Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Металдар мен ерітінділердің электрөткізгіштігі

16 сәуір 2015, Бейсенбі
Категориясы: Химия
Металдар мен ерітінділердің электрөткізгіштігі. (слайд №1)
ХИМИЯ 10 сынып
Ашық сабақ
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Химия ғылымындағы «электролиттер» мен «бейэлектролиттер» және физика ғылымындағы «әртүрлі ортадағы электр тоғы» ұғымдарын қалыптастырып, жалпы сұйық және қатты өткізгіштердің электр тоғын өткізу үдерісін химиялық жағынан қарастыру. Электролиттік диссоциацияның мәнін ашу. Оқушылардың физикалық өлшегіш приборлармен жұмыс істеуді қабілетін қалыптастыру. Жалпы айтқанда химия және физика пәндерінің байланысын көрсету.
Дамытушылық: Есте сақтау, сөйлеу мәнерін, әр түрлі жағдайларда білімін қолдану арқылы оқушылардың өзіндік ойлау деңгейін дамыту; Оқушылардың физикалық өлшегіш приборлармен жұмыс істеудегі техникалық машығын қалыптастыру, ерітінді және балқыма электролиздеріне байланысты есепті шығара білу. Химиялық және физикалық ұғымдарды бір - бірінен ажырату арқылы оқушылардың логикалық ойларын дамыту.
Тәрбиелік: Химия мен физика пәндерінің қоғам өміріндегі рөлін көрсете білуді, ғылыми көзқарасты қалыптастыру, өз бетімен жұмыс жасауға, ұжымдық жұмысқа, жауапкершілікке, ұстаздарың еңбегін қадірлеуге тәрбиелеу. (слайд №3)
Сабақтың түрі: Химия және физиканың кіріктірілген сабағы.
Пәнаралық байланыс: Физика, химия, математика т. б.
Оқыту әдісі: жұптық, топтық ізденіс жұмысы, сұрақ - жауап т. б. (слайд №4)
Реактивтер және құрал жабдықтар: күкірт қышқылының, натрий гидроксидінің, натрий хлоридінің, қанттың, мыс сульфатының, сірке қышқылының ерітінділері және; мыс, темір, алюминий, нихром сымдары; қатты күйдегі натрий гидроксиді және хлориді, спирт, бензол, глицерин; ерітінділердің электр өткізгіштігін тексеретін құрал; «Ерітінділердің электр өткізгіштігі», «Кристалдық тор типтері», «Тұздардың қышқылдардың және негіздердің ерігіштігі» кестелері. эксперименттік есептерді шығаруға арналған реактивтер тобы және құралдар. «Тұздардың, қышқылдардың, негіздердің суда ерігіштігі», «Иондық және ковалентті полюсті байланысы бар қосылыстардың еруі және электролиттік диссоциация сызбасы», кестелері, «Иондардың гидротациясы», натрий хлоридінің кристалдық торының моделі, амперметр, вольтметр, тоқ көзі, кілт, электролиттік ванна.

Сабақ жоспары (слайд №5)
I. Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі (8 мин)
1) «Ой қозғау» (Сұрақ - жауап) (3 мин)
2) «Қызығушылықты ояту» (карточкамен жұмыс) (2 мин)
3) «Ой қорыту» Әртүрлі ортадағы электрөткізгіштік (тірек - сызба) (3 мин)
III. Жаңа сабақты меңгеру (химия) (5 мин)
1. Топтық жұмыс, эксперименттік тапсырма (10 мин)
IV. Бекіту кезеңі (5 мин.)
V. Қорытындылау (5 мин.)
VI. Рефлексия (1 мин.)
VII. Үй тапсырмасы (1 мин.)
VIII. Бағалау. (1 мин.)

Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі. (2 минут). Сәләмәтсіз бе балалар! Отырыңдар! Сабақта жоқ оқушылар? Балалар бүгінгі біздің сабағымыз ерекше, дәстүрлі емес, екі пәннің кіріктірілген, үш топқа бөлініп, жұмыс жүргіземіз. Топтарымыздың атары: (слайд №6)
1 - топ. Металдар.
2 - топ. Қышқылдар.
3 - топ. Сілтілер.
Енді біздің сабағымыздың барысында әр топ басшысы алдарына берілген бағалау парағы бойынша бүгінгі сабақты бағалайды.

