Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сарамандық жұмыс, «Көмірсулар, спирттер, альдегидтер, карбон қышқылдары мен көмірсутектер арасындағы генетикалық байланыстар»

18 маусым 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Химия
Сарамандық жұмыс №3
«Көмірсулар, спирттер, альдегидтер, карбон қышқылдары мен көмірсутектер арасындағы генетикалық байланыстар» тақырыбы бойынша эксперименттік есептерді шешу

Органикалық заттарды алу және анықтауға арналған эксперименттік есептерді шешу.
Жұмыстың мақсаты: Оқушылардың органикалық заттарды алу және анықтау туралы теориялық білімдерін бекіту.
Жұмысқа қажетті құралдар мен реактивтер: Сынауықтар, спиртшам, сынауық ұстатқыш, стақан, кристаллизатор, машина майы, өсімдік майы, глицерин, сірке альдегиді, глюкоза ерітінділері, этил спирті, қант, картоп, ақ нан, піскен алма, сабын, крахмал ерітінділері, натрий түйіршігі, күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісі, мыс гидроксиді, күкірт қышқылы.

Жұмыстағы тапсырмалар оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін қорытындылау мақсатында органикалық қосылыстарды, олардың өкілдерін анықтауға негізделген. Оқушылар альдегид, глюкоза, глицерин, крахмалды өздеріне тән сапалық реакция арқылы анықтайды. Сабынды анықтағанда сабын ерітіндісіне бірнеше тамшы күкірт қышқылын тамызса, май қышқылының мақта тәрізді үлпілдек тұнбасы түзіледі.

10 гр ұнтақталған қант пен сонша көлемде күкірт қышқылын қосып араластырса, кеуек көмір массасы түзіледі. Оқушылар күкірт қышқылының қант құрамынан суды сіңіріп, оны жартылай тотықтырып, таза көміртегінің бөлініп шыққандығы туралы қорытындыға келеді. Оқушылар машина майы мен өсімдік майын химиялық әдіспен ажырата білуге үйренеді. Оқушылар спирттер, альдегидтер, қышқылдар және күрделі эфир арасындағы генетикалық байланыс туралы іс жүзінде дәлелдеп көрсетеді.

Сарамандық жұмыс, «Көмірсулар, спирттер, альдегидтер, карбон қышқылдары мен көмірсутектер арасындағы генетикалық байланыстар». жүктеу
2 767
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сарамандық жұмыс, Оттекті органикалық қосылыстарға сапалық реакция тақырыбы бойынша эксперименттік есептерді шешу
Сарамандық жұмыс, Оттекті органикалық қосылыстарға сапалық реакция тақырыбы бойынша эксперименттік есептерді шешу
қанықпаған көмірсутектердің, үлкен молекулалық қосылыстардың, мұнай өнімдерінің, спирттердің, карбон қышқылдарының өкілдерңн анықтау барысында оқушылардың білімдерін жүйелеп, таным - ой әрекеттерін, икемділіктерін дамыту.
Сарамандық жұмыс, Этилен алу және қасиеттері
Сарамандық жұмыс, Этилен алу және қасиеттері
Этиленнің зертханалық алыну әдісімен және органикалық заттармен таныстыру. Этиленнің физикалық, химиялық қасиеттеріндегі ерекшеліктерге байланысты жұмыс жасаған кезде сақтық ережелерін пайдалана білу икемділіктерін бекіту.
Сарамандық жұмыс. Органикалық зат құрамындағы көміртекті және сутекті сапалық жолмен анықтау.
Сарамандық жұмыс. Органикалық зат құрамындағы көміртекті және сутекті сапалық жолмен анықтау.
Органикалық заттың көміртегі мен сутегінен тұратынын іс жүзінде анықтау.
Химиядан сабақ жоспары 11 сынып
Химиядан сабақ жоспары 11 сынып
Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясы.
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 11 сынып
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 11 сынып
Альдегидтердің классификациясы, номенклатурасы, изомериясы, карбониль тобының құрылысы, олардың алынуы туралы білімді қалыптастыру;
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 11 сынып
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 11 сынып
Көмірсутектер туындысы – спирттер туралы білімді қалыптастыру спирттер қасиетіне функционалдық топтардың әсерін түсіндіру құрылысы, қорытынды жасай білу, спирттердің физикалық қасиетіне сутектік байланыстың әсерін түсіндіре білу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×