Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Заттардың ерігіштігі

30 желтоқсан 2020, Сәрсенбі
Категориясы: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3C Ерітінділер мен ерігіштік  Мектеп: Нұр-Сұлтан қаласы,
 53 мектеп-лицей МКМ
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Химия және биология пән мұғалімі: Князова А.К.
Сынып:   «Ә»Қатысқандар саны: 25
Қатыспағандар саны: 
Сабақ тақырыбыЗаттардың ерігіштігі. №4 Практикалық жұмыс. «Қатты заттардың ерігіштігіне температураның әсері»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)- Ерігіштікке температураның әсерін білу және түсіну;
- Қыздыру техникасын қолдана отырып, қатты тардың 50 г судағы ерігіштігін практикалық жұмыс арқылы анықтап , алынған нәтижелерді анықтамалық мәндермен қорытындылап салыстырып түсіндыру.
Сабақ мақсаттары
  • Қаныққан, қанықпаған ерітінді ұғымдарын біледі;
  • Ерігіштікке температураның әсерін біліп, түсінеді;
  • Кейбір тұздардың суда ерігіштік графигімен жұмыс жасай алады.
Бағалау критерийлері
  • ерітіндіде еріткіш пен еріген заттың рөлін анықтай алса;
  • ерігіштік ұғымын түсінсе;
  • ерігіштікке температураның әсерін білсе;
  • қаныққан және қанықпаған ерітінділердің айырмашылығын білсе;
  • ü  күнделікті өмірде кездесіп жүрген түрлі ерітінділерді мысалға келтіре алса.
Тілдік мақсаттар
Оқушылар орындай алады:
- тақырып бойынша дұрыс лексиканы пайдалану және аса қаныққан ерітіндіде кристалдың өсу процесін ауызша сипаттай білу
Пәнге қатысты лексика және терминология:
сулы, сусыз, еритін, ерімейтін, қаныққан, аса қаныққан
еріген зат, еріткіш, ерітінді, кристалл
кептіріп буландыру, ерігіштік, кристалдану, геометриялық
кристалды енгізу, салу, өсіру
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
Алдымен біз концентрленген ерітінді жасаймыз.
Содан кейін біз өсірмекші кристалымызды ерітіндіге саламыз.
Осы сәтте  кристалл өскенге дейін
x (сағат, күннен) кейін кристалл есе үлкен болады.
Құндылықтарды дарытуАшықтық, өмір бойы оқу, жауапкершілік
Пәнаралық байланысФизика пәнімен байланыс
Бастапқы білім Бұл тарау 5-сыныпта «Жаратылыстану» пәні бойынша алынған білімі мен түсінігіне негізделген. Оқушылар барлық заттардың бірдей дәрежеде ерімейтіндігін түсінулері және заттардың ерігіштігі еріткішке де байланысты болатындығын түсінулері керек. Оқушылар қаныққан ерітінді мен ерітіндінің кристалдануы туралы түсінікке ие болулары керек. 
Сабақбарысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдеріСабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Ұйымдастыру
2 минут
Сәлемдесу. Жағымды атмосфера қалыптастыру. Оқушыларға сәттілік!
Білімді жаңғырту
7 минут
5 минут
15 минут
10 минут
Рефлексия 
2 минут
Үйге тапсырма
1 минут
Өтілген тақырыптарды еске түсіріп, қайталап сұрау барысында сынып оқушылары топқа бөлінеді.  Quizlet.Live ойыны арқылы топқа бөлініп, ерітінділер тақырыбы сұрақтарына жауап береді.
1.Ерітінді дегеніміз не?
2.Ерігіштік дегеніміз не?
3.Қаныққан ерітінді дегеніміз не?
4.Қанықпаған ерітінді дегеніміз не?
5.Аса қаныққан ерітінді дегеніміз не?
6.Еріткіш деген не?
Қатты заттардың ерігіштігіне байланысты видео көрсетіліммен және практикалық жұмысты жасауды 
 