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: (слайд №7)
1) «Ой қозғау» (Сұрақ - жауап) (3 мин.)
1 - топ. Металдар. (слайд № 7)
1. Адам алақанында балқитын металл? (Цезий)
2. Қанның құрамына кіретін металл? (Темір)
3. Чернышевский қандай металды «Социализм металы» деп атады? (Алюминий)
4. Тыңайтқыш ретінде қолданылатын сілтілік металл? (Калий)
5. Дұрыс пайдалансаң емдейді, ал бұрыс пайдалансаң мүгедек етеді? (Күшән)

2 - топ. Қышқылдар. (слайд №8)
1. Өнеркәсіптің негізгі металы? (Темір)
2. Сүйекті қаптайтын элемент? (Кальций)
3. Металдар мен олардың құрамаларының айналадағы ортаның әсерінен бүлінуі. (Коррозия)
4. Германиядағы облыс атауымен аталатын элемент? (Германий)
5. Франция елінің атауындағы элемент? (Франций)

3 - топ. Сілтілер. (слайд № 9)
1. Америка Құрама штаттарының бірінің атауындағы элемент? (Калифорний)
2. Ең қиын балқитын элемент? (Вольфрам)
3. Дүние бөлігінің атымен аталатын элемент? (Европий)
4. Қару - жарақ жасайтын элемент? (темір)
5. Ең сүйық металл? (сынап)

2. Қызығушылықты ояту (карточкамен жұмыс) (2 мин.) (слайд №10)
Әрбір топқа вариант бойынша (таратпа карточкалар – тапсырмалармен) таратылады. Оқушылар өз - өздерін тексереді. Жауап кілті тақтаға ілінеді.

Карточка - тапсырма.
1 - топ. Металдар.
1. Тоқ күшін өлшейтін прибор.... деп аталады.
2. Егер де зарядтар бір аттас болса, онда иондар бір - бірінен.....
3. Бос зарядтары жоқ бөлшектер..... аталады.
4. Металдар периодтық жүйенің диагональ сызықтың..... бөлігінде орналасқан.
5. Заттардың ерігіштігі жылудың..... немесе..... жүреді.

2 - топ. Қышқылдар.
1. 1 немесе 2 электрон қабылдаған атом...... деп аталады.
2. Бос зарядтары бар бөлшектер..... аталады.
3. Ерітінді.... пен.... тұрады.
4. Қышқылдар дегеніміз...... атомдарынан және....... қалдықтарынан құралған күрделі заттар?
5. Егер де бөлме температурасында 100 г суда 1 г - нан артық зат ерісе, онда осы зат..... деп аталады.

3 - топ. Сілтілер.
1. 1 немесе 2 электрон жоғалтқан атом...... деп аталады.
2. Негіздер дегеніміз..... атомдарынан және...... тобынан тұратын күрделі заттар.
3. Оң зарядталған электрод..... деп аталады.
4. Ерігіштік – ол..... құбылыс.
5. Еріген заттың сумен химиялық әрекеттесу барысында...... түзіледі.

Қарағанды қаласы, №68 МИББ кешенінің
физика пәнінің мұғалімі Біләл Дина Төлеуханқызы.
№68 МИББ кешенінің химия пәнінің мұғалімі
Смаилов Даулет Каримжанович

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 462
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Металдардың физикалық және химиялық қасиеттері
Металдардың физикалық және химиялық қасиеттері
Металдардың физикалық, химиялық қасиеттерін ажырата білу және тапсырмаларды уақтылы орындауға үйрету.
Электролиттер және бейэлектролиттер. Электролиттік диссоциация
Электролиттер және бейэлектролиттер. Электролиттік диссоциация
Электролиттер мен бейэлектролиттерді ажырата білу. Электролиттік диссоциация процесінің мәнін ашу
Альдегидтердің физикалық және химиялық қасиеттері
Альдегидтердің физикалық және химиялық қасиеттері
Балтабай орта мектебінің химия - биология пәні мұғалімі Мухамедилова Айгүл Мухаметқалиқызы
Металдар. Металдармен бейметалдардың қасиеттерін салыстыру
Металдар. Металдармен бейметалдардың қасиеттерін салыстыру
Астана Гуманитарлық колледжінің химия мен биология пәні оқытушысы Оразбек Муздальафа Омарқызы
Металдар мен электролиттердегі электр тогы
Металдар мен электролиттердегі электр тогы
Сабақтың тақырыбы: Металдар мен электролит ерітінділеріндегі электр тогы Химия пәні оқытушысы: Т. Досымова Физика пәні оқытушысы: А. Упишева
Натрийдің химиялық қасиеттері және қолданылуы
Натрийдің химиялық қасиеттері және қолданылуы
Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Аралбай ауылы, Жангелдин орта мектебі химия биология пәнінің мұғалімі Естайлақ Ақгүл Абусағитқызы Сынып: 8 химия Сабақтың тақырыбы: §65 Натрийдің химиялық қасиеттері және қолданылуы Сабақтың мақсаты: Білімділік:
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×