерлерде қолданылатын химия өнімдерінің маңызын оқыту.
3. Химия пәнінің қажеттілігі мен өзектілігін, маңызын айтып, оқушылардың химиялық білімдерін дамыту.

Сайыстың кезеңдері:
1. Сәлемдесу
2. «Біліміңді сына» сұрақ - жауап
3. «Кім жылдам?» жылдамдық сайысы
4. Жарнама «Химия айналамызда»
5. Топ басшыларының сайысы
6. Қорытынды

Химия кеші «Мектебім» әнімен ашылады.
1. Мектебім – білім ордасы - ай, 2. Мектебім білім кемесі – ай,
Балалар білім алған – ай. Мектебім орда киелі – ай.
Арнаймыз әнімізді – ай, Әртүрлі ғылым саласын
Шәкірттер білім алған - ай. Оқытып тәрбиелейді.
Мектебім жайнап тұрған – ай, Сүйікті ұстаздарым – ай,
Жастары сауық құрған – ай. Ақылды ұстаздарым – ай.
Білімді бізге үйретер Қуантсын оқушыларың
Ұстаздар аман болың - ай. Шетінен болып дарынды - ай
Қайырмасы: Жайнаған сәнімсің,
Айтатын әнімсің.
Мектебім сүйікті
Қаламның сәнісің.
Мектебім менің
Мектебім менің
Сүйікті мекенім.

І бастаушы: - Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар, жиналған қауым!
ІІ бастаушы: - Сәлеметсіздер ме, қымбатты сайысқа қатысушылар!
І бастаушы: - Бүгін сіздер мектебіміздегі химия - биология апталығының аясында өтіп жатқан
«Химия айналамызда» кешінің куәсі болмақсыздар.
ІІ бастаушы: Бұл кеште мектебіміздің 9 сынып оқушыларынан құралған 4 топ өз білімдерін сарапқа салып, бақтарын сынамақшы. Ендеше сайыскерлерді шақыруға рұқсат етіңіздер.
І бастаушы: 9 а сыныбының _____ тобы
ІІ бастаушы: 9 ә сыныбының______ тобы
І бастаушы: 9 б сыныбының_____ тобы
ІІ бастаушы: 9 в сыныбының ____тобы
І бастаушы: Әр топтың сайысқа қатысатын кезегін анықтау үшін нөмір суыруларыңыз сұралады. (нөмір суырып болғаннан кейін сол рет бойынша тұрғызылады.)
ІІ бастаушы: Сайыстың әділ бағасын беріп, сайыскерлерімізді бағалайтын қазылар алқасымен таныс болыңыздар
1. _________
2. ____________
3. _______________
І бастаушы: Сәлем беріп отырған жалпыңызға,
Беріктігін білдіріп салтымызға.
Жеңіс деген біздерге сол емес пе,
Үлгі, өнеге қалдырсақ артымызға.
ІІ бастаушы: Жоқ ешкімнің шатасы,
Үлкендердің батасы.
Топ басшысы таныстыр
Сәлем - сөздің атасы.
Бүгінгі сайыстың бірінші кезеңі Сәлемдесу
І бастаушы: Химия ғылымдардың бұл төресі,
Оза алмайды жарыста тар өресі.
Біліміңді көрсетер кезің келді
Басталмақшы кезеңіміз келесі
Сайыстың екінші кезеңі «Біліміңді сына. Бұл кезеңде әр топқа сұрақ қойылып, жауап сұралады.
ІІ бастаушы: Тыңайтқыш молайған соң ауылымда,
Дән өсті туған өлке сауырында
Ішсең ас, кисең киім, үй жиһазы,
Химия дәру болған болған сауығуға.
Жарыстың үшінші кезеңі «Кім жылдам?» Бұл кезеңде әр топтың оқушылары берілген тапсырма бойынша жауаптарын іздеп табады. Тапсырмалар сандық және сапалық есептер түрінде болады. Ойынды барлық топ бір мезгілде бастап, бірге аяқтайды. Бәріне ортақ 5 минут беріледі. (Берілген торкөздер бөлек - бөлек қиылып, оқушыларға араласқан күйде беріледі, олар жұптастыру керек)

Білімді мыңды жығар химия кеші жүктеу
3 169
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Биология, химия және информатика пәндері бойынша күнтізбелік тақырыптық оқу жоспары.
Биология, химия және информатика пәндері бойынша күнтізбелік тақырыптық оқу жоспары.
Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың химия, биология, информатика пәндеріне деген қызығушылығын арттыру. Сабақтар: биология, химия, информатика
Химия пәнінен сөзжұмбақ
Химия пәнінен сөзжұмбақ
1. 1. Көмір қышқылының тұзы 2. Фосфор қышқылының тұзы
Химиядан сабақ жоспары 11 сынып
Химиядан сабақ жоспары 11 сынып
Органикалық химия пәні туралы білімдерін жетілдіру, органикалық заттардың ерекшеліктерімен таныстыру, органикалық химияның ғылым ретінде пайда болуы, органикалық химияның қазіргі замандағы маңызы
Химия – заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы
Химия – заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы
Химия – заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы. Химия ғылымының пайда болуы, дамуы және маңызы туралы қысқаша тарихи мәліметтер. ТҚ ережесі бойынша кіріспе.
Химия кешені
Химия кешені
Нұртас Оңдасынов атындағы Түркістан аймақтық «Дарын» мектеп-интернатының география пәні мұғалімі Сержанов Фархад
Тұздардың жіктелуі. Алынуы. Химиялық қасиеттері. Қолданылуы
Тұздардың жіктелуі. Алынуы. Химиялық қасиеттері. Қолданылуы
Тұздар туралы алған білімдерін толықтыру. Оқушылардың тұздар туралы білімдерін тиянақтау. Тұздардың жіктелуі, құрылымдық формуласын жаза білуге, алыну жолдары мен химиялық қасиеттері туралы түсінік беру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×