мұғалім түсіндіреді.
Топтық жұмыс: 
Конфуций ілімі: 
Маған айтып берсең ұмытып қаламын,
Көрсетсең есте сақтармын,
Ал өзіме жасатсаң үйренемін
Топқа бөлінген оқушылар практикалық жұмысты жасайды. 
І топ оқушылары Магний сульфаты тұзының суда ерігіштігін және тұздың суда еруіне температураның әсерін анықтап қисық сызықты түсіндіреді.
ІІ топ оқушылары мыс сульфаты тұзының суда ерігіштігін және тұздың суда еруіне температураның әсерін анықтап қисық сызықты түсіндіреді.
ІІІ топ оқушылары калий хроматы тұзының суда ерігіштігін және тұздың суда еруіне температураның әсерін анықтап қисық сызықты түсіндіреді. 
ІV топ оқушылары калий дихромат тұзының суда ерігіштігін және тұздың суда еруіне температураның әсерін анықтап қисық сызықты түсіндіреді.
Қалыптастырушы бағалау «Басбармақ»  әдісі арқылы бағаланып отырады.
Оқушылар топпен «SWOT-анализ» жасайды. 
S (strengths-пайдалы жағы)
W (weaknees-әлсіз жағы) 
O (opportunities-мүмкіндігі)
T (threats-қауып- қатер)                 
Топ оқушылары бір - біріне тұздардың ерігіштік қисық сызығына «SWOT-анализ» жасайды.
  • «Нені үйрендім» KWL әдісі
K-What I know Мен білемін. 
W-What I Want to know  Білгім келеді.
L-What I learned  Нені үйрендім.
1. Төмендегі кестеде берілген температурада 100 г судағы алюминий калий ашудас тұзының (KAl(SO4)·12H2O) ерігіштігі туралы мәлімет берілген.
t, о С0102030405060708090100
Тұздың массасы, г3,04,05,98,411,717,024,840,071,0109110
а) Осы кесте бойынша «ерігіштік-температура» координаталарына  алюминий калий ашудас тұзының ерігіштік қисығын сызыныз.
Quizlet.Live
BilimLand.kz
Таратпа қағаздар
SPARKvue
PASKO
Таратпа қағаздар
1-қосымша
Қосымша ақпарат
Дифференциация – көбірек қолдау көрсету үшін сіз не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай күрделі тапсырма бересіз?     Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?       Пәнаралық байланыс 
      Қауіпсіздік ережелері 
  АКТ
        Құндылықтар
Бұл сабақта дифференциация жиі қолданылып тұрады. Үлгерімі төмен оқушылар көмек парақтарын алады, ал аса қабілетті оқушыларға мұғаліммен метакогнитивті сұрақ-жауап пайдалануы арқылы өз түсінігін кеңейту ұсынылады.Бұл сабақта бағалау үшін көп мүмкіндіктер бар. Бағалау мұнда көбінесе формальды емес: оқытушы оқушыларға мұқият сұрақтар қойып, үлгерімі жоғары оқушыларға  жоғары деңгейлі сұрақтарды қою арқылы, жеке оқушылардың қабілетін байқауға болады.  Бағалауға және дифференциация қолдануға қолайлы сәттер  курсивпен ерекшеленген.
Рефлексия
Сабақ мақсаты/зерттеу мақсаты дұрыс қойылды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқу атмосферасы қандай болды? Мен жоспарлаған дифференциация жақсы жұмыс істеді ме? Уақытты тиімді пайдалана алдым ба? Менің жоспарым бойынша қандай өзгерістер болды және неге?
Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз. 

Қысқаша бағалау
Қандай екі зат барынша жақсы болды (сабақ беру мен игеруді қарастыру)?
1:
2:
Қандай екі зат сабақты жақсартты (сабақ беру мен игеруді қарастыру)?
1: 
2
Менің келесі сабағым өтетін сынып пен жеке тұлғаларға қатысты осы сабақта мен не игердім?

Сабақтың толық нұсқасын жүктеу
7 200
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дүниежүзі  мұхит  суларының  қасиеттері
Дүниежүзі мұхит суларының қасиеттері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) Мұхит суының қасиеттеріне әсер ететін факторларды анықтайды
Әдеби шығарманың жанрын анықтау
Әдеби шығарманың жанрын анықтау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 3. 2. 4. 1. Өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерешеліктерін анықтау Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар Өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіме - нің
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР химия 8 сынып
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР химия 8 сынып
Әдістемелік ұсыныстар 8 - сынып «Химия» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Қазақтың қадірлі қызы
Қазақтың қадірлі қызы
Мәтіндегі негізгі ойды түсінеді, қосымша ақпаратты анықтай алады, мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап бере алады, мәтін құрылымын сақтайды, құрылымына сәйкес жоспар құрай алады.
Су – табиғи әмбебап еріткіш.
Су – табиғи әмбебап еріткіш.
Су - еріткіш. Көптеген заттар суда еріп, ерітінді түзеді. Ерітінділер дегеніміз - еріткіш пен еріген зат бөлшектерінен тұратын және өзара бір - бірімен физикалық - химиялық әсерлесетін жүйе. Іс жүзінде көргеніміздей заттардың барлығы дерлік суда
Металдар мен ерітінділердің электрөткізгіштігі
Металдар мен ерітінділердің электрөткізгіштігі
Химия ғылымындағы «электролиттер» мен «бейэлектролиттер» және физика ғылымындағы «әртүрлі ортадағы электр тоғы» ұғымдарын қалыптастырып, жалпы сұйық және қатты өткізгіштердің электр тоғын өткізу үдерісін химиялық жағынан қарастыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